banner-top12

Керек баған

Уақыты 5 декабря, 2021 | қосқан shalqar | 1 199 рет оқылды

0

Үйіңізге кім тіркелгенін біліп отырасыз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізген болатын.

Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.

«Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі», — дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑