banner-top12

Керек баған

Уақыты 3 декабря, 2021 | қосқан shalqar | 993 рет оқылды

0

Әскери билетті жоғалтқан жағдайда қалай қалпына келтіруге болады

Әскери билетті жоғалтып алған жағдайда қалай тез қалпына келтіруге болатынды?. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады. Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың төлнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Қызметтерге онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз. Қызмет тегін. Мерзімі -5-7 жұмыс күні.

Егер әскери билетті  ХҚО арқылы қалпына келтіргіңіз келсе, онда тиісті құжаттарды жинау қажет болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні. ХҚО-ға жүгінген кезде, өзіңізбен бірге 3х4 фотосуретіңіз болуы керек. Сондай-ақ, фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс. Адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы қажет», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑