banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 9 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 270 рет оқылды

0

ҚАЗАҚ ТІЛІ – БИЗНЕСТІҢ ТІЛІ БОЛУЫ КЕРЕК

Қазақ тілі бизнес пен қаржының тілі болу керек. Бұл түпкі мақсат. Бұл мақсат­қа сатылай кезең-кезеңімен жетпесе бірден қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін, ең алдымен, қаржылық-бухгалтериялық бағдарламаларды қазақшалау керек. Бұл жоқ дегенде тұрақты саясатпен 4-5 ­жылда шешілетін мәселе. Ол үшін қазақтілді білікті программистерді көптеп дайындауға тиістіміз. Солар арқылы біз «1 С», «Автокад», «АВС» секілді т.б. бағдарламаларды қазақшалауымыз керек. Бизнесті жүргізетін бухгалтерлік, салықтық есептер, эконо­микалық болжамдар, жоба-сметалық құжатнамалар, іс-шара жоспарлары толық қазақшаланбай, қазақ тілі тұғырына қона алмайды. Мұның өзі кезең-кезеңімен, шым-шымдап жасалынатын дүние. Бірақ айналасы 4 жылдың ішінде толық жүзеге асып бітуі тиіс жоба.

Оған дейін елдегі мекеме атаулының барлығындағы ісқағаздарын жүргізу толық қазақшалану керек. Бұйрықтар, хаттар, іс-шара жоспарлары, берілетін есептер толығымен қазақшаға өтуі тиіс. Сонымен қатар сот-процесуалды істер, ішкі-істер протоколдары, медициналық сараптамалар, басқа да актілер тұтасымен қазақшаға өтпей болмайды. Мұның өзі әртүрлі салықтық жеңілдіктермен ынталандырып һәм тиісті әкімшілік айыппұлдармен жазалай отырып, дабырлатпай ың-шыңсыз, тұрақтылықпен жүзеге асуы тиісті процесс деп ойлаймыз. Ал әскери сала бір ғана бұйрықпен шешілетіні белгілі.

 Жәнібек ӘЛІКЕН,

«Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық

қорының төрағасы




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑