banner-top12

Керек кеңестер no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2014 | 1  850 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Тосап қайнатқанда витаминдерді жойып алмайық

Жемістің құрамында қант (сахароза, глюкоза, фрукто¬за), органикалық қышқыл, С және каротин (А провитамині) мол болады. Құрамында 65-75 пайыз  қант болатындай етіп қайнатылған жеміс-жидек ұзақ сақталады.
Қайнатпаны әзірлейтін ыдыстың кең болғаны жақсы. Әзірленген жеміс не жидекті табаққа салып, үстіне ыстық сироп құяды. Сироптың қанттылығы жеміс-жидектің түріне қарай болады. Кейде жеміс-жидектерді (бүлдірген, шие) құмшекермен бірге салады, мұндайда жеміс-жидектен бөлінген шырын құмшекермен араласып сиропқа айналады. Қайнатпа сапалы болу үшін оны бірнеше қайтара қайнатады. Ішіне жеміс салынған сиропты бірнеше сағат қайнатады да, содан кейін ыдысты оттан алып, бабына келуі үшін 5-8 сағат қояды (түні бойы қоюға да болады). Бұл кезде сироптағы қант жеміске сіңіп, оны екінші рет кайнатқанда жиырылып, өңін жоғалтпайды.
Сиропты қайнату үшін құмшекерді ішінде ыстық суы бар кастрюльге салып, ерігенше араластырады да қайнатады. Осы сироптың жартысын алғаш рет қайнатылуға тиісті жеміс-жидектің үстіне құяды да, ал қалғанын қайнатып болып, бабына келтіру үшін қойғанда үстемелеп құйып отырады.
Көбікті қайнаған бойда алудың керегі жоқ, өйткені ол тағы да шығады. Оттан алар алдында қатты қайнатып, кейін жемістің түнуына мүмкіндік береді де, сонан соң көбігін алады.
Қайнатпа бабына жеткенде көбік табақтың ортасына жиналады, жан-жағына шашырамайды, жеміс-жидектер бетіне қалқып шықпай, сиропқа біркелкі бөлініп, күңгірт түске енеді, сироп тамшылары ыдыста жайылып, ағып-тамбайды.

Өрік қайнатпасы. Жемісі толық піспей түрып жиналуы тиіс. Өрікті жумай-ақ дымқыл шүберекпен сүртуге болады. Сонан соң әр жерінен істікпен түйреп, 1 минут қайнап жатқан суға салады да , одан тез альп суға салқындатады. Ішіндегі дәнін алып тастап үстіне сироп құйьп 2 рет қайнатады.

Қайнатпа кантталмас үшін лимон кышқылын қосады. 1 кг абрикосқа 1 кг құмшекер, 2 стакан су, 3 г лимон қышқылы керек.

Құлпынай қайнатпасы. Жидектері ұсақ, тығыз, шала піскен болуы тиіс. Оларды сұрыптап, сосын елекке салып салқын сумен жуады. Ішіне су кетпес үшін жумастан бұрын шөбін алмайды. Жуылған құлпынайдың суын сорғытқан соң қағаз не шүберекке төгіп, жаяды. Кепкеннен кейін шөбінен тазартады.

Таза жидекті эмаль ыдысқа қабаттап салып, әр қабатының арасына құмшекер сеуіп, 5-8 сағат салқын жерде сақтайды. Шырыны шыққаннан кейін еппен табаққа аударып, үстіне су құяды да баяу жанған отқа қояды. Шекер шырында толық ерігенше жайымен араластырады. Шекер еріп біткен соң оттың қызуын күшейтіп, жидек пен сиропты қайнатады. Қайнағаннан кейін отын сөндіріп, 10-15 минут суытады. Содан соң тағы да қайнатады. Даяр болғанша осылай 3-4 рет қайталайды. Әзір болуга 2-3 минут қалғанда лимон қышқылын қосады.
Қайнатпаны құрғақ, қоңыр салқын жайда сақтайды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑