banner-top12

Керек кеңестер CAM00178

Қосқан уақыты Қыркүйек 19, 2014 | 890 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау

Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызмет түрі
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» * (электрондық қызмет)
Қажетті құжаттар:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң (куәлiктерiнiң) көшiрмесi (көшiрмелерi);
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтапшасының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
5) белгiленген үлгiдегi отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) белгiленген үлгiдегi отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер;
7) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑