banner-top12

Ақпараттар ағымы 590x400-20140710_153034

Қосқан уақыты Шілде 15, 2014 | 565 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

2015 жылы Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

2014 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Елшілігі Ашғабатта Қазақстанның Түрікменстанмен екіжақты қарым-қатынастарының ахуалы мен даму перспективалары және еліміздің басымдықтары туралы брифинг өткізді, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Брифинг барысында іс-шараға қатысушыларға есепті тоқсанда ҚР сыртқы саясатында орын алған ірі маңызды оқиғалар туралы баяндалды.

Атап айтқанда, ү.ж. мамырда қабылданған Әлемдік дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспарының тұжырымдамасы, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт, Астана күні, 2017 жылғы Астанадағы EXPO халықаралық мамандырылған көрмесі мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы туралы презентация жасалды.

Екіжақты қарым-қатынастар контекстінде, 2014 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында 60 түрікмен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен Қазақстанда сәтті өткізілген Түрікменстанның мәдениет күндері, 2015 жылы Түрікменстанда өткізуге жоспарланған Қазақстанның мәдениет күндері және ү.ж. 3-4 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан мен Түрікменстанның үкіметаралық комиссиясының VII отырысының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Ендігі кезекте, тараптар жоғарғы деңгейдегі диалогті жалғастыруды, бірқатар маңызды іс-шараларды алдағы уақытта өткізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде – 2014 жылы Түрікменстанда қазақ-түрікмен бизнес форумы мен Қазақстанда қазақ-түрікмен шығармашылық және ғылым интеллигенциясының форумын өткізу.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑