banner-top12

Ақпараттар ағымы Безымянный

Қосқан уақыты Шілде 21, 2014 | 2  235 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасы талқыланды

 

«Нұр Отанның» XV съезін­де партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың прин­ципті мәселесі ретінде сыбайлас жем­қорлықпен ымырасыз күресудің стра­тегиясын әзірлеуді» тапсырған болатын. «Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының жобасы әзірленді.  Мұнда «Қалың бұқараның қатысуынсыз, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен табанды иммунитеті болмайынша қалаған нәтижеге қол жеткізу әсте мүмкін емес. Бұл іске қоғамның барлық тобы атсалысуы тиіс.» делінген.

Халықтың талқысына ұсынылғандықтан әлі де оңды ұсыныстар мен бастамалар айтылып жатса, қабылдауға әзір екендіктерін білдірген Жоба авторларының пікірін қолдау мақсатында, ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалы «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінде осы бағдарлама жобасын талқылауға арналған басқосу болып өтті.

Жиында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының 2008 жылғы жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының «Нұр Отан» партиясының жаңа «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасынан негізгі айырмашылықтары  жөнінде айтылды.

Жобада бұрын қабылданған заңдарда ескерілмеген тұстардың барлығы да назарға алынған. Елдің ертеңіне қауіп төндіретін, өркениетті қоғамның қалыптасуын тежейтін сыбайластық әрекеттерін күрт төмендетудің тетіктері барынша қарастырылған. Тұңғыш рет сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл үшін мем­ле­кетпен қатар, қоғам мен әр азаматтың жауапкершілігі қамтылып отырғандығы, жемқор­лық­тың кез келген көрінісіне төз­бейтін атмосфера қалыптастыра отырып, жемқорлыққа қарсы қозға­лысқа қоғамның барлық қабатын жұмыл­дыру мәселесінің қамтылғаны оң қабылданды.

Надира Исмаилова, 

Алматы қаласы “Мамандандырылған ХҚКО” инспекторы

 

 

 

 

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑