banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 17 октября, 2021 | қосқан shalqar | 1 223 рет оқылды

0

 Қазақстан халқының саны қанша болды?

Қазақстан халқының саны 19 млн 42 мың 100 адамды құрады. Бұл туралы  ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде халық саны 19 млн 042 мың 100 адамды құрады. Оның ішінде қалада – 11 млн 287 мың 400 адам (59,3%), ауылда 7 млн 754 мың 700 адам (40,7%) тұрады. 2020 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4% өсті. Әйелдер жалпы халық санының 51,4%, ерлер 48,6% құрайды.

АХАТ органдары ұсынған мәліметке сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 296,5 мың шақалақ дүниеге келген. Бұл, 2020 жылғы қаңтар-тамызға (273,4 мың адам) қарағанда 8,4% көп. Аталған кезеңде елімізде 117,6 мың адам қайтыс болды. Бұл, 2020 жылғы қаңтар-тамызға (93,1 мың адам) қарағанда 6% көп. Биылғы жыл басынан тамыз айына дейін республикада 1 жасқа дейінгі 2345 нәресте шетінеген. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда (2129 шетінеген нәресте) 10,1% көп.

Еске салайық, биылғы 20 маусымда Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Алматы қаласында дүниеге келген болатын.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑