5 кеңес: Орныңнан жылжымай денсаулығыңды сақта! - Шалқар газеті
banner-top12

Керек баған

Уақыты 8 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 77 рет оқылды

0

5 кеңес: Орныңнан жылжымай денсаулығыңды сақта!

Карантин басталғалы қашықтықтан жұмыс істеу, бір орында тап жылжымай отыру хит болған сыңайлы.

Ұзақ уақыт бір жерде жұмыс істеудің ағзаға тигізетін кері әсері бәрімізге аян.

Қашықтықтағы жұмыстың кері әсері: омыртқа қисаюы, мойынның қан тамырларының білеуленуі, орталық жүйке жүйесінің түрлі аурулары.

Аз да болса өзіңізге уақыт бөліңіз. Жұмыс жұмысымен, денсаулықты қалыпқа келтіру өте қиын. Мүмкіндігінше жаттығу залына, бассейнге, массажға барыңыз. Кәсіби спортшы атанбасаңызда, ең болмағанда арасында бұлшық етке арналған гимнастика жасаңыз.

  1. Алғашқыда әрбір бір сағатқа оятқышты қосып, буындарды жазу және денедегі қан айналымын жақсарту үшін жұмыс орнынан тұрыңыз. Аздап керіліп-созылыңыз. Ағзадағы сұйықтықты толтыруды да ұмытпаңыз. Бір сағат сайын кулерге барып келсеңіз бір оқпен екі қоянды атасыз.
  2. Жұмыс тым көп болса, орында отырып жаттығу жасаңыз (басты еңкейтіп; иықты айналдырып; аяқты сәл көтеріп, бірнеше рет айналдырып қозғалтыңыз).
  3. Кешке дейін үстелде ыңғайсыз отырсаңыз арқаңыз ауруы әбден мүмкін. Үзіліс кезінде кем дегенде екі минут қабырғаға арқаңызбен сүйеніп тұрыңыз.
  4. Көп отырғаннан белде жиі ауырады. Орындықты үстелден жылжытып, отырған бойы аяқты созып, соған қарай тартылыңыз. Мүмкіндігінше бұрылып, иіліңіз. Жаттығу барысында денені, әсіресе, мойынды бос ұстаңыз.
  5. Күнделікті өмірде көбірек қозғалыңыз. Лифттің орнына баспалдақты қолданыңыз. Көлігіңізді кеңседен ары қойып немес қоғамдық көліктен аялдамаға жетпей түсіп қалып, жұмысқа дейін жаяу жүріңіз.

Сіздің қозғалысыңыз- денсаулығыңыздың кепілі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑