banner-top12

Ақпараттар ағымы Новое изображение

Қосқан уақыты Қараша 30, 2015 | 898 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«РТРК «Қазақстан» АҚ: жаңа таныстық, жаңа белес


фото_презентация_2  Новое изображение 1
26 қарашада, «Hilton garden Inn Astana» қонақ үйінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ басшылары үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық өнімдерінің таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі

Шара «Қазақстанда жасалған!» тақырыбында ұйымдастырылды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова өз сөзінде, корпорация үшін мемлекеттік ақпаратттық саясатты орындаудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысының 2015 жылдың атаулы күндерін атап өтуге байланысты берілген тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Олар – Қазақ хандығының – 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының жылы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Жеңістің-70 жылдығы және басқалар.
– «Бүгін, біз назарларыңызға 2015-2016 жылғы жаңа маусымдағы өз өнімдерімізді ұсынамыз. Бүгінгі кешіміздің тақырыбын әдейі, арнайылап «Қазақстанда жасалған!» деп атап отырмыз. Біздің үлкен шығармашылық-техникалық тобымыз өткен жылғыдай жаңа маусымда да мемлекетті жан – жақты дамыту бойынша Елбасының берген тапсырмаларын біздің аудиторияға түсіндіріп, жеткізуге күш салып келеді» – деп атап өтті алғашқы, кіріспе сөзінде Корпорация басшысы Нұржан Мұхамеджанова.
Таныстырылым барысында, қонақтарға тек қана, Корпорацияның телеөнімідері ғана ұсынылып қоймай, сонымен қатар, олар «Қазақстанда жасалған!» атты өнімдерімен әзірленген бай дастарханның да құрметті қонағы болды.
Шараға келгендер ыстық ықылас пен достық сезімде болды. Қонақтар өзара әңгімелесіп, кеш жайлы да, көңілді отырысқа ұласты. Корпорацияның басшылығы арнаның медиажұлдыздарымен бірге, келген қонақтарды жылы шыраймен күтіп алды.
Қатысушылар назарына ұзындығы 24 метр болатын кең көлемді Led экран арқылы «Қазақстан», «Kazsport», «Балапан» телеарналарының, сондай-ақ, «Қазақ радиосы», «Classic», «Астана», мен «Шалқар» радиоларының өнімдері қазіргі трендтегі жаңа үлгімен ұсынылды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік медиа-индустрияның тренді болатын барлық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Осы бағыттағы жобалардың барлығы позитивті және жасампаздық сипатта көрермендер мен тыңдармандар назарына ұсынылып келеді. Ал, осы үдеден шығу үшін өндіріске жаңа идея мен тың технологиялар көптеп енгізілуде.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы отандық ақпараттық кеңістікте бірден бір ірі медиақұраушы құрылым екенін еске сала кетейік.
Таныстырылым барысында, Нұржан Мұхамеджанова мемлекеттік ақпараттық саясат аясындағы қолдаулар арқылы құралып, жүйеленген кең көлемді жеке сериалдар тізбегіне ерекше назар аударды.
Жаңа маусымда «Қазақстан» телеарнасының көрермендерін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін қалыптастыру мақсатында түсірілген «Арнайы өкілдер» сериалы мен қазақ халқының біртуар тұлғасы Жамбыл Жабаев туралы баяндалатын «Жамбыл» фильмі, елдегі азаматтардың тең құқығы мен жаңа мүмкіндіктерін насихаттайтын «Аяулы арман», Қазақстанның қазіргі таңдағы мерейлі отбасының өмірін суреттейтін «Алтын ұя» заманауи киноповесті, өмірден алынған шытырман оқиғадан құралған «Шырғалаң» көп сериалы көркем фильмі және басқа да жобалар күтеді.
«Қазақстан» телеарнасы эфиріндегі аудиторияның рейтингтің көрсеткіші бойынша, бүгінде отандық сериалдар шетелдік телесериалдардың алдын орап кетті.
«Барлық құрметті қонақтар мен біздің телекөрермендеріміз, радиотыңдармандарымызға шын жүректен, шынайы сезіммен алғыс білдіргім келеді. Сіздерге әр сәтте қуанышта болып, көтеріңкі көңіл күйде жүріңіздер деген ыстық ықыласымды жеткізгім келеді. Біздің ел үшін, елдің өркендеуі, болашағы үшін жасап жатқан ерен еңбегіміз жұртшылыққа шуақ сыйлап, жақсылыққа жетелей берсін. Барлығымыз, құтты мекеніміз – «Бұл –менің Қазақстанымның!» өркендеуіне үлес қосып жатырмыз»-деді қорытынды сөзінде «Қазақстан» РТРК АҚ» Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова.
Ресми бөлімнен кейін, қонақтар, өзара пікірлесіп, жанды дауыстағы ән мен күмбірлеген күй тыңдап, жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Шараның ең қызықты сәті телеарна жұлдыздарының орындауындағы әндер болды.
Телеарнаның бағдарламалық кестесінен әрбір көрермен өзіне қандай да бір қызық дүниені тауып ала алады. Ал, кешке келген қонақтар, барлық жаңа дүниелер мен тың жобалар туралы ақпаратты алғашқы болып алды. Жақын арада, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының көрермендері мен радиотыңдармандарына да осындай мүмкіндіктер ұсынылады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑