banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 16, 2013 | 834 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

      Ғылыми симпозиум

                      

23-мамырда Елордамызда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі Ислам әлемі ғылымдарының академиясымен бірлесе отырып «Мұсылман әлеміндегі ғылым мен технология: жетістіктер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми симпозиумы болып өтті.

Симпозиумға Қ Р Премьер- Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев, Қ Р Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Ислам әлемі ғылымдарының академиясының президенті, Иорданияның экс Премьер-Министрі, профессор Абдель Салам Маджали, Қ Р Парламентінің депутаттары, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, дипломатиялық корпустың және дін басылардың өкілдері, Иордания, Малайзия, Тунис, Сенегал, Пәкістан, Иран, Германия, Италия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның жетекші ғалымдары қатысқан.

Бұл ислам әлемі  ғылымдар академиясы 1986 жылы Иорданияда құрылған.

Негізгі міндеттері – ислам әлемінде прогреске мүмкіндік туғызатын ғалымдардың ынтымақтастығын кеңейту, ақпаратпен алмасуға қолдау көрсету. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына 57 мүше мемлекеттерді  қамтиды.

Қазақстан И Ы Ұ-ға 1995 жылы кірген, ал 2011 жылғы маусымнан бері төрағалық етіп отыр. Осыған байланысты, Ислам әлемі ғылымдары академиясының симпозиумын өткізіп отыр. Қазақстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы өзара қатынастарының –саяси және экономикалық өзара қатынас, сондай-ақ, дінаралық диалогды жүргізу саласындағы мәселелер бойынша үдемелі және табысты дамуын атап өтуге болады.

Аталмыш симпозиум ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге, экономикалық және әлеуметтік өсуге қабілетті ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктері туралы ақпаратпен жан-жақты алмасуға ықпал етуге, мұсылман елдеріндегі білім беру деңгейін көтеру мен ғылым рөлін күшейтуге бағытталған.

Симпозиумға   Н. Бектұрғанов, М.Жұрынов, М.Әбусейітова, С. Әдекенов, Е. Раманқұлов сынды  ғалымдарымыз қатысып, шетелдік  ғалымдармен бірге баяндамалары тыңдалды. Ондағы басты мәселелері:

–         Орта ғасырдағы мұсылман ғылымы (мұсылман философтары, астрономдары, дәрігерлері, мәдениаралық диалогтағы ғылымдардың тілі, ғылыми ілім және орта ғасырлық мұсылман мистицизмі, ғылым мен қалалардың дамуы, ғылым және өнер.

–         Мұсылман әлеміндегі технологиялық новациялар, дәстүр және әлеуметтік даму (ислам әлеміндегі «дәстүр-жаңғыру» мәселелері контексіндегі ғылым және Ислам, әлеуметтік әділеттілік ғылым мен идеясы,  биотүрлілік, экология және тұрақты даму ғылымы);

–         Мұсылмандық Шығыс елдерінің Батыс елдерімен өзара қатынасы (ғылыми білімнің мәдени өлшемі, шығыс және батыс елдерінің, ғылым мен техниканы дамытудағы академиялардың өзара қарым-қатынасы мәселелері).

Симпозиум  қорытындысы бойынша қоғам мен адам дамуының тұрақты жетістіктері жөніндегі құрал ретінде зияткерлік және ғылыми диалогтарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жетістіктерін пайдалану бойынша күштерді нығайтуға  бағытталған Астаналық декларация қабылданады.

Қазақстан  ғалымдары Т М Д елдерінің ішінде алғашқы болып әлемдік ғылыми-ақпараттық ресурстарға қол жеткізді –Thomson Reuters(А Қ Ш),  Sprinqer(Германия),  Elsevier(Нидерланды) келісімге қол қойылды. Симпозиум шеңберінде тағы бір жетекші ғылыми басылым Wiley- Blacwell (Великобритания) арасында меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Ол шетелде қазақстандық мақалалар санының көбеюіне және жалпы зерттеу деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.

Гүлсара Мырзахмет,

Астана қаласы.

2013жыл




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑