..." /> Әлемдегі ең бай ондық - Шалқар газеті
banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 9 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 282 рет оқылды

0

Әлемдегі ең бай ондық

Біз Қазақстанды пайдалы қазбалары мол,үлкен көлемді , бай мемлекет деп есептейміз. Бірақ, бұл қаншалықты рас? Біздің мақтануымыз орынды ма? Егер де Қазақстанды табиғи ресурстарға бай алғашқы он мемлекеттің де қатарынан көре алмайтындығыңызды айтсақ, мақтаныш билеген көңіліңіз су сепкенде басылуы әбден мүмкін. Біз бүгін ақиқатын анықтау үшін, әлемдегі табиғи ресурстарға бай алғашқы он мемлекеттің тізімін қарастырып көрдік.

  1. Ресей

Ресурстардың жалып құны: $ 75,7 триллион

Мұнай қоры: 60 млрд. баррель ($ 7,08 трлн.)

Табиғи газ қоры: 1,680 трлн. куб фут (19 трлн. доллар)

 Ағаш қоры:1,95 млрд. акр (28,4 трлн. доллар)

Табиғи ресурстар жағына келгенде, Ресей әлемдегі ең бай ел саналады.Ол ағаш пен табиғи газ қоры жөнінен әлем елдерінің көшбасшысы. Дегенмен, оның алып территориясы ресурстарды тасымалдау жағына келгенде, үлкен қиындықтар тудырады. Нақтырақ айтсақ, тасымалдау құны адам айтса нанғысыз шығынға батырады екен.

  1. АҚШ

Ресурстардың жалпы құны: $ 45 триллион

Мұнай қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Табиғи газ қоры: 272,5 млрд. куб метр ($ 3,1 триллион)

Ағаш қоры:750 миллион  акр (10,9 трлн. доллар)

Құрама Штаттарда әлемде барланған көмір қорының 31,2% шоғырланған. Оның құны шамамен 30 трлн. долларға бағаланған. Қазіргі таңда көмір қоры ең құнды пайдалы қазбаға саналады.Ағаш пен көмір штаттардағы жалпы табиғи ресурстардың 89% құрайды. Бұған қоса, АҚШ мыс, алтын мен табиғи газ қоры жөнінен алдыңғы бестіктің қатарынан орын алған.

  1. Сауд Арабиясы

Ресурстардың жалпы құны: $ 34,4 триллион

Мұнай қоры: 266,7 трлн. баррель ($ 31,5 трлн. доллар)

Табиғи газ қоры: 258,5 млрд. куб метр ($ 2,9 триллион)

Ағаш қоры:алғашқы ондыққа кірмейді

Сауд Арабиясы әлемдегі мұнай қорының 20% иелік етеді. Бұл—ең үлкен үлес. барлық пайдалы қазбалар мұнай мен газ болып есептеледі. Корольдік табиғи газ қоры бойынша бесінші орында. Дегенмен, күндердің күні бұл ресурстар да сарқылады. Болжам бойынша, бірнеше ондаған жылдан кейін Сауд Арабиясы бұл тізімнен шығып қалады.

  1. Канада

Ресурстардың жалпы құны: $ 33,2 триллион

Мұнай қоры: 178,1 млрд. баррель ($ 21 трлн. доллар)

Табиғи газ қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Ағаш қоры:775 млн. акр ($ 11,3 трлн.) 

Мұнай қоры анықталмағанда Канаданың бұл тізімде болуы екіталай еді.Мұнайлы құмдар 2009-2010 ж.ж. Канаданың жалпы байлығына 150 млрд. баррель мұнай қосты. Елде фосфаттың айтарлықтай қоры бар. Бұған қоса Канада дәлелденген уран қоры жөнінен 2, ағаш қоры жөніне 3 орынды иеленеді.

  1. Иран

Ресурстардың жалпы құны: $ 27,3 триллион

Мұнай қоры: 136,2 млрд. баррель ($ 16,1 трлн. доллар)

Табиғи газ қоры: 99,1 трлн. куб метр ($ 11,2 трлн.)

Ағаш қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Иран өзіне көршілес Катармен бірге Парсы шығанағындағы алып газ кеніштерінің иесі болып саналады. Елде әлемдегі газ қорының 16% шоғырланған. Бұған қоса,Иран әлемдегі дәлелденген мұна қоры жөнінен үшінші орынға ие. Бұл дүниежүзілік мұнай қорының 10% астамы.Алайда, қазір Иран әлемдік нарықтан оқшаулануына байланысты өз пайдалы қазбаларын тиімді меңгере алмай отыр.

  1. Қытай

Ресурстардың жалпы құны: $ 23 триллион

Мұнай қоры: алғашқы оныдққа кірмейді

Табиғи газ қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Ағаш қоры: 450 млн. акр (6,5 триллион доллар)

Қытайда ресурстардан көмір мен сирек кездесетін минералдар жиі кездеседі. Бұл ел әлемдегі көмір қорының 13% ие.Жуырда ел аумағынан тақтатас газының айтарлықтай қоры табылды. Оның құны бағаланғаннан кейін Қытайдың бай мемлекеттер рейтингісіндегі орны тек қана жақсара бермек.

  1. Бразилия

Ресурстардың жалпы құны: $ 21,8 триллион

Мұнай қоры: алғашқы оныдққа кірмейді

Табиғи газ қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Ағаш қоры: 1,2 млрд. акр (17,5 триллион доллар)

Алтын мен уран қорының мол болуы Бразилияның бұл тізімде болуына көп септігін тигізеді. Бұған қоса, Бразилияда әлемдегі темір рудасының 17% шоғырланған. Алайда, ең құнды байлығы, әрине,ағаш. Мемлекет дүние жүзіндегі ағаш қорының 12,3% ие. Тізімде нақтыланбаған деректер болмас үшін, ал аумағынан жақында табылған мұнай қоры есепке алынбады. Алдын-ала болжам бойынша, жаңа кен орнында 44 млрд. баррел мұнай бар.

  1. Австралия

Ресурстардың жалпы құны: $ 19,9 триллион

Мұнай қоры: алғашқы оныдққа кірмейді

Табиғи газ қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Ағаш қоры: 369 млн. акр ($ 5,3 триллион доллар)

Австралияның байлығы лның алып ормандары,көмір,мыс пен темір кенінде. Жеті түрлі пайдалы қазба қоры бойынша Австралия бұл тізімде үшінші орынға жайғасады. Әлемдегі алтын қорының 14,3% осы елде шоғырлагуы, оны толыққанды алтын державасы деп атауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Жер бетіндегі уранның 46% Австралия аумағында өндіріледі. Бұған қоса, ел өзінің солтүстік жағалауларында газ қорының айтарлықтай қорына қожалық етеді.

  1. Ирак

Ресурстардың жалпы құны: $ 15,9 триллион

Мұнай қоры: 115 млрд. баррель

Табиғи газ қоры: 111,9 трлн. куб фут (1,3 триллион доллар)

Ағаш қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Сіз таң қаларсыз,бірақ территориясы Қазақстаннан әлдеқайда шағын Ирак алғашқы ондыққа енеді екен. Бұл елдің басты байлығы—мұнай. Оның қоры,шамамен, 115 млрд. баррельді құрайды. Өндіру жолы оңай болғандығына қарамастан, саяси себептерге байланысты бұл байлық ел игілігіне жөнді жұмсалмай жатыр.Мұнымен қоса,Ирак $ 1,1 трлн. бағаланған фосфорит қорына ие.

  1. Венесуэла

          

Ресурстардың жалпы құны: $ 14,3 триллион

Мұнай қоры: 99,4 млрд. баррель ($ 11,7 трлн.) 

Табиғи газ қоры: 170,9 куб. футов (1,9 трлн. доллар) 

Ағаш қоры: алғашқы ондыққа кірмейді

Венесуэла мұнай, темір мен газ қоры жөнінен көшбасшы елдердің бірі болып саналады. Оңтүстікамерикалық елдің газ қоры әлемдегі сегізінші  орында. Бұл,шамамен, жер бетіндегі қордың 2,7%-ы. Сонымен қатар,сарапшылар елдегі мұнай қоры әлемдік қордың 7,4% құрайды деп есептейді.

           




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑