banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_4800

Қосқан уақыты Қараша 22, 2019 | 123 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жастармен өткен тағылымды шаралар

 IMG_4951 IMG_5447 IMG_4720 IMG_4855 IMG_4800 IMG_4228 IMG_7859 IMG-20191009-WA0064

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  ілгерілету жөніндегі ғылыми -ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту», «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету»  жобасы аясында Нархоз, Инновация және жаңа технологиялар  колледжінде  «Рухани жаңғыру» күнін өткізді.  

Жоспарланған шаралар кешеніне Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы, «Қазақ елі» журналының бас редакторы, тарихшы Динчтүрк Шабан Серкан,  ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарырың докторы, теолог, эксперт, Бүкіләлемдік «Ахыска» түрік қауымдастығы Президентінің орынбасары Расим Алиевич Челидзе, Философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ -нің аға оқытушысы, доцент, түркітанушы Қайрат Жаңабай, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Ататүрік» алтын медалінің иегері, профессор Өскенбай Бейсенбайұлы Ташенов, Тарих ғыл.доктопы,профессор, ҚХА ғылыми сараптамалық кеңестің мүшесі, корей мәдени этно-орталықтың  басшысының орынбасары Кан Георгий Васильевич,   этнограф-жазушы Байахмет Жұмабай, ҚХА мүшесі,  Еуразия Инновациялық экономика және Басқару Академиясының президентті, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик, ғалым Айтқали Шоқалиұлы Нұрсейт, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова, «ҚР экономикалық қауымдастықтарының және басқа да нысандағы кооперативтердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті, қоғам белсендісі Казбек Алтайұлы Шайх, қазақ күйлерін орындаушы, әнші Ольга Валерьевна Сағындықова және т.б.  зиялы қауым өкілдері қатысты.

Студенттердің «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған «Ұлы дала өнері» атты көрмесін тамашалаудан бастаған қонақтар, «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» кездесуінен соң, «ҚАЗАҚТАНУ», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийі, Викториналық ойындар, Book dating, Талантты таныту, Буккроссинг, «Цифрлан, трендте бол!» және т.б. шараларды өткізуді жалғастырды.

Колледждер  студенттері барлық шараларға белсенді түрде, қызығушылықпен қатысты. Студенттермен диалогқа құрылған шаралардың қай-қайсысының да жастарға берер тағылымы мол болды.

Шаралар соңында колледж басшылығы қонақтарға студенттер атынан алғысын білдірді.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑