banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 11 января, 2022 | қосқан shalqar | 142 рет оқылды

0

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында үндеу жасады

Елдегі кедейлікті төмендету үшін нақты шаралар қабылдап, халықтың табысын арттыруды қамтамасыз ететін жоба жасауды Тоқаев Мәжіліс отырысы барысында хабарлады.

«Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті  азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі керек. Жұмысқа мұқтаж жандардың нақты санын анықтау қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Президент тапсырмасына сәйкес, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға баса назар аудару қажет.

«Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері мен білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Жастар қарапайым жұмыс жасау арқылы өмір сүреді. Кейбіреулер табыс таппағандықтан түрлі заң бұзушылықтарға баруы мүмкін.

Үкіметке «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен сыйақы мөлшерін арттыруды тапсырамын. Жастар мен халықтың осал топтарының бизнес-бастамаларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті грантты екі есеге арттыру мүмкіндігін пысықтау тапсырылды», – деді Мемлекет басшысы.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑