banner-top12

Ақпараттар ағымы радиофестиваль_NEW

Қосқан уақыты Қараша 18, 2014 | 850 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

26 қарашада республикалық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары жарияланады

logo-kazradio 231px-Symbol_of_the_Kazakh_Ministry_of_Defense.svg 1392390166 anounce-1

26 қарашада республикалық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары жарияланады. «Әскери әндер» радиофестивалі – «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақ радиосы» мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен жобасы.
Аталмыш жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы барша қазақстандықтарға «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдап, ұйымдастыруға қатысты тапсырмасы негізінде қолға алынып отыр.
Радиофестивальге барлығы 200-ден астам ән келіп түсті. Нәтижесінде 16 ән гала-концертке жолдама алды. Байқау 26 қарашада Конгресс-холл сарайында үлкен Гала-концертпен аяқталады.

Радиофестивальға Қазақстан аумағындағы әскери бөлімдердің сарбаздары, кәсіби әнші мен әрбір Қазақстан азаматы қатысты. Олар қазақ халқының әскери-рухты әндерін; қазақ композиторларының әскери-патриоттық әндерін әскери оқиғаға негізделген түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, академиялық, эстрадалық) орындады.
Көркемдік кеңестің іріктеуінен өткен әндер «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» ұлттық арнасы эфирлерінен берілуде.
Радиофестивальға қатысуға тілек білдірген үміткерлер шығармаларын қазақ тілінде орындауы шарт болды. Гала-концертке жолдама алған өнерпаздар әнді жанды дауыста орындады. Таңдалып алынған әндер «Қазақ радиосының» «Алтын қорында» сақталады. Іріктелген әндер телеарналарда немесе концерттерде орындалады.
Радиофиестивальді өткізу арқылы қазақтың отансүйгіш, рухты, әскери әндерін кең көлемде насихаттау, қазақ әнін сарбаздарға, қарапайым жандарға орындату арқылы ұлттық музыкалық және әдеби тілді әскерилер мен көпшілік арасында дәріптеу; әскерилердің ұлттық мәдениетке, өнерге деген құрмет сенімін ояту; Қазақ елінің әскери әндерінің сапасы мен санын көбейту мақсаты көзделген.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑