banner-top12

Тарих 3136294390_17a9b9f2fb

Қосқан уақыты Маусым 1, 2014 | 5  473 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

Әзиз әулиелер

 

Шайдарбек Әшімұлы

Пайғамбарымыз  Мұхаммед с.ғ.с. аты-жөні араб тілінде жазылған құран аяттарына қарап, дулыға мемлекет басқарған Батыс Ферна қағанатының ханы Жақып Абулайс бабамыздікі болуы тиіс деп білеміз. Ал менің мәліметтерім бабаларымыз жазған кітаптар мен олар туралы жазылған кітаптардан алынған.

«Жұмбақ дулыға» деген мақалада Ахмет Якубұлы деп жазылған Олай емес, дұрысы  Якуб Ахметұлы. Неге десеңіз, Жақып бабмыз әкесінің Насыр, Ахмет, Ибрахим деген үш аты болған. Осы үш есім туралы тарихи жазбаларда орын ауыстарап келе береді. Бірақ қай жағынан қарағанда да, оның Батыс Ферна қағанатының Ханы болғаны анық. Срндықтан белгілі тарихшы қаламгер Қойшығара Салғарин Жақып атамыздың хан болғандығы туралы дұрыс жазған.

Шайдарбек Әшімұлы ағамыз өзіңіз Төрт  шадияр немесе төрт халифа атты кітабында, Әбубәкірден тарайтын қожалар әулетіне жататын XI-XII ғғ.. өмір сүрген ұрпағы Жақып ата (лақабы «Қылауыз ата») туралы мынадай мәліметтерді береді:

Әбубәкірдің өзінен тараған 21-ші ұрпағы Әбулайс Қожаның екі баласы болған, оның бірі Жақып Қожа- «Қылауыз ата», екіншісі Әбдімәлік Қожа. Әбдімәліктен Шәмше және Сыйық Қожалар тарайды.

Әбулайс Баба

(Нәсір ибн, Мұзаммед ибн, Ахмет ибн Ибрагим)

 

Осы мақаламызда біз азды-көпті болсын Әбубәкірге және оның ұрпақтарына тоқталып өтпекпіз. Мұсылмаандар арасында Әбу Бәкір ислам дінінің атасы саналады. Пайғамбар «Әбу Бәкірдің жаны нені қаласа, Жаратушы иеміз де соны қалайды»- деп атап өткен. Ана тілін білу хақында Әбу Бәкір «Егер адамның «тілі бұзылса» онда оның маңындағы адамдардың жаны ауырады, егер «жүрегі бұзылса», әруақтар риза емес», – деп айтқан екен. Ол сондай-ақ жер бетінен өзге әлемге үлкен кінәлармен кеткен адамның мұхитта қайықсыз қалған жанмен бірдей екенін атап өткен.

Әбу Бәкір (Ибн Әбу Кухаба) көзі тірісінде-ақ Алланың елшісі болған Мұхаммед пайғамбардың ісін ілгері жалғастырған еді. Ол пайғамбардың алғашқы әйелінің (Хадишаның) туысы болды. Танысқаннан кейін Хадишаның арқасында олар татку достарға айналды. Әбу Бәкір исламды мойындайды және оны Біләлдан (эфиоп) кейін бесінші қабылдайды. Біләл пайғамбардың көзі тірісінде  бірінші муэдзині болды. Ол өзінің жағымды даусымен адамдарды намазға шақырды. Пайғамбардан кейін ислам дінін Хадиша, ізінще әкесінің (Абдоланның) інісі Әбутәліп қабылдады. Үшінші болып исламды Әбутәліптің ұлы Әли мойындады.

Өмірдің соңғы жылдары пайғамбарды ауру меңдеп алды. Бақилыққа аттанар алдында, сәл жеңілдеген кезде, ол мешітке барды. Сол кезде ол қалыптасқан дәстүрді бұзып, Әбу Бәкірді алға оздырып, өзі намаз оқу үшін оның артынан тұрды. Бұл оның адамдар арасына соңғы шығуы еді.

Мұхаммедтің өлімі оның айнымас серігі Әбу Бәкірге өшпес іс тастап кетті. Ол бойының меңдеттеп қалың қайғыны жасыра алмады, өйткені өмірінің соңғы сәттерінде оларды қоршап алған діндарлардың алдында Алла елшісінің өзіне бағыштап: «Егер мен өзімнің ой-санамнан адамымды таңдайтын болсам, таңдау Әбу Бәкірге түскен болар еді»,- деп айтқан сөздерін еске сақтаған-тын. Міне, осылайша көзі тірісінде-ақ Алланың елшісі Әбу Бәкірді өз ісіне жалғастырушы етіп таңдап алды. Пайғамбардың өлімі туралы бірінші болып Әбу Бәкір: «Бәрімізге де бір Алланың құлымыз және оған қайтып ораламыз, Алланың елшісі қайтыс болды»,- деп халыққа хабарлады.

Әбу Бәкірдің пайғамбардан кейінгі адамдардың арасындағы нағыз білімділерінің бірі болған хақында Омар халиф былай деді: «Әбу Бәкір халыққа пайғамбардың өлімі туралы естірткенде, ол Құраннан неге екені белгісіз, мен ұмыт қалдырған және күні бүгінге дейін ееркшк мән бермеген аятты оқыды». Сондай-ақ мұндай аяттың болғаны туралы діндарлар да, соның ішінде пайғамбардың шәкірттері де күман келтірген жоқ.

Осы орайда пайғамбардың шәкірттері арасында «Пайғамбарды қайда жерлейміз?» сұрақ және дау туындады. Біреулер Меккені, енді біреулер Құлдысты ұсынды. Тағы да Әбу Бәкірдің: «Пайғамбарлардың ақтық демі қайда таусылса, сол жерде жерленеді»,- деген пікірі салмақты да басымды түсті. Мұхаммед пайғамбар Айша өмір сүрген бөлмеде жерленді.

Әбу Бәкір бес ұлды болды: Абдулла, Абдурахман, Махмуд, Шайхы және Жамал. Әбу Бәкірдің және оданкейінгі халифтердің ұрпақтары Мұхаммед пайғамбардың ісін жалғастырушылар бола отырып, ислам жеткен жаңа аумақтарға қоныстанып отырды. Олар діни уағыздаушылар болды. Өз уақытында исламды қабылдаған және күні бүгінге дейін осы дінді ұстанатын барлық халықтардың жоғарыда аталған халифтердің ұрпақтарына құрметпен қарауға байланысты ырымы мен дәстүрі бар.

Насыр Ибн Мұхаммед  ибн Ахмед ибн Ибраһим (930-1003ж.ж.) Әбулайс әулетінің ең үлкені болып есептелді. Ол көптеген елдерде, соның ішінде Египетте басып шығарылған жиырмадан аса кітаптың авторы. Оның еңбектерін негізінен ислам дінін ұстанып көптеген мемлекеттердің кітапхананларынан, мұражайларынан және ғылыми орталықтарынан табуға болады. Бұл оқымыстының шығармаларынан алынған, дәйексөздер өзінің мазмұны мен нақыл сөз түрі бойынша ақиқат жолындағы бірегей дүниелер болып келеді. Египет, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Сауд Арабиясы, Сирия, Ливан, Алжир, Марокко, Түркия сияқты және т.б. елдердің университеттеріне оқу құралы ретінде пайдаланылады. Ол сондай-ақ ТМД елдерінің аумағындағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Татарстан, Башқортостан секілді және Кавказдағы мұсылман әлеміне жақсы танымал. Оның кітаптарына қоғамның өзара қатынастарының құқықтық Әбу Бәкірге тірелген атақты Едігенің ұрпақтары еді. Сондай-ақ орда хандарының бірі Мамай да Едігенің ұрпағы болып табылады (Ресейдегі Мамай қорғаны оның құрметіне аталған).

Бүгінде Самарқанд қаласында дамылдап жатқан ислам құқықтанушысы, ғалым әрі ойшыл Әбулайс (X-XI ғасырлар) Әбу Бәкірдің ұрпағы. Әбулайс әулеті бірнеше ғасырлар бойы Қазақстан мен Орта Азия аумағында жоғары ұйымдар мен діни басшылықты атқарып тұрады. Оның қамқорлығымен оқу мекемелері-медреселері істесе, бұлардың жанында мешіттер бой көтерді.  Әлішер, Науаи, Әбдрахман, Жәми және басқа көрнекті ойшылдар Әбулаистан білім алды, оның шәкірттері болды, кейін Шығыстың ұлы ақындарына, бүкіл әлемге танымал астраном әрі ғалым да Әбулайстың шәкірті болып саналады.

Әбулайстың ұлы Жақып ата (Құлауыз ата) мемлекетінің батыс қағанатының билеушісі ретінде Қызылорда облысының Жаңақорған жағында Қорасан ата кесенесінен бес шақырымдай жерде жатыр. Құранның сүресі жазылып, атаның басына қойылған құлыптас Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұр. Кітаптың сүресі жазылған, бүгінде Петропавл қаласында мұражайында тұрған бас Дұлға Жақып ұрпақтарына тиесілі болуы деген жорамал бар. Онда былай деп жазылған: «Мұхаммед пайғамбар сенімен бірге… Жақып ұлы…», Қойшығара Салғараұлының «хандар тізімі» кітабында Жақып ата жоғарыда мемлекеттің билеушісі ретінде көрсетілген. Бұзрық та Әбу Бәкірдің (Әбулайстың).

Ол өте ірі ғалым, өз заманының танымал қасиетті адамы болды. Оның бастауымен моңғол шапқыншылығынан күйреген Сырдария маңы орындары қалпына келтірілген болатын. Ислам дінін жалғастырушы Шәмші Бүзірік арқасында әулиелердің қайда жатқанын тапқан. Қорасан атаның, Жақып атаның, Қылышты атаның, Төлек атаның, Бұлқас атаның, Қасым атаның және басқа да бетке ұстар қасиетті адамдардың сүйегі жатқанын бүгінгі ұрпақ біледі.

Олар көп емес, әйткенімен өздерін Әбу Бәкірдің ұрпағы санайтын қандастарымыз бүгінде бар. Олар: «Өз шыққан тегіңді білу қажет. Бұл адамдармен қатынас жасау қажет»,- деп айтқан. Адамдардың өз шыққан тегін білу, өзін білу қажеттігі туралы біз мемлекет оның аузынан да талай мәрте естідік. Бәрі де танылады. Өз халқыңның өткенін білмей, қазіргіні бағалау және оның оның үстіне болашақты ойлау мүмкін емес. Өз шыққан тегіңді, өз атаңды білу және оны зерделеу келер келешекке ұрпақтың білуі қажет. Ол соендай-ақ ұлттық дәстүрді жалғастырушы, байланыстырушы буын, алтын арқау болып табылады. Қазақ халқының ұлт ретінде танылуына, нығаюы мен бірігуіне бастайды деп айтқан. Төлеген Рүстемұлының «Әбу Бәкір Сыдықтан Қылауыз ата ұрпақтарының толықтырылған» «Ташкент 2004 ж.) атты кітабында.

 

Қасым ата

(Төбесі ойық ата)

 

Төбесі ойық ата (Қасым ата) Хорасан ата мен Қылауыз ата (Жақып ата) ортасында. Аңыз-әңгімелерге сай Қасым ата Әбу Бәкір Сыдық ұрпақтары Қылауыз атаға аталас деген болжам бар. Ол кісі құс салады, сайыскер, ислам дінін жергілікті жерге таратуда игі жұмыстар жасаған, мешіт аштырып бала оқытқан. Бұл атаның басында бұрын кесенесі болған. Қазір көбісі құлап, күтімсіз жағдайда тұр. Өткен-кеткенде бұл атаға да түсіп, зиярат етеді. Кешегі кеңес дәуіріндегі 4 кәріс қасына егіс егіп, басындағы кірпішін алып пеш соққан, 4-де іші өтіп қайтыс болған.

Келешек ұрпақтар қолға алып, атаның кесенесі жөнделер, әрі ата жөнінде мәліметтер табылар деген үміт бар.

 

Бұлқас ата

 

Бұл ата Қылауыз атаның қасында 500  метр қашықтықта төрт құлақ ескі кесекпен өрген қоршауы бар. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша  Ұзын ата деп те атайды. Бұл ата Қылауыз ата мен Қасым (Төбесі ойық) ата бәрі бір тұқымдас, туыс адамдар деген әңгіме бар. Келешек баба құпиясы айқындала түсер.

 

 

Мамыт ата

 

Жаңақорған ауданына қарасты Сырдария өзенінің Жаңарық бөлімшесінің Балапан төбе жағында. Жаңарық елді мекеніне 5-6 шақырым жерде. Басындағы кесенесі тозып, жер болған аздап, белгі бар. Кешегіге дейін қасындағы елдер мазарға адам қойып келген. Ата жөнінде әзірге толық мәліметтер жоқ. Келешек ата қасиеті жаңғыра берер. Ислам дінін жергілікті жерге таратуда жаулармен қарсы соғысқан ерлікпен қаза болған Әбу Бәкір ұрпағынан,-дейді.

 

Қылышты ата (Сайд-Бурханидин)

 

Өте әруақты адам болған. Аңыз әңгімеге қарағанда бұрын көлікті адам көліктен түсіп зиярат етпесе, оның не өзі, не аты ойып болған. Бұл жөнінде әңгіме көп, көрген қариялар да болған. Басына түнеп, перзент тілегендер, кеселденгендер шипа тауып отырған.  Қыр Өзгент шаһарының патшасы Әбу Бәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзымның қызына үйленеді. Үйленген соң көп кешікпей, Камалдин Меккеге қайта кетеді. (Әзірет Әлінің ұрпағы) Қылышты ата шеше ішінде қалып қояды. Анасынан туған соң атын Сайд-Бурханидин қояды. Бала ата қолында тәрбие алады. Өскенде аспаннан қылыш пен ақ боз ат түскен дейді. Сөйтіп 1001 бәлеге қарсы тұрып жеңген деген сөз бар. Бір әңгімеде атасы Ілгімағзым өлгенде орнына патша болған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақырып алып, әңгіме еткенде қолындағы қылыш күннің сәулесімен шағылысып тұрған кезде қонған шыбын екі бөлініп түсе берген. Оның мәні кімде-кім адал болмаса, осы сияқты жаза алады деген. (Қылышты ата жөнінде Бабурнамада және Камелхан Каталовтың еңбектерінде айтылады). Мұның ұрпақтары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында, Өзбекстанда, Түркістанда. Ата кесенесін 1992 жылы Ысқақ қожа Есқожа ұрпақтарын ұйымдастырып соғып, ас берді. Қылышты ата Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырым жерде, Қыркеңсе елдімекеніне 7-8 шақырым, Қыр Өзгент пен Қылауыз ата арасында. Ата жөнінде мынадай аңыздар бар. Жергілікті қариялардың айтуы бойынша ата айтқан:

«Елге жау шауып, қиын жағдайға тап келсе, қасымнан жау келді»,- деп түсірлетіп шауып өтсеңдер шығамын деген екен. Міне осы аңызды есіктен есірек ұрпақтарының бірі жеңілдікпен ата мазары жанынан:

–          Жау шапты, баба деп айқайласып өткен (сынау үшін). Сонда ата ақ боз атпен қолында найза:

-Қайда жау, қайда жау- деп жан-жағына алақтап қарап, жалған екенін біліп, айтқан ұрпағына налып басын, босағаға тимей жаның шықпасын деп қарғап жоқ болған. Міне, сол ұрпақтары осы күнде Жаңақорған мен Түгіскен кеңшарында. Тағы бір жай: Қылышты ата ұрпағы Омартөреұлы Шайхыдын 1980 жылдары әйелі Нәсипа ұл көрмегендіктен Алладан тілеп, баба басына барып, малын сойып, Құран оқып түнегенде аян берген. Құдай тілегіңді берді атын Зияуыды қой, – деген. Міне , сол Шайхыдының әйелі көп кешікпей екі ұл, екі қыз дүниеге әкелді. Қазір өсіп-өнуде. Шайхыдын ата жолын ұстап адам оқып, имандық жасауда. Ата жөнінде келешекте әлі де әулиелік қасиеттері айқындала берері сөзсіз. Қылышты атаның шырақшысы ата ұрпағы Есқожаұлы Қуатбек.

 

 

Қылышты мен Төлек атаға барғанда

Ақын Әшімұлы Мұсабек өзі көрген біраз жайды ұрпақтар назарына арнайды

 

Қылышты Ата бабалардың бірі едің,

Сыйынатын, сүйенетін пірі едің.

Қол қусырып тізе бүккен пенденің,

Орындадың арманын да тілегін.

 

Топырағың тұмар болып тағылып,

Жететін жұрт ғашық болып ағылып.

Тілек тілеп жатып тілеуханада,

Даңқың шыққан кереметпен танылып.

 

Тәжім етіп келіп тұрмын өзіңе,

Көріп тұрып сенбей тұрмын көзіме.

Қылышты ата қалды деген қараусыз,

Жұрттың айтқан сенбеп едім сөзіне .

 

Төлек ата пір тұтынып өзіңді,

Қызметіңді өткізген бар өмірді.

Өлгеннен соң тілегімен өзінің

О да жатар, серігің боп сенімді.

 

Төлек ата қабыл болып тілеуің,

Төрт ата найман ұрпағың бар демеуің.

Кесенеден кескін кетіп  тұрғанда,

Болмайды неге келіп, тірек тіреуің.

 

Ала бота, қара сора қаптаған,

Жалғыз аяқ жолды жаяу таппаған.

Сырттан біреу Қылышты ата осы ма,

Десе оған не айтып мен мақтанам.

 

Күмбезінің ұшып қаңылтырлары,

Қалғанының белгісіз қанша тұрғаны.

Кіріп болмай кесененің ішінде,

Құс біткеннің болыпты жй тұрағы.

 

Басыңды көтер о киелі әруақ,

Қылышты ата қылышыңды жанып ап,

Ұрпақтарыңкөп деуші еді тарқаған,

Неге олар із жолынан жаңылды.

 

 

Төлек ата

 

Төлек ата жөнінде аңыз әңгімелер көп. Бұл атадан тараған ұрпақ бүкіл елге тарап кеткен көптеген ұрпақтары Төлек ата кесенесінің қайда екенін білмейді. Сол үшін Төлек ата жөнінде білгенімді қағазға түсіруді жөн көрдім. Тарихи деректер бойынша Орта жүзден 6 ұл тарайды. Оны алты арыс дейді: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ, Керей. Уақ пен Керей тоқалдың балалары. Бір істе туыстарына өкпелеп, Уақ пенен Керей Түрікпен ішінде сіңіп кеткен, – десе, біреулер жеті өзенге барып сонда қалды,- дейді.

Орта жүзден Қара Қожа мен Ақ сопы тақуалығымен атымтай мырзалығымен, Қазы әділдігімен аталған. Міне соның ішінде Орта жүзге ата болған Байқотан баласы Ақ сопы оның баласы Найман (лақап аты Өкіреш). Өкіреш жөнінде мынадай мәтел бар: «Өкіреш қартайғанда қыз құшып, Өкіреш ат алған-ды».

Міне, бұл жөнінде аңыз әңгіме бар. 90 жастағы Өкірештен Сакурше дүниеге келеді, одан Төлек ата. Міне, осы Төлек атадан төрт ата Найман тарайды. Олар: Қара керей, Төртұлы, Садыр, Матай. Бұл деректер «Тауарих хамса бес тарих» деген Құрбанғали Халидтың еңбегінің 92-235 беттерінен алынды.

XIX ғасырдың 20 жартысында Лепсі уезінің Оңтүстік-батыс шекарасынан Балқаштың оңтүстік жиегінен Жоңғар тауының етегінен Баскон, Лепсі бойын, Ерейқұмды, Мысықол, Баскопа, Үшжол құмын, Талдықара, Қаратөбет аңғарына мекендеген. Сонымен бірге Қызылорда облысы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында бар.

Бөкейқожаұлы Палуан, ұлы Өкіреш (яғни Найман шал) ұлы Құрманай, ұлы Ернияз, ұлы Төлегетай, мұнан төртеу: Қаракерей, Төртұлы, Садыр, Матай.

  1. Қаракерейден Байторы, одан Мейрам, одан Байыс, одан сыбан, одан Жанкөбек, одан Нарымбай, одан Қатубай, одан Байқара, одан Ақтайлақ би. Мұның тұқымдары Аягөз Семей жақта.
  2. Матайұлы Қалдар одан Тәуке, одан Асан, одан жалан, одан Хасан, оданЖақсылық, одан Сары, одан Бөрібай, одан Қоралы, одан Байкісі, одан Досат, одан Тенеке, одан Есімбек, Қалқамбайдан Маман, одан Асылбек. Қазіргі Арасан-Қапал жағындағы Сара совхозында.
  3. Төртұлы Найманнан.
  4. Сырдан Тоң, одан Түйе, Сары жетім, Есенқұл, Түгелбай, Қытайбиден, Қаракерей, Аталық, Аталықтан тарқаған ұрпақ- Қықай.

Тағы бір деректе (Шәкәрім Құдабердіұлының жазуында 37- бет) Қаракерейдің Байторы баласынан Байыс, одан төрт ұл, оның бір ұлы Сары. Осы жомарт Сарының бәйбішесінен Қаратай, оның тоқалынан төрт баласы: Жансары, Баржақсы, Анайгөз, Бұйдалы. Бұл төртеуі нағашысы уақ ішіне кетіп, күні бүгінге дейін Ергенекті уақ атанып кеткен. Оның себебі, Сары Жомарттың нәсілі Ергенек таңба салып, Ергенек найман аталып кетеді.

Төлек ата жөнінде бір аңыз әңгіме. Төлек ата кесенесі Қылышты ата кесенесімен бірге. Жаңақорған қонысынан 25 шақырым жерде Қыркеңсе елді мекенінен 7-8 шақырым, Қыр Өзгент пен Қылауыз ата кесенесі ортасында. Қылышты ата (Сайд-Бұрқанедин Әзіреті Әлінің тұқымы) күшті әулие болған адам. Төлек ата Қылышты атаға өкіл бала болып тәрбиесін алады, қойын бағады, қызметін қылады. Төлек атаны сынау үшін бір күні Қылышты ата қойдықұм ішінде су жоқ қайдан суарып жүргенін білу үшін аңдиды. Сөйтсе Төлека ата асатаяғымен жер сызып су шығарып суарады екен. Төлек атаның жетілгенін біліп, өзінің қызын беріп, күйеу бала етеді.

Міне осы Төлек атадан 4 ата Найман тарайды. Төлек атадан тараған төрт түлек найман Қылышты ата ұрпғына жиен болады. Қылышты ата дүниеден өтерде менің қабатыма Төлек атаны қойып, зиратқа келген адам бірінші Төлек атаға сәлес беріп, дұға оқып, сосын маған келсін деген. Міне екі ата қатар жатыр. Қылышты ата ұрпақтары Ысқақұлы Есқожаның ұйымдастыруымен 1992 жылы екі ата басына кесене орнатып, ас берді. Қазір ата басына ұрпақтары мен жұртшылық зиярат етіп, Құдайдан перзент сұрап түнеп жатады. Ата ықыласы түскендерге шапағатын тигізеді. Бірақ соғылған кесене сол күйінше күтімсіз қалып қойды. Төлек ата ұрпақтары әлі біліп басына қол ұшын бере алмай келеді. Шындыққа жүгінгенде, бүкіл найман ұрпағының түп атасы Төлек аат екендігі негізделуде. Төлек ата әруағы қолдай, демей берсін ықылас еткендерді. Төлек атай ұрпақтарының көбісі Арқа мен Семей, Аягөз, Талдықорған жағында болса, Қызылорда мен Жаңақорған, Шиелі аудандарында көбінесе Садыр, Қаракерей т.б. ұрпақтары бар. Бір деректерге балталы, бағаналы да осы Төлек атаның бір әйелінен деп айтады. Қазір Төлек ата ұрпақтары баба басына жаңадан Қылышты ата екеуіне еңселі кесене арнатып, 2008 жылдың күзінде толық бітіріп, екі атаға ас берілді. Мұның басы қасында болып, ұйымдастырып жүргендер: Төлек ата ұрпағы Мұхтарбек Әмірхановтың басшылығымен және Семейлік Аңжасаров Қоңысбек Исламұл, Төлек ата қорының президенті және Жаңақорғандағы Ысқақов Есқожа ұрпақтары мен Әділбек Райымбек, Байдалиев Сабырхан, Мұсаев Тұрғанбек пен Сара Хұсайынова ұрпақтарының еселі еңбек етуінің арқасында баба кесенесі ойдағыдай аяқталды. Оларға Құдайдың рақымы болсын демекпіз.

 

Лала Бибі (Гүлбибі)

 

Бір аңыз әңгімелерде Лала бибінің шын аты Гүлбибі деген, өлгенде қабірі басына гүл шыққан. Бұл жерді бір кезде өзбектер билеген, олар гүлді көріп, Лала деп атаған, кейде Дана бибі дейді. Тағы бір аңыз әңгімеде Қожа Ахмет Яссауи Сыр бойына келгенде бірінші рет Лала бибіге сәлем беріп, содан кейін басқа әулиелерге барады екен. Лала бибі өзі өте ақылды, елін ақылмен билеген көріпкел ана болс акерек. Өзінің жеңімпаз ақылымен елін үнемі сыртқы жудан қорғаған. Халық ана басына зиярат етіп, қысылғандар медет, рух тілеп барып тұрады. Лала бибі мазары Жаңақорған ауданы Задария совхозы, Жаңаарық бөлімшесінің дария жақ бетінде, мазар сырты қоршалғанмен, ана қабірі сондағы ұрпақтарының ұқыпсыздығынан әлі жөнделмей келеді. Тағы бір аңызда Қожа Ахмет Яссауи бір келгенде қасына 46 шақты серіктерімен осы Лала бибіге соқпақ болғанда қасындағы кісілер Лала бибінің күркесіне сыймаймыз қалай болар екен деп, неге Хорасанға кете бермейміз деген ойын айта алмағанмен, Қожа Ахмет сезеді. Лала бибінің үйіне келеді. Тар үйіне кісі біртіндеп кіргенде Құдайдың құдіретімен кеңейіп, бәрі де сияды. Қажетті тағамдарды пейіштен алдырып, бәрі ауқаттанып шығады. Сонда әлгі кісілер ештеме айта алмаған екен.

 

 

Өмір ата

Бұл ата Сыр Өзгент пен Қойлақы, Садыр аталардың ортасында Топырық деген жерде үлкен мазарда жатыр. Аңыз әңгімелерге қарағанда Мамыт ата, Бура баба, Құттықожа Сахаба бұлар өмір сүрген дәуірде болса керек. Батыр болған адам көрінеді. Ислам дінін таратуда кәпірлермен ұрыста қаза тапқан Әбу Сыдық ұрпағы демеді. Ата айналасы қоршалып күтімге алынған мен баба басына әзірге кесене тұрғызылмаған. Өзгент, Қожакент елді мекендері дүниеден өткендерді жерлеп, басына зиярат етіп тұрады.

 

Бұйра баба

 

Бұл баба мазары Жаңақорған ауданы орталығынан 20 шақырым жерде Өзгент пен Лала бибі аралығында Сырдария жағасына жақын жерде. Басында ескі құлаған күмбезінің қабырғалары бар. Бұл баба мазарына сондағы жақын елді мекен Ақжол. (Бұрынғы Политотдел) бөлімшесінің тұрғындары қамқорлыққа алғанымен басына жаңғыртып ештеңе жасалмаған. Бұл баба кешегі қалмақтармен соғыста ерлік көрсетіп, ислам дінін жергілікті халыққа таратып орнықтыруда, үлкен ерлік жасаған адам. Батыр болған бұл баба Құттықожа баба, Домбы ата, Өмір ата, Мамыт ата, барлығы бір қатар өмір сүрген көрінеді. Бұлда Әбубәкір Сыдық ұрпағы деседі. Баба қасиеттерін кейінгі ұрпақ аша түсер.

 

Қойлақты ата

 

Сафи ад дин орын Қойлақты Насаб-Нама да Әзіреті Әлінің ұлы имам Мұхаммед Ханафияға 5 атамен қосылатын Абдурахманның екі ұлы оның бірі Ысқақ баба, екіншісі Әбдіжалел баб. Әбдірахман ол кезде Бағдатта патша жасының ұлғайғанын еске ала отырып, інісі Әбдрахман мен екі ұлын Бағдатқа шақырып алып:

– «Ей туыстарым, менің сендерге бір сөзім бар айтатын»,- дейді. Інісі мен балалары айтыңыз,- дейді. Әбдірахман айтты:

– Әбубәкір Сыдық халифаты кезінде Халит ұлы Әбдірахман мен Әбубәкір Сыдық  ұлдары 12 мың сахабаларды бастап, Өзгент Ферғана елдеріне барып, Ислам дінін ендіру жолында шейт болды. Ал Әзіреті Әлі кезінде Кусам Ибн Аббас, Мұхаммед ибн Абдал Жалил мен Оспан балалары: Сейт Калит, Абдулла Сафар, Абдулла Акбарал (Оспан ұлы Ал-Сайт Хорасанда патша еді). 30 мың сарбазбен келіп, Өзгент, Ферғана елдерінде кәпірлермен соғыс етіп, мұсылман дініне кіргізгенмен, ел тануға қашып, сонда әскер жинап, мешітте намаз оқып отырғанда Кусамдардың үстіне басып кіріп өлтірді.

Әбдірахмен тағы өзін жалғап- он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағала бізге имам мен ислам патшалығын, қуат пен күш береді, әскер мен қару береді. «Ай інім Абд ар-рахим, Хақ тағала ризалығы үшін біз тағы барсақ, Өзгент, Ферғана Мугатарсалармен (кәпірлер) соғыс қылсақ дін хақы үшін Қылыш ұрсақ, иманға да уат қылсақ» – деді. Абд ар-рахим:

– «Менің 70 мың әскерім бар қарумен». Ысқақ баб: менде 50 мың әскерім бар қарумен, Абд-ал-Жалил: менде 40 мың әскер түгел қарумен. Міне бұдан кейін әскерлерін қосып, Шамнан Исфаханаға, одан Тебризге, одан мазандарға, одан Сарахстан, одан Балхқа, одан Қорасанға, одан Термізге, одан Бұхараға, Бұқарадан Самарханға келеді.

Одан біртіндеп Өзгент, Ферғана, Ош, Шам Қасанға т.б. тегіс Азияны жаулап, Ислам дініне ендіреді. Енді үшеуі үшке бөлінеді. Ысқақ баб: Сайрам, Қарғалық,  Сұлхан тарапын, Абд ар-рахим Қашқар тарапын, Абд-ал-Жалил баб шаш, Баршыкент, Жаркент елдеріне барады. Әбубәкір Сыдық ұрпағы ізгі Магзун, Өзгент, Ферғана елін билейді. Ысқақ баб Қарғалықта 54 жыл патша болады. Осы Ысқақ бабтың 12 ұрпағы Ибрахим Шайх. Ибрахим Шайхтың екіұлы болады. Бірінің аты Ахмет Қожа (Қожа Ахмет Яссауи) екіншісі Садыр Шайх. Садыр Шайхтың екі ұлы болады, оның бірі Абд әл Мәлік, екіншісі Данышманд Қожа. Данышманд Қожаның ұлы Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақты ата Қожа Ахмет Яссауйдың туысы Садыр Шайхтың немересі. Данышманд Қожа ұлы XII­XIII ғасырларда өмір сүрген. Қойлақты ата аздап егін еккен. Хызыр Илияс дұға етіп, еккені берекелі болған. Айналасындағы қарып кесірлерге жетіп жатқан. Осы ата ұрпағының бірі Садан ұлы Құрбан қарияның айтуы бойынша:

–          Бір аңыз деректерде, әкесі үйге мейман келсе, жақын көршілерден қарызға мал алып сояды. Бір күні үйіне оншақты мейман келіп, баласын малы бар көршісіне жұмсайды.

–          Ата неге қарызға мал алып соя бересіз? Одан да маған рұқсат етіп, бата беріңіз-деген. Әкесі бата береді. Таң ата:

–          Ата тұрыңыз,- дейді. Аспанннан ақ қарабас қойлар түседі. Екеуі шетінен ұстап ен сала береді. Күн шыға тоқтайды, ен салған қорада қалады. Басқалары кетеді. Қалған қойды әкесі екеуі айдап шығып, әкесінің таяғын алып, 20 шақырымдай жерді қоршап сызып шығады.

–          Ата енді малдар осының ішінде болады. Бір қой керек пе, екі қой керек пе айтсаңыз өзі келеді- деп, ата таяғымен Қойлақы көлінің ортасына таяғын қадайды. Сол жерден су шығып, көлге айналады. Содан Қойлақы атанған екен. Әкесі баласының жетілгеніне Аллаға шүкіршілік етіп, риза болады.

 

 

Садыр ата

 

Қожа Ахмет Яссауй ағасы, әулие адам болған. Қожа Ахмет Яссауйдың баласы жас болса да аңға құмар болған екен. Қарасүйір тауын жайлаған бір рулы ел мен Үйсін Шайх әулеті тау өзенінің суын үшке тең бөліп егін еккен. Әзірет Сұлтанның баласы Садықпен аң аулап жүріп, оның садағының екі жебесі Қарасүйір руынан құлақ арығына қадалып, суға бөгет болған. Қарасүйір руының сушысы «неге су бомай қалды?» деп келсе, сағадан екі садақ оғын көреді. Төменгі жағында Садақпен аң аулап жүрген Әзіреті Сұлтанның баласына келіп:

-Мынау не? – дейді. Бала:

-Мен білмеймін- дегенде, әлгі сушы қолындағы кетпенмен баланың басын шауып, деенсін сонда тастайды. Юасын легенге салып бетін ақ шүберекпен жауып, Әзіреті Сұлтанға:

-«Мынау біздің Қарасүйір адамдарынан сауға»- деп алдына қояды.

-Ей, бейадап пәспей үзіпсіңдер, – дейді. Сонда Садыр Шайх суырып тура ұмтылғанда, Әзіреті Сұлтан тоқтатады. «Мен дуа етемін барсаң риза емеспін, қылыш жұмсама»,- дейді. Сонда Садыр Шайх өкпелеп, Қойлақты ата жаққа кетеді.

-Егінің жұлма болсын, қауының алма болсын, көтеніңе құйрық шықсын, тұқымың сөйтіп құрысын, – деп Әзіреті Сұлтан Қарасүйір әулетіне қарғыс атқан екен. Содан олар азып, тозып кеткен, ата ұрпағы Саданұлы Құрбан ата айтады. Біз жас кезімізде біреуін көрдік, атқа отыра алмайды, жерге тек жамбастап жатады. Қазір тұқымы мүлдем жоқ.

Міне інісіне өкпелеп, Садыр Шайх Қойлақты атаның батыс жағынан көлдің жағасынан орын алады.

Садыр ата атпен келе жатқанда атын суарғанда, су тоқымдығына дейін ішеді екен. Содан үш қыз келіп, атының біреуі бір жағына, екіншісі екінші жағына келіп қаңқылдап тізесіне бастарын қойып кетеді. Ол өзінен басқаға көрінбейді. Бір әулие кісі көреді. Үйіне келгенде әлгі әулие кісі сұрайды.

-А, көрген екенсің ғой. «Бисмилла-рахмани-рахим, Ла иллала-да пайда бар, білмеген құлға не айла бар, жатар жерің қараңғы шамшырағын сайлап ал. Шамшырақтың әбзалы Ла илаха иллала», – деп, үзбей беріліп айтып жүрсең,- деген екен. Бұл атаның мазары Қожакент ұжымының күн шығысында. Атаға барғанда зиярат етіп малын сойып, құран оқытып алуда. Ата кереметтері жөнінде кейінгі ұрпақтар жинақтап білгенін айқындай түсер.

 

Аққорған және аталар жайлы

 

Шындығында, бұл қариялардың аузынан естіп Аққорған ата деп келдік. Кейінгі кезде зерттелген тарихи деректерге сүйенсек, Аққорған адам аты емес қаланың (қорғанның) аты екен. Қожа Ахмет Яссауйдың үлкен бабасы Ысқақ бабтың өзіне он бір атамен Ибрахим Шайхтың (Қарашаш ананың күйеуі) үлкен ұлы Садыр атаның осы Аққорған қаласында ұрпақтары болған. Оның ішінде Мәулени-сафи-ад-дин Орын Қойлақыдан тараған бес атаны жеке-жеке айтпай қорған атына сай Аққорғандық деп кеткен. Аңыз-әңгімелерге сай ол кезде жауынгершілік болып тұратын, баба ұрпақтары ұйымдасып қорған соққан. Қорғанның асты там сияқты халық паналайтын және өлген адамды бір жеріне қоятын (қадірлі( сардабасы болған. Қорған биіктігі 20 м, ұзындығы 4 шақырым, ені 3 шақырым екен, Қараулы төрелері болған. Қорған айналасы аппақ болғандықтан, Аққорған деп аталған.

Міне, осындағы бес ата жөнінде түсінік берген артық болмас. Бұл жөнінде баба ұрпақтары, әсіресе, Әбутәліп ұлы Мұсаханның жинақтаған баба ұрпақтарының шежіресімен Саданұлы Құрбанқожа және Жүнісқожаұлы Сапардың, Құлымбетұлы Әсенің әңгіме желісіне сүйендім. Өткен замандарда еліне қадірлі бір кемпір мен бір шалдың ұлы, екі қызы болыпты. Жауынгершілікте кемпір мен шал және қыздардың ағалары қайтыс болып, екі қыз ғана қалады. Қыздардың аты Сауса, Айса деген. Бұлар енді қалған өмірін ел игілігіне жұмсау үшін қызмет етеді. Сырдариядан канал алып көлге құйдырады, ол Сауса көлі болып аталады. Саусадан канал қаздырып кіші кір жуғанға, одан каналмен үлкен кір жуғанға ұласады.

Қалмақ пен қарақалпақтар елді шапқанда екі қыз қалған халықты аман алып қалып кіші, үлкен көлдеріне паналатып кір жуған. Екі қыз әке-шешесіне, ағасына үлкен кесене тұрғызған екен. Кейін дария түбіне кеткен. Жаудан қорғау үшін елді ұйымдастырып қорған соққан.

Тарихи деректерде Аққорған орта ғасырдағы қалалардың бірі. Жаңақорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым. Сырдарияның сол жағалауында қазіргі түгіскен шаруашылығы аумағында болған. Бұл күнде қаланың төбеге айналған орны қалған.

Аққорған қаласы XI­XII ғасырлардағы қазақ хандығы кезіндегі Сыр бойындағы өркендеген қалалармен қатар аталады. Тарихшы Ибн-Рузбихан «Түркістанның 30 бекінісі» ата еңбегінде Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөк, Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласында дамыған қалалардың қатарына жатқызады. Бұл қала үлкен сауда орталығы болғанмен, суармалы егін шаруашылығы дамыған бекіністі қала болған.

Енді Ибрахим Шайхтан Қожа Ахмет Яссауй, садр Шайх дүниеге келді. Осы Садыр атадан тараған бес ата Аққорғандық аталардың кереметі жөнінде мынадай ел аузында аңыз-әңгімелер қалған.

Үсен Шайх

Қара Шайх

Оқшы ата (көгентүп)

Ыбырайм Шайх

Бурхан Шайх

 

Садыр Шайхұлы бұдан Мәулени Сафи-ад-дин Орын Қойлақы, оның баласы Зайдин (Тілеулі ата) Мейрам төбеге жақын жерде, Есім бөлімшесінде, Түгіскен кеңшарының жерінде. Зайдин лахабы Тілеулі ата бұл кісі де әулие болған. Мәселен қуаңшылық болса ұл-қыз сұраушыларға мал сойып, түнесе тілегі қабыл болған. Орын Қойлақтыға түне, Тілеулі атадан тіле деген, бұрын да қазірде колхоз-совхоздың малшылары отырған. Түнгі сағат 12-ден Тілеулі ата кесенесінен 2 шақырым жерден шырақ шығып, Тілеулі атаға келеді. Осы жерде пайда болған екіжарық қосарланып, Үсен Шайх пен Қара Шайхқа келеді. Таңға жақын қайтады. Ол жарықты Садықұлы Тәңірберген, Мұсаханұлы Насхан көрген. Таң қаларлық нәрсе, ол жалпы жұртқа көріне бермейді. Көрген адамға зияны жоқ. Көрген адамдар жылына басына барып, зиярат етіп тұрады. Соғыс жылдары одан бұрын да, кейін әулиелер атаусыз қалғаны мәлім. Бірлі-жарым басына барып, құран оқыған адамдар қудаланған. Содан да болса бұл бабалар басына зиярат етушілер болған.

Бейсенбі, жұма күндері Бәймен қожа баласы Шалапқожа есегімен жүріп, аты аталған аталарды аралап құран оқып, басына шырақ жаққан. 1942 жылы Шалапқожа есегімен әулиелерді аралап жүреді де, түс ауа Тілеулі атаға келеді. Құран оқып, кесенесінің көлеңкесіне көз іліндіреді. Баба түсінде аян береді:

-Тұр орныңнан Садық пен Нұрсұлудан сүйінші сұра, Алладан тілеп 4 ұл бердім,- деген. Оянса түсі екен. Дереу есекке мініп, 4 шақырым жерде қой бағып отқан Садықтың үйіне келіп,  әйелі екеуін қуантады. Содан Сәду, Тәңірберген, Алдаберген, Әбдіраймдер дүниеге келді.

 

Үсен Шайх ата

 

Қожа Ахмет Яссауйдің орнына мешітіне 40 жыл дәріс беріп жолын ұстаған. Кереметтері: ұры-қары, араздасқандар, барса кесене ішіне кіргенде, есік жабылып, жылан қуып есік ашылмайды. Барған адам жалынып-жалбарынып кешірім өтініп, малын сойып зиярат етіп қайтатын болған. Перзенті жоқтар түнеген, қуаңшылық болғанда ауыл болып тілегенде жаңбыр жаудырады. Егінге шегіртке түскенде, басындағы туын көтеріп шықса , шегірткелер көтеріліп кеткен. Егіндері аман қалған. Қара Шайх ұрпақтарынан батыр да, әулиелер де шыққан. Немересі Батырдан Нұрманқожа, одан Бәйменқожа, Айқожа ишанмен замандас, бірге Бұқарадаға медресені бітірген ғұлама кісі болған. Бәйменқожаның кереметі осы кездегі көзі тірі қариялардың айтуы бойынша, бұл кісі ұлсыздарға ұл, қызсыздарға қыз берген адам. Қоңырат руының Құйысқансыз атасына баратын Қалкөз болысқа Сейітбек атты Алладан тілеп ұл берген. Мұсан қожаның тілегіне сай Зұлыпқар деген ұл берген. Зұлыпқар болса Жаңақорған ауданының белгілі ардагер азаматы болып, Түгіскен массивын игеруді қолға алып, іске асыруға белсене араласып, іске қосқан азамат. Ноғай Дүйсенге Өмірзақты, Алтый Бәйменге Әлжігітті, Алтый Нәлтайға Сейітбек, Қожахметті, Шерімбетқожаға Айдай, Жалдықожаны, Байзаққа Ерман, Ажар, Қанымжанды, Сүлейменқожаға Қатира, Сәуле, Қожахмет, Молдахмет, Ермағамбетті, Шоманқожаға Патшагүл, Дәумен, Ботайды, Кенжеұлы Әшімқожа Адарбекті, Орқарақожаға Патыманы. Орқарақожа Байменқожаға тілек білдіреді. Сонда Алладан тілеп, бір ұл бердім. Бірақ астыңдағы жүйрік атыңды бересің,- деп келіседі. Бірақ Орқара атын қимай, басқа ат беріп жібереді. Сонда берген атты Бәйменқожа көріп, маған беретін аты бұл емес еді. Ол айныса менде солай етуім керек деген міндет қояды. Мұны білген Орқара қанша өтінгенімен болмайды. Сонда Патыма ұл орнына қыз болып келеді, Патыма апай осы кезге дейін айтып, көзіне жас алады. Патыма апайдан Фархат деген ұл дүниеге келіп, аудандық «Қазселхозтехниканың» бастығы, кейін аудан әкімінің орынбасар болып жүріп, 49 жасында қайтыс болады. Бәйменқожа сонымен бірге Бұқарадағы Көкалдаш медресесін бітіріп келіп, мешіт ашып бала оқытады.Бұл кісіден Бегімбет дамыла, оның ұлы Сәіпназар Мақсұм белгілі иман , көп дамға пір болған. 1975 жылы Түгіскен кеңшарында қайтыс болып, Аққорған мазарына қойылады. Ол кісі өлген күні сары шегіртке үй айналасын мүлде басып кетті, адам көп жиналды. Ертеңіне шығарарда әлгі шегірткелердің бірде-бірі жоқ. Қанша адам жүрседе бірде-бір өлген шегіртке көрінбейді.

Қара Шайхтың бір ұрпағы- Төлек батыр. 1723-1741 жылдары Бөгенбай, Қабанбай батырлармен бірге болып, Аблайханның туын ұстаған. 1726 жылы жоңғарлармен шайқаста жауды Балқаштан асырып қуып, бір-біріне тиіспеу жөнінде келісімге қол қойған 14 адамның бірі болған. Қайтарда Жезқазған өңірінде Төлек батыр Садыр найманның бір байының үйіне түседі. Жолдастарымен екі күн қонақ болған соң бай бұларға (хандар да бар) жеңіспен қайтқан үшін деп бір-бір ат береді. Төлек батыр қонған үйдің егесі оны жібермей бір апт ақонақ етеді, он сегізінші күні бір тай сойып құран оқытады. 18 жасар қызы бар екен, аты- Пітан. Төлек батырға батасын беріп, жасауымен қосады. Төлек батыр пайғамбар жасына келіп қайтыс болады. Төлек жылын берген соң 5 ата аққорғандықтар жиналып әмеңгерлік жолмен Садыр найманныңқызын Қара Шайх Қылыш баласы Қыдырқожаға қосады. Одан Әбдірахмен, Әібдіхалық, Әбутәліп және Фатима, Алтын, Ханзада деген қыздар дүниеге келеді. Мұсаханның аузынан жазылып алынған Төлек батыр жөніндегі тағы бір аңыз-әңгімеде 1740 жылы жауды жеңіп жолда аң аулап, екі киікті алдына өңгеріп, құм арасымен келе жатса, айдаһарға оқ жалын шабуылдап жатқанының үстінен түседі. Оқжалын атылып, айдаһарды тесіп өтеді. Төлек батыр оқжалынды өлтіреді. Айдаһар есін жинап, бір шөп үстіне аунап артымнан ер дегендей белгі беріп, алдына түсіп ініне кіреді. Ініінң аузында тұрып, мынаны ал дегендей белгі берген соң, Төлек батыр аттан түсіп барса 20-кг дай алтын екен. Оны алып үйіне келеді. Шешесі олжа мен екі киікті көріп қуанады. Бір аптадан кейін жездесі Ташжанға: «мына байлықты ал, маған байлық жазбаған»,- деп алтынды береді. Айқожа ишан баласы Иббадула мағзым, кесенеге кеткен шығынды есептеп ақысын ал дегенде, Тасжан: «берген көмегіміз»,- деп алмаған. Рас өтірігін кім біледі 10 кг алтынды кешегі кеңес үкіметі кезіндегі Аққорғанның оңтүстік-батыс бұрышына дуалдың астына көміп кеткен дейді. 1929-1933 жылдары жергілікті халық бодандыққа ұшырап, сол күйінше қалған деген. Көмген жерден 10метрдей жерде-ақ ақ шеңгел бар дейді. Тағы бір аңыз-әңгімеде Аққорғанды жаулар қоршап, 15-20 күн қамайды.

 

Қара Шайх ата

 

Бұл кісі аң аулап, құс салғанды өте жоғары санаған дейді. Сонау Арал мен Қаратау арасында құсбегілер бұл кісіге құсын сынату үшін келеді екен. Бұл кісінің құс тұратын бірнеше бөлмелері болған. Оның орындары 1973 жылға дейін сақталған. Күріш егісі кезінде тегістеп жіберген.

Үсеншайх пен Қарашайх екі ағайынды. Қара Шайх інісі. Бұл кісілердің арғы атасы Құл-* Қожа Ахмет Яссауйдің ағасы Садыршайх. Үсеншайх кезінде Құл- Қожа Ахмет Яссауй бабамыздың жолын ұстап, сол жерде имамдық қылған, аты аңызға айналған үлкен ғұлама дана әулие кісі болған, інісі Қаратаудың бауырын мекен еткен батыр болған және әулиелікке ат үстінде қиқулап жүріп жеткен екен. Аллаху-Аллаху деп зікір салып, өзі жаудан қорғайды екен. «Қарашықты қыстаған лашын-сұңқар ұстаған» деген өлеңдері бар. Бұл кісіаң аулап, құс салғанды өте жоғары санаған.

Осы Қарашайхты бір күні ағасы Үсеншайх бабамыз алдына шақырып, мешіт ішінде бүкіл халықтың көзңінше ұялтып ұрысыпты.

-Сен елге келіп, мешіт ұстап имамдық етіп, дін уағыздамайсың ба? Қашанғы жаудың жолын тоса бересің, қашанғы қи-қу салып аң-құс қуалай бермексіңәулиелік дәрежеге қашан жетесің, осылай қиқу салып жүре бересің бе?- депті.

-Мен құсап мешіт ұстап уһілеп зікір салып, отырмайсың ба?- дегенде, інісі шыдай алмай намыстанып кетіп, ағсы Үсеншайхқа қарсы сөз сөйлепті.

-О, бауырым сіз мешітте уһілеп жүргенде мен кең далада ат үстінді қиқулап аң-құс аулап жүріп-ақ әулиеліккежеттім, бұған бола шаршамаңыз,- депті. Сол уақытта ағасы Үсеншайхқа:

-Сол жеткен әулиелігіңді мына отырған халыққа көрсет, – депті. Сол уақытта Қара Шайх бабамыз алақан жайғанда жәннатты көрсетіпті,- дейді.

Бұны көрген кісілер Қарашайхтың әулиелігін мойндапты. Содан кейін тағы бірнеше жылдар өткесін, Үсеншайх бабамыз о дүниелік болыпты. Өлер шағында «менің сүйегімді дарияның арғы беті Аққорған деген жердің батыс жағына қойыңдар»,- деп айтқан аманатына туыстары: «Ортада дария бар өткелі жоқ, дария тасып жатыр, бұл қалай болар екен»,- депті. Сонымен бұл кісі көз жұмғасын бүкіл халық жиналып, дария жағасына Үсеншайхтың өлі денесін көтеріп алып келеді. Дарияның тас-суат деген маңына сол уақытта дарияның ағысы тоқтап, сарқылып келетіндей болыпҮсеншайх әулиеге жол беріп, денесін Аққорғанға жерлейді. Кейін халық басына күмбез там салады. Халық Үсеншайх әулиелігін тасып жатқан Сырдария өзені жол бергенде біледі. Інісі Қарашайх қартайып, өлер шағында балаларына өсиет соңғы аманатын айтады. Мені де Аққорғанға қойыңдар. Үсеншайх ағаның кіреберіс босағасына жерлеңдер. Тірі кезінде Үсеншайх ағама әулиелігімді көрсетемін,- деп бетіне қарсы келіп күпір болдым. Жұрт моламды аяғына тастасын, сол күнам үшін деп босағасына босағасына өзін қойдырып кеткен. Бұл Үсеншайх әулиенің өткен өмірін ұрпақтарының Қара аталу мәнісін Сафар ақсақал айтқан.

Кейінгі бүкіл әулет балалары Түркістаннан көшіп, Аққорғанға қазіргі Түгіскенге келіп, балаларының қасына қоныстанды. Содан бастап аққорғандық қожалар болып кетеді. Жүнісқожаұлы Сапардың айтуынша, Үсеншайх әулиеденкейін әулиелік тоқтайды. Өйткені ұрпақтары бір ұятты іске жол беріп қояды. Сол Аққорған маңындағы басқа ру тайпалар байлардың түйесін, малын бағады екен. Ақыларын бермей сол байлар Үсеншайх немерелерін түйе артына салады, оған олар шыдай алмай, байлардың жарамды семіз түйелерін маңдай тер, еңбек ақымыз деп Үсеншайхтың моласының ішіне кіргізіп сойып бөліп алады екен. Сонымен бұл істі көп уақыт жалғастырады. Кейін қыс түсіп, ұрлықтары ашылады. Қар бір жауған уақыт екен. Үсеншайх бабамыздың ұрпақтары тағы бір ақыларын бермей жүрген байдың бір тайлағын Үсеншайх әулиенің кесенесінің ішіне кіргізіп, бірнеше кісі іреп жатыр екен. Бай аңдып жүріп, тайлағының ізімен келеді, келсе тайлақ түйесі кесенеге кірген, шыққан ізі жоқ. Ішіндегілер байдың келе жатқанын біліп, сойып жатқан түйенің үстіне алаша жауып тығып, айналасына малдас құрып, қолдарында қамшы, зікір салып отыр екен. Ештеңе болмағандай. Бірақ арқан мен балтаны тығуға үлгермей қалған екен. Сонда біреуі зікірге қосып балтаны ал, қоржынға сал, ол да сенің жадыңда бар, ла-иллала-иллала, ла-иллала-иллала деп отыр екен. Шыдай алмай бай ортадағы алашаны жұлып алыпты, қараса тайлақтың терісін іреп тастаған екен. Сонда бұларды байдың жігіттері таяққа жығып, әулие кесенесінен сүйреп шығыпты. Сендерді Сібірге жер айдатамын деп аяқ-ққолдарын байлап соққылап, тепкілеп ауылға әкеле жатқанда ауа райы ақ тұман болып арасынан Үсеншайх әулие көрініпті. «Әй Құдайдан безгендер, бақтырып ақыларын неге бермейсіңдер? Күндіз-түні малдарыңды бақтырып  ақыларын неге бермейсіңдер, бұлардың қарны тоқ болса бұлай істемес еді. Өлдіңдер ме, мың-мыңдаған түйелеріңнен менің балаларым бір қотыр тайлақтарыңды жеген екен»,- депті.

Қолыңдағы үлкен аса таяғын аспанға көтеріпт, «тұқым-тұяғың, мал-жаныңмен қоса жоқ қылып жіберейін бе?»- дегенде бай жігіттерімен қоса жылап қорқып, дірілдеп, қалтырап кетіпті. «Уа, тақсыр, малымыз да, жанымыз да сіздердікі болсын, бұдан былай әулетіңнің алдынан өтпейміз, өмір бойы пір тұтып, сыйлап өтейік»,- деп еңірейді. Содан Үсеншайх ғайып болыпты. Одан кейін байлар пір тұтып,айыптарын мойындапты. Содан бастап Үсеншайхтың әулетін қарақшы қожалар атап кеткен екен. Үсеншайх өте балажан кісі болыпты. Тірі кезінде әліге дейін балаларына, әулетіне біраз зорлық көрсетсе, дереу Үсеншайх түсінде, не өңінде көрінеді екен.

Інісі Қарашайхтың бес ұлы болған екен. Қартайғанда Қарашайх бес ұлын алдына шақырып, «Сынап көрейін әулиелігім қайсысымен кетер екен»,-депті де, алдарына үлкен астаумен кебек араластыра сөк қойыпты.

-Ал, балаларым, мына сөекті жеңдер.Қайсысың қанша жейалатындарыңды көрейін, кәне  бастаңдар, -депті. Сонда балалары жабылып, таласып-тармасып айранға көбігімен қоса сөгін бөктіріп жеп алыпты. Төрт ұлының ең үлкені бір уыс сөкті (тары) екі қолына кезек-кезек сурырып, әбден тазалап бір уыс қалғандатамағына салып қанағат, – депті. Сонда әкесі Қарашайх үлкен баласы Батырқожаға бата беріп айтыпты:

-Үрім-бұтағың текті болар, бірақ ұрпағың аз болар, жаманы мыңды үркітетін болады,-депті. -Әулиелік сенің ұрпағыңмен кетті,-дейді. Қалған төрт ұлына былай деп айтады: «Жаман-жақсыны араластырып жіберетін болады ұрпағың. Бірақ мал-жандарың көп болады, бай боласыңдар, диқаншылықпен күн көресіңдер, ұрпақ әулеттерің көп болады».

Батырқожаұлы Нұрманқожа Афыз тартқан, оның ұлы Бәйменқожа мен әулиелікке жеткен екен. Бәйменнің үш ұлы болған Құлманқожа, Бегімбетдамулла, батыр Шалап. Бәймен үлкен дәу перілерді байлайтын, кітабын Құрманқожаға тапсырған екен.

-Мына кітапты тығып ұста. Мұның тұрған жерінің өзі қатерлі,- депті. Мешіт, ілім ұстаңдар, мына кітапқа жолаушы болмаңдар және менің жолымды ұстамаңдар, өмірлеріңе қауіп төнеді,- дейді. Менің жолымды батыр Шалап ұстайды. Бірақ заманы тура келмейді. Кейін заман өзгере келе, Шалаптың бір ұрпағы менің жолымды ұстайды. Кітапты сол игереді,-дейді. Қалғандарың тек мешіт ұстаңдар, ештеңе сырттай қонбаса адам оқымаңдар, – деп кетіпті. Мұны Тұрсынқожа ақсақалға Құрманқожаұлы Пірназар айтқан.

-Осы кітаптың зияны тиіп тұр. Атадан жалғыз болдым, балам да жалғыз, немерем де жалғыз болды. Қайдам егесіне тапсырам ұрпағым көбейер еді,- деді. Ол кісілер өмірден өтіп кетті. Кітапты ешкім қадірлей алмай қалды. Бәйменнің қасиеті Шалапқожаға қонады. Талай бала, перзенттен зарыққандар Шалаптың батасын алып, Алла Шалаптың тілегін беріп, сәби дүниеге келеді. Шалаптан соң әруақ Құттықожаға, одан Әбсаттарға қонған.

Қазір Әбсаттарды білмейтінел жоқ, атасының жолын ақиқат ұстап, бүкіл халықтың алғысына бөленіп жүр. Міне сол дәу байланған осы Әбсаттарға алып келіп беру керек, басқаға қиын болады. Тұрған жерін ойран қылады.

Әбсаттар қанша қиыншылық көрсе де, барлығына төзе білді. Ешкімге сыр шашпады, ешбір адаммен таласпады. Жер дүниені аралап тоқсан түрлі өнер мен тәжірибе жинап, атақты Әбсаттар көреген тәуіп атанды. Алдына ботадай боздап келген жанға жан-тәнімен қарап дертіне шипа тауып, тіл жетпес абыройға бөленді. Талай қара ниетті күншіл, құдайдан безген қара беттілер талабын байлап күндеумен болды. Аққа Құдай жақ демекші, барлық ауыр азапты басынан өткеріп жеңіп шықты, бұл бүкіл әзіретті әулетінің мақтауға лайық аты аңызға айналар әруақты ер азаматы болды.

Төлек батыр ол кезде екі жаста екен. Ел қарияларына бата беріңіздер,- дейді. Әкесі:

-Осы бала келешек кәделеріңізге жарайды,- деген.

Төлек қалмақтар жатқан жерге түонде білінбей барып, мылтық дәрісін айнала сеуіп, от қояды. Қатты соғыс болады, жаулар сасқанынан қараңғыда бірін-бірі шауып, қашуға мәжбүр болады. Міне, бұл жерлерге кейінгі кезде егін егілген. Егін егіп, канал қазғанда қабат  қабат адам сүйектері шыққан. Төлек батырдың алтыншы ұрпағы Әнуар Әбутәліпұлы кешегі Отан соғысында немістермен шайқаста батыр болып, елге оралды.

 

Бұрхан Шайх

 

Сабырдан тараған бас ата аққорғандықтар бір атасы көнекөз қариялардың айтуынша, жауынгершіліктеке қолбасшы батыр, әрі емші болған. Жергілікті жерде ислам дінін таратуда белсенді жұмыс жасаған. Мешіт ашып бала оқытқан. Ғұлама, әулие әулие адам болған баба жөнінде әлі де мәліметтер аз.

Бұрқан шайх заманында өте ақылды ірі ғұлама кісі болған. Қазір әлейккі салламан кіс болған, солармен сұқбаттасқан әулие екен. Әрі батыр, өте сұлу, айбатты кісі екен. Сол заманның күншілдері ағайындары батырлығын және даналығын қызғанып, 45 жаста у беріп өлтірген екен.

Бұл кісінің тарихын білетін қариялар о дүниелік болып кеткен. Сыр бойы дария жағасына Айқожа ишанның басына үлкен мешіт салған Қасым, Тасжан деген екі ағайынды, ірі дәулетті болған кісілердің тоғызыншы атасы екен. Бұрқаншайх бабамыз да Ысқақ баб әулетінен тарайды. Бұрханшайх Түгіскен совхозы көне қала Аққорған төбенің батыс жақ іргесіне жерленген. Қазір ол кесененің басында бір ұрпақтары Құртай деген кісі темірден белгі жасап кеткен. Бұрқаншайх әулиенің ұрпағы Кеңес үкіметі тұсында аштан қырылып, бұл жерден жер ауып кеткен. Кейін қайта жиылып, ел боған деседі.

Бұрқаншайх әулие бір күні Құттықожаұлы Әбсаттарға аян береді.

-Менің талап деген елде Әлтай деген ұрпағым бар, содан барып айбалта сұрап ал. Бұрқаншайх аян беріп тапсырды десең береді. Содан Әбсаттар бара алмай, ақырында арада тағы үш жыл өтеді.    Тағы бір күні Әбсаттарға аян береді.

-Менің Талап деген елде Әлтай деген ұрпағым  бар, содан барып айбалта сұрап ал. Бұрқан Шайх аян беріп тапсырды десең береді. Содан Әбсаттар бара алмай, ақырында арада тағы үш жыл өтеді. Тағы бір күні Әбсаттарға аян береді.

-Ей, балам менің сөзімді неге жерге тастадың? Мен де бөтен емеспін түбіміз, қанымыз бір шешенің анасы жағынан келген нағашы бабаңмын. Ә лтайға барып айбалта ал. Мен де сені өмір бойы қолдап жүремін,- деп аян беріп кетеді. Талап қазіргі Манап Көкенов ауылына келсе, іздеген Әлтай атасының інілері Молдахмет Түгіскенге көшіріп әкеткен екен. Бұл кісі дүниеден перзентсіз өтіпті. Қартайып бойынан қуат кеткесін кемпірімен қосып, Сүлейменұлы Молдахмет қолына көшіріп, оңаша шай беріп, ас-ауқатын жасап, ештеңеден кем қылмай бағып отыр екен. Міне сол кісіні Әбсаттар іздеп барады, қасында Әлжанұлы Манапты серіктікке алған екен. Сонда жолда Манап күмәнданып былай депті:

-Сол кісіде не бар дейсің. Қазір саған сақтап отырған ешқандай балтам жоқ десе қайтесің?- дегенде Әбекең:

-Әруақтар екі айтпайды, бара көреміз,- деп бір қойды жетектеп Әлтайдың үйіне келеді. Келсе Әлтай қария босағада тұр екен:

-Келіңдер балаларым,- дейді. Сол кезде Әбсаттар Бұрқан шайх әулиенің тапсырмасын айтыпты. Содан Әлтай.

-Осымен үшінші балтаны жасырып жүрмін. Мына қызталақ балалар әкетіп қайда барады,- деп

Тығып жүрген балтасын береді. Әбсаттар:

-Мынау Алла жолына атаған малым,- деп бата сұрайды.

Әлтай қария бар ықыласымен Әбсатар жиеніне бата беріп, аманатынан құтылады. Малды сойып, өз жақындарын шақырып құраноқытып жібереді. Әлтай:

-Үш жыл бұрын келуім керек еді, ана иті жоқ ауылға, осы аманатқа бола Алла кешіктірді, енді бізге рұқсат шығар,- деп күледі. Содан 40 күнге жетпей Әлтай қария қайтыс болады.

Содан соң үш күн өткесін Әбсаттарға Бұрқаншайх әулие аян береді:

-Балам, мен сені әрқашанда желеп-жебеп қорғаймын, берген айбалтамды төріңе іліп қой, адам оқысаң сілтеп оқы, біз сол уақытта келіп қолдап тұрамыз, – дейді. Бұл айбалта тұрғанүйде дәулет, береке болады. Әбсаттарға бақытты, дәулетті бол, – деп бата беріп кетеді. Оянғасын тағы бір семіз тоқтыны құдайы қылады, көрген аянның шүкіршілігіне.

Тағы бір күндері Әбсаттардың бір әке жағынан туысы Үрметұлы Шәкіржан әзілдеп ойнайды. Адам қайтсе жәннатқа сұраусыз кіреді, – Сол уақытта құптан намазын оқымақшы болып, Әбсаттар жайнамазын жайып жатыр екен. Сонда Шәкіржанға айтады:

-Қазір мен осы намаздың үстінде өліп кетсем, шахид болам, сұраусыз жәннатты боламын, -дейді.

-Шәкір есерсоқ, қаласаң сол жәннатқа жіберейін бе,- деп ойнапты. Оны қаперіне ілмеген Әбсаттар намазды бастап жібереді. Сол уақытта жаңағы Шәкіржан шамалы ішкен ыржалақтап келіп,  Әбсаттардың мойнына өткір мал соятын қанжарды көлденең ұстап ойнаған болып, батырыңқырап изепті. Намазың бітсе тартып қалам, маған риза боласың. Сені армандаған жәннатыңа жеткізейін,- депті.

-Ойпырмай, мына есерсоқ шынында тартып жіберсе, оңбай қаламын ба,- деп, 9 бас құтпанды тауысып, қорыққанынан тағы тоғыз бес намаз оқыпты жалғап. Сонда Шәкіржан:

-Аға, намазың неге мұнша созылып кетті,- деп тұрғанда үйіне сол бөлмеге басқа інілері кіріп келіпті.

Әбсаттар намаз біткесін Шәкірге нала болып ұрысыпты.

-Сені шынымен қолы тайып кетіп жазым бола ма деп намазымды создым, – депті. Денем бір ысып, бір суып мұздады, қорқытып жібердің, жан тәтті екен. Сонымен барлығы ұйқыға жатады. Шам сөніп түннің бір уағында екі кісі келіп Шәкірге:

-Тұр, – депті. Шәкіржан ұйқысынан оянса бір дәу қара кісі басы төбеге тиіп тұр екен, қолында дәу айбалтасы бар. Біз Әбсаттардың қорғаушысымыз. Бүгінгі істеген ойының үшін басыңды алуға келдік,- депті. Балтасын көтеріп қалғанда Шәкіржан жылап жібереді.

-Ойбай жаздым, жаңылдым енді ойнамаймын,- депті. Сонда тағы бір кісі пайда болып тимей-ақ қой, бір жолға кештік,- депті. Мен Бұрқан шайхпын, балам, бізбен ойнама,- деп жоқ болып кетеді. Көпке дейін қорқып жүрді де, кейін ұмытылды.

 

Қауғани ата

 

Қауғани ата сарайы Отырар, Артық сияқты улкен қала болған емес. Төрт жолдың торабында үлкен керуен сарайы екен. Қауғани атаға жол Қожакент-Сүткент-Оқсыз арқылы келіп, Артық, Мейрам, Құмкент қалаларының үстінен өтіп, Джент қаласына барады екен. Екінші жол баба атадан шығып, Түркістан арқылы Сырдариядан өтіп, Қауғани-Атаға келіп, содан кейін Нұр-Ата арқылы Бұқараға қатынаған. Қауғани-Ата көшпелі қазақтардың нағыз сауда жасап, малға азық айырбастап кететін орны болған. Табылған фрагменттерге қарағанда, сараи X-XIV ғасырдағы  Қарахан мен Монғол Темір дәуіріне жатады. Сарайдың төрт бұрыш болып салынуыда IX ғасырда оңтүстікке ислам дінінің айғағы сияқты. Отырар, Артық қалалары сияқты Қауғани ата да әр соғыста бұзылып, қайтадан жөнделіп отырған. 1219 жылы Шыңғысхан Зернуй қаласына келіп тоқтаған. Бір түменін Артық қаласымен бірге Қауған сарайын алуға жіберген. Монғолдар қарсылық еткен сарай ішіндегі қазақтарды қырып кетеді. Қауған атаның түстік жағында қалың ақ шеңгел бар. Жергілікті қариялардың айтуы бойынша, Монғол соғысындағы қайтыс болған қырық батыр қабірі, – дейді. Сондықтанда оны мұсылмандар 40 шейт деп атайды. Қауған сарайының батыс жағынан жер астынан күмбезді зират табылған. Сақина күмбез тәрізді жасалған. Төбесі, едені мен дуалдары цементтелген, қыштан салынған, биіктігі кісі бойы түбі шеңгелдер тәрізді.

XI-XIV  ғасырда Қауғани сарайын Ыбырайм Шайх Қауғани деген кісі басқарған. Бұл кісі туған-туыстарымен өзі өлгенде қою үшін арнап соқтырған. Сағананы 1929 жылы Қаңлы Ысқақ деген кісі тауып ашқан. Ішінен көптеген адам сүйегі шыққан. XI-XIV  ғасырлардағы қолөнер бұйымдары осы қорған сарайынан табылған. Мыс ақшалар болған. Моңғол хандық билігі кезіндегі ақшалар екендігі анықталған. Археологиялық қазбаларға қарағанда Қауған ата 1510 жылға дейін зат, ақша сақтайтын қойма сарай болған. Өзбек ханы Шайбани 1510 жылы қаласымен бірге Қауған сарайын қиратып кеткен. Сөйтіп сарай XVI ғасырдан бастап, өмір сүруден қалған. Қауған аат Түркістан ауданының Балтакөл совхозына қарайтын Қауған бөлімшесінде Қауған ата ұрпақтары ұйымдасып, 2 маусым 1996 жылы еңселі кесенені басына орнатып, атаға ас берілді.

 

Ыбырайм шайх Қауғани атаның кереметтері

Бұл ата да әдепкіде Аққорғанда болған, кейін Түркістан қаласындағы Балтакөл деген жерде Имам етуге жергілікті халық алып кеткен. Қауғани ата түсінде Мәулени Қойлақты атаның қайтыс болғанын көріп, сізге сауға жібердім дариядан күтіп ал,- деген. Азанда дария жағасына барса адам бойындай көк тас жіберген екен. Сол тас осы күнге дейін Қойлақының басында. Сонда Мәулени Қойлақы ата Ыбырайым Қауғанмге «жетілген екенсің» деген.

Сол кісі де:

-Ал сен д сен де менің қауғамды күтіп ал,- деп үлкен сандық алып, ішін ақ матаға толтырып, ортасына сексеуілдің шоғын салып дариямен өрге қарай жіберген. Оны Ыбырайым Қауғани ата күріп алған. Судан сандықты алып ашқанда от лап ете қалады. Мата сол күйінде күймеген қалпында тұр. Бұл кісінің әулиелігіне риза болған.

Тағы бір керемет. Ыбырайм шайх Қауғани ата Балтакөлге келген соң, атын суармақ болып құдық басына келсе, екі-үш әйел су алып жатыр екен, атына су бермейді. Сонда асасын құдыққа салып кетеді. Енді әйелдер қауғасын салып, су алайын десе су жоқ. Әйелдер бұл жағдайды дереу сезіп үлкен-кішісіне айтып, Ыбрайм шайх атаның соңынан келіп, кешірім сұрап қоймаған соң, келіп аса таяқ ізімен шығып аға береді. Содан соң су қауғасыз тұрақты ағатын болғандықтан, Ыбырайым шайхты Қауғани ата деп жұрт әулие тұтынып, құрмет етіп кеткен. Бұл ұрпақтан тарағандар Жаңақорған, Түркістан, Балтакөл т.б. жерлерде өсіп-өнуде. Бұл баба жөнінде мына төмендегідей деректер айтылады:

Аңызға сүйенсек Мұхаммед пайғамбарымыздың немере інісі, әрі күйеу  баласы «Алланың арыстаны» Әзірет Әлінің ұлы Мұхаммед ханафияның ұрпақтары кіндік Азия аймағына дін тарату мақсатында ұлы жорықтар жасайды.

Әбдіжалил баб, Ысқақ баба бастаған дін таратушылар ешбір қарсылықсыз дінді уағыздай салды десек, сөз жоқ тарихты бұрмалаған болар едік. Ұлы дін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ақтық қаны қалғанша шайқасумен насихатталды.  Сонымен қатар әулие-абыз, данагөй бабтардың кереметтері де жергілікті халықты дінге құлай берілуге мәжбүр етті. Осындай кереметтің бірі Ысқақ бабтың Баба Түкті шашты Әзизді алпыс арба сексеуілдің үстіне құранды құшақтатып отырғызып, от қойғанда Шашты Әзиз өртенбей аман шыққасын ел пейілінің мұсылман дініне құлағандығы, Қожа Ахмет Яссауи, бертіндегі зманымыздың даңғайыр жазушысы Мұхтар Әуезов, халық ақыны Манап Көкенов секілді көптеген кісілер осы Ұлы бабадан тарайды. Кезінде ел назарына ілігіп,  халық үшін көптеген игілікті істер атқарған. Ысқақ бабтан тараған әулиенің бірі- Ыбырайым шайх Қауғани.

Ыбырайм шайх Қауғани шежірелерінің айтуы бойынша, Қожа Ахметтің замандасы әрі сол кісіден соң орнына имандыққа отырған жолын қуушы.  Ыбырайм шайх жөнінде бірнеше аңыз-әңгімелер ел аузында сақталған. Соның бірі- үргін-сүргіншілікте ел азаматтары жауға қарсы шайқасқа кетті, ауылда қатын-қалаш , бала-шаға ғана қалады. Шыңырау құдықтан су шығарудың өзі үлкен қиыншылық туғызады. Сонда ұлы бабамыз «бисмилла» деп Аллаға сыйынып, дұға қылғанда шыңырау түбіндегі су көтеріліп, еңіске жөңкіп ала жөнелді. Лезде ауыл сыртында кішігірім көл пайда болады. Бірнеше күннен соң елге оралған жауынгерлер ауыл сыртындағы көлді көріп айран-асыр болады.

Баба керемет жайлы екінші бір аңызға  жайлы екінші бір аңыз Қауғани ел ібір жылы құрғақшылықта қатты қиналады, дария суы төмен түсіп кеткен, құралсыз су шығару қиынға айналып, ел шарасыз күй кешкенде шөліркеген қырға кереметімен су шығарып, диірмен орнатып елді ашаршылықтан сақтаған деседі.Негізінен бұл аңыздың шындыққа жанасатынын бабамыздың қорымы басындағы тастар күні бүгінге дейін сақтаулы Қорымда сонымен қатар баба өсірген алып жүгерінің қозапиясы да 1984 жылға дейін сақталған, өкінішке орай бәзбіреулердің жауапсыздығынан өртеніп кеткен. Ел аузындағы әнгімеге сүйенсек, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздан кейін имандылыққа отырған кісілердің бірі Ыбырайым шайх та дүниеден өтерде арызданып, қоштасуға келген ел ағаларына өз мүрдесін Түркістанға жерлеуді өсиет етеді. Сонда жерлестері Қауған халқы:

-Тақсыр, тірімізге піріміз  едіңіз, өлімізге тауымыз болып ортамызда жатыңыз, – деп қиылып сұранған соң, Ыбырайм шайх келісім береді. «Біреулер өткел бермес дариядан калай өтеміз»- деп дал болады.

-Мейлі ендеше дегендеріңіз болсын, дариядан өтерде Ала сәтін салар,- депті бабамыз. Баба сүйегін елге жеткізушілер дария жағасына келгенде дария суы кілт тоқтап, табытты ұстаушылар арғы бетке өте шығады.

«Аққан дария жол берген Ыбырайым Қауғани» деген сөз содан қалған деседі. Бұл күндері жоғалған есімдер қайта аталып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқанда баба есімі де тарихтан өз орнын алуы заңды құбылыс.

 

Оқшы ата

 

Бұл ата жөнінде ел ішінде аңыз-әңгімелер көп. Оқшы атаның аты Ыбрахым десе, бір деректе Көгентүп делінеді. Біз енді осы ата жөніндегі ел ішінде айтылып жүрген аңыз-әңгімеге сай қағазға түсіруді жөн көрдік. Ел арасындаОқшы ата мен Есабыз әулие туралы аңыздар бір-бірімен байланыстыра айтылады. Бір қорымда қатар жатқан арыстарды жұрт бөлмеді, құран оқыса бірге бағыштайды. Бұл Оқшы ата мазары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының оңтүстік-батыс жағында20 шақырым жерде темір жол бойында. Бұл жерде бұл атамен бірге Асан ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол датқа, Балаби сияқы ел ардақтылары жатыр. Енді Оқшы ата жайлы (бұл Қожа Ахмет Яссауйдің шәкірті) жас кезінде жетім қалып ел жағалап қыпшақ ішіне келіп, сонда бір жалғыз қызы бар кемпір мен шалдың қолына келіп, өкіл бала болады. Осында мешіт ашып ислам дінін уағыздаған. Бір күні Қожа Ахмет Яссауиге сәлем беріп және баласымен бірге егін орысып қайтуға барады. Ол кезде Ақмешіт ханы елден салық жинағанда, кезекпен әр елден бір қыз қоса алады екен. Сонда атасы:

-Балам сен кетіп барасың, жақында хан келеді, мына қарындасыңнан айырылып қаламыз ғой.

-Ата, егер келсе, Ыбырайм шайх деп үш рет айқайласаңыз жетемін,- деген. Сонда Түркістанға барып, Әзіреті Сұлтанға сәлем беріп, баласы екеуі арпа орады. Бұл жақтағы Ыбырайым шайхтың өкіл әкесінің ауылына хан салық жинауға келеді. Сонда атасы Ыбырайым шайхтың атын үш рет атап шақырады. Ат үстінде нөкерлерімен тұрған хан аттан құлап түседі. Кейбіреулер «мен аттым» деп даурығып жатқанда, Ыбрахым да жетеді.

-Сендер даурықпаңдар, менің атқаным рас болса, жүрегіңде арпаның қылтығы тұрады,- дейді. Айтқандай-ақ ханның жүрегінен арпа қылтығы көрінеді. Бір деректе-Оқшы атаның үлкен балалары Бұхарада болған. Оқшы ата сол жақта қыпшақтар арасынан келген. Бұхарада Оқшы ата атында үш көше бар- дейді. Бұхар әмірі Сыр бойында ислам дінін кең тарату үшін салық салып, елді тәртіпке салу мақсатында Оқшы ата ұрпақтарынан Кенже қожа мен Омар деген екі ағайынды қарауында жүр екен. «Кенженің ұлы Жәдігер, Жәдігерден Саданби.). Бұлар Әмір атынан келіп, Келінтөбеге орналасып, бүкіл Сыр бойына әмір жүргізіп, ұры-қарыны барымташыларды, зиян қылушыларды шариғат үкімімен жазалап отырған. Сөйтіп ел ішіндегі берекесіздікті бір жүйеге салып, тәртіп орнатқан. Қожа Ахмет Оқшы атаға:

-Әулиенің ең соңы сен, атың Көгентүп болсын!- деп бата берген екен.

Журналист Ақайдар Ысымұлының зерттеулерінде бабалар жөнінде біраз деректер көрсетеді. Екінші, аңыз бойынша, Оқшы атаның шын аты Көгентүп екен. Жас кезінде жетім қалып, күнкөріс қамы үшін ел аралап, жалғыз қызы бар кемпір мен шалға тап болады. Олар өздеріне мұнан бала етіп асырап алады. Ер жеткенде олардың асыраушысы өзі болады. Егін егіп, диқаншылықты кәсіп етеді. Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, құдай бойына қасиет берген дарынды азамат болып өседі. Оның кірпігінің қалыңдығы сондаы, көзін жауып тұрады екен. Кірпігін қолымен көтеріп қалғанда, бір күншілік жердегіні көретін қасиеті болған. Мал жоғалтқан адамдар жоғының дерегін білу үшін Көгентүпке келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып: «Малыңыз пәлен жерде жайылып жүр» деп жөн сілтейді.  Барса расында солай болып шығады. Көгентүптің аты елге біртіндеп елге осылай тарайды. Сол бір заманда елді қалмақ жаулап алады да, оның ханы елге ө тәртібін орнатады. Жәбір билеуші жұртқа мынандай шарт қояды:

-Мені күнде бір үй асырап қалыңдыққа бір қыз беретін боласың. Хан жарлығы екі болмай орындала бастайды. Тәлекке ел күңіреніп, күйзеліске ұшырайды. Қарсы шығар дәрмен таппай дағдарады. Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, қыз беру кезегі Көгентүптің ата-анасына да жақындайды. Көгентүп күншілік жерде арпа орып жатқан екен. Арпа оруға жүрерде ата-анасына айтады:

-Алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар білдіріп бұл озбыр ханның азабынан әлі-ақ құтылармыз,- деп атын қалдырып кеткен.

Кезек кемпір мен шалдың үйіне, оның жалғыз қызына келеді. Екі қария зар илеп жылағанда, кермеде байлау тұрған ат тыпыршып, кісінеп қоя береді. Кісінеген атының даусы күншілік жерде арпа орып жүрген Көгентүптің құлағына жетеді. Хан қаза табады. «Жауызды өлтіріп халықты азаптпн құтқарған кім болды екен?»- деген түрлі әңгіме тарайды. Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді бірінің пышағы қанды, талай жігіттер «ханды өлтірген мен» деп шығады. Сол кезде Көгентүптің ата-анасы «біздің баламыздан да сұраңдаршы, сол білер кім өлтіргенін?»- дейді. Жиналған жұрт күншілік жерде жүрген Көгентүпке адам жіберіп алдырады. Келген соң «ханды мен өлтірдіа» деп таласқан талай азаматтарды көріп, Көгентүп сұрайды.

-Хан неден өліпті?

-Жүргеннен жаралы болып болып өліпті,- дейді халық.

-Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегінде қадалып тұрса, менің атқан оғым,- дейді Көгентүп. Расында солай болып шығады. Шын есімі Көгентүп содан былай Оқшы ата атанады. Міне екі әңгіме желісінің осындай ұқсастығы бар. Келешек ұрпақ әлі де аенықтай түсер. Ұрпақтары қазір басына үлкен қонақ үй салды.

 

Есабыз әулие

Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелігі, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді:

-Бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар жатамыз,- дейді.

Есабыз:

-Сіз ұста адамсыз, менің иім жұмсақ  тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қатар жатып, жараспай қаламыз ба деп қиналамын, әрі нағашысыз,-дейді.

-Қам жеме, екеуміз тіл табыса аламызатап келгендердің тілеуін Алладан бірге сұраймыз,-депті.

-Көп ұзамай дүниеден өтемін. Мені Оқшының жанына апарып жерлеңдер,-деп өсиет айтады. Жиналған ел-жұрт дағдарып:

-Оқшы ата күншілік жер, күн болса ыстық. Сізді қалай жеткіземіз?-дейді. Сонда Есабыз:

-Мен көз жұмған күні көлік өзі келеді, қам жемеңдер қиналмайсыңдар,- дейді.

Көп ұзамай шілденің қайнаған ыстығында Есабыз да дүниеден өтеді. Айтқанындай-ақ ақ сәлделі, ақ киімді ақ түйе жетектеген бір кісі келеді. Ел жұрт қара үйдің керегесін табыт қылып, мәйітті соның үстіне жайғастырады. Кереге табытты түйе үстіне қойғанда бойламай-ақ тұрып қлған екен. Қазашылар мәйітті алып, жолға шыққанда, бір үй аумағындай бұлт, Есабыздың үстіне көлеңке болып , бүкіл жол бой ереді де жүреді. Жолға шққандар Оқшы ата қорымына қиналмай жетіпті.

Түйені шөгеріп табытты жерге қойғаннан кейін, әлгі түйелі кісі жоқ болып кетеді. Бұл Есабыздың өзінің қасына алып келген Оқшының рухы болса керек деседі. Сыр бойында Есабыздың киелі кісі аталып, халыққа танымал болғанының бір белгісі. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін басына еңселі кесене тұрғызылады. Аңыздарға қарағанда ол атаның өмір сүрген уақыты XIII ғасырда, кей деректе XVII ғасырлардың басы делінеді. Әулиенің қасиеті өз ортасына, кейінгі ұрпағына тигізген шапағаты әлі тиянақты зерттеліп, жинақталмаған.  Есабыздың жалғыз қызы болған дейді. Одан өрбіген ұрпақ Қызылорда облысы, Шиелі ауданында. Тағы бір жай Есабыздың інісінен тараған ұрпақтарының бірі- Әйімбет молда. 1930 жылға дейін Оқшы ата қорымында зерттеген атасы мазарында шырақшы болған. Әйімбет молданың Дүржамал деген кісі Есабыз әулие тігіп отырғызған киіз үйдің маңдайшысын сақтап келді. Аурулы адамдар, бала тумаған әйелдер әлгі маңдайшаны кие тұтып, тәу етіп жүреді екен. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда,киелі Есабыз атамыздың  халқына тигізген пайдасы көп болған.

«Кім мені ксіне алып, атымды атаса, сол менің балам, соның жебеушісімін, келіндерім «көзді ата» деп сыйынса, тілегім болады», -деген. Есабыз әулие басында алпысыншы жылдарға дейін, қам кесектен тұрғызылған кесене болған. Алпысыншы жылдардың ішінде кейбір зиялы азаматтардың ұйымдастыруымен әулиелерге ақ кірпіштен кесене орнатқан. Оған қатысты азаматтарды дінді уағыздаушылар деп қуғындап, жазалауда болды. Кейіннен бұзып тегістеді де, 1994 жылдары әруақ сыйлаған біраз азаматтар ұйымдасып, бұрынғы көне киелі орынға еңселі мешіт бой көтерткен. Сол кезде Әлтай бақсы мен Мұқтар шырақшы еккен талдар алып ағашқа айналған. Тағы бір жай, Оқшы ата қорымына қарай ағып жатқан өзектің суы мен балшығын Есабыз әулие кесенесі тұсынан біреулер ыдысқа құйып алып жатады. Түрлі ауруларға, әсіресе, сыртқы жараларға, іш ауруларына емдік қасиет бар. Мұхаммед пайғамбардың «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді»,- деп айтқандай, зиярат басына барған орынды. Ата басына бара қалсақ, «Арыстан бабқа түнедік, енді Оқшы атаға түнеуге келдік,  бағытымыз- Қорқыт ата»,- деп зиярат етушілер еліміздің күре тамырының бірі Орынбор-Ташкен жолымен, Мәскеу-Пекин тас жолы орналасқан Оқшы ата, Есабыз ата қорымдарына республиканың әр шетінен келіп жатады. 1997 жылы Шиелі ауданының зияла азаматтарының ұйымдастыруымен ата ұрпақтары болып сондағы Оқшы ата, Есабыз әулие, Қайып және Қыш аталарға сонымен бірге Досбол датқа және Балабилерге ас берілді.

 

Ғайып пен Қыш ата

Қазір біздің елімізде тарихи кешендерді есепке алып олардың сақталуына көңіл бөлініп келеді. Арнайы шешімдер шығып, біраз тарихи ескерткіштер кезінде мемлекет қарамағына алынып, қайта бой түзеді. Солардың қатарына Оқшы ата, Асан ата мазары кіреді. Олар күрделі жөндеуден өтті. Ал Ғайып ата мен Қыш ата әлі жөндеуден өтпеген, кесенелері бұзылған. Бұл аталар жөніндегі мәліметтер жоқтың қасы. Ғайып ата кесенесінің дуалдарының қыштарының көлемі, қалануы, өрнектері, Жамбыл облысындағы Айша бибі кесенесіне ұқсас. Оның бізге жеткен жұрнағы шыны қалқанмен көмкерілген, ЮНЕСКО-ның қарамағында. Осындай мемлекеттік қамқорлық Ғайып ата мен Қыш ата және Есабыз әулие кесенлеріне жасалса. Әрине, келешек қолға алынар деген үмітте бар. Халқымызда «Әруақ сыйлаған азайды» деген мақал бар. Енді осы Оқшы ата қорымындағы әулиелер мен киелі кісілердің жақсы кереметтерін зерттеп, халықтың оларға деген ықыласына орай, рухани әулиелерді кейінгі ұрпақтары имандылыққа тәрбиелеуге пайдалана білу- үлкен міндет. Оларды күту-қазіргі ұрпақ парызы. Бұл есімдер біздің рухани қазынамыз.

 

Асан ата

Бұл ата жөнінде аңыз-әңгімелер көп. Қызылорда облысына қарасты Шиелі жеріндегі Асан ата кесенесі (Оқшы атамен бірге) бар. Осыны Асан қайғы ата деп те атайды. Басқа дерек жоқ. Бұл жөнінде Ә. Қоңыртаевтың зерттеуінде XV­XVI ғасырларда өмір сүрген ноғайлы жұртының ойшылы, хандық-феодалдық құрылыстың сыншысы, шаруаға жайлы қоныс, бақытты өмір іздеген қияли ақыны ретінде бағаланады. Қазақ аңызы Асан қайғыны 1546 жылы Қозыбастан қазақ хандығын құратын Жәнібек хан атымен байланыстырады. «Қырында киік ойнаған» деп келетін толғаудан Асан Жәнібекке ең алдымен Еділ бойындағы қоныстың тарылғанын айтады.Еділ, Жем, Сағыз, Ойыл бойынан Еділге көшірдің, «Шабылып жатқан елің бар, оны неге көрмейсің?»- деп 1556 жылғы Астрахан соғысынан да хабар береді. 1557 жылы Еділ бойында жұт болады. «Қарадан қатын алып, Құладынға қуырдың, Астраханнан орда салдырып, үш рет той жасадың»,- деп Асан Жәнібекке өкпе айтады. «Орданы қыз-қарқынға толтырып көз алдыңдағыдан басқаны көрмейсің»,- деп оның тойына бармай қалады. Халық оны «Әз Жәнібек» деп атайды.

 

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Ереулеп неге сөйлейсің?

Тіл алсаң іздеп қоныс көр,

Тапқан жерге ел көшір.

Құладын құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүні түлеген.

Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.

Аңдып жүрген көп дұшпан,

Елге жау боп келеді.

Қилы заман болмай ма,

Мұны неге көрмейсің?

Қош аман бол Жәнібек.

Енді мені көрмейсің,-

Деп желмаясын мініп, құтты қоныс іздеп Сыр бойына келген екен. Асан қайғы аңызын терең толғағанда, оның өмір сүрген дәуірі қай кез деген сұрақ туады. Тарихта үш түрлі Жәнібек болған. Біріншісі: Алтын Орданың соңғы билеушісі Өзбек ханының баласы Жәнібек (1348-1357). Ол Бату ханның тұқымы. Екіншісі: Жәнібек 1456 жылы өзбек ханы Әбілқайырдан бөлініп, моғол ханы Иса бұқаны сағалайтын қазақтың тұңғыш ханы (1460-1480).Моғолстанда үйсін, дулат, қаңлы, найман, қыпшақ рулары тұрған. Иса Бұқа Жәнібек пен Керейге Қозыбас жерін берген. Керей Жәнібектің інісі. Бұлар Орыс ханының Барақ деген баласынан туады. Үшінші: Жәнібек есімі Бұқар хандығымен байланысты. 1556 жылы Иван Грозный Астраханды алған соң, жерді билеп, төстеп келген. Жәнібек тұқымдары Шайбаниды сағалап, Бұқараға барады. Асан қайғыны осы Жәнібектің қасысының кезінде дей аламыз?

Асан қайғының аралаған жерлері- Моғолстан (Жетісу), Сыр (Сығанақ), Ноғайлы (Жайық), Қыпшақ (Қаратау), Сарыарқа (Торғауыт), Байсын (Эму). Ол Сыр бойының әрбәр шеңгелінің түбінде бір асым ет бар, халқы аштан өлмейтін жер десе, Торғай, Ұлытауды да мақтайды. Олардың қатыны семіз, ері арық, шөбі семіз, жері арық елдерді де көрген. Сөйтіп Сыр еліне келіп тоқтаған көрінеді.

 

Бақсайыс ата

Адам тіршілігі деген не? Оның бұлжымас заңы, қалпы, қисыны қашан да өзгермейді. Тұрмыстың азабын тартып, тағдырдан қиыншылық көрген жылдар келмеске кетті. Ашаршылық зобалаңы мен қуғын-сүргін елімізге әкелген залалын әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Тарихымызға таңба болып елдің бірлігін, жердің тұтастығын, халқымыздың салт-дәстүрін, тілі мен дінін сақтап қалуға кең жол ашады. Жасыратыны жоқ, бұрын өткен ата-бабаны іздеу, оған құран оқып құрметтеу былай тұрсын, ол жөнінде сөз ету мүмкін болмаған баршаға белгілі. Керек десең, мұсылманның жылда келетін мерекелерін атап өту де қалған еді. Ораза тұтып, намаз оқысаң, өткен бабаларға ас берсең, шаруаң бітті. Бұл жөнінде көптеп мысал келтіруге болады. Басқаға бармай ақ өзіміз сөз еткелі отырған Бақайыс ата (Сейд Кемелледин шайх) ұрпағының бірі ұлы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезұлының қаншалықты қуғын сүргінге ұшырап, қамауға түскені онымен тұрмай, оның отбасы мен ағайын-туғандарына жасалған қиянат баршаға белгілі. Міне осы Бақсайыс ата кім болғаны жөнінде қысқаша болса да дерек бергенді жөн көрдім. Бұл баба жөнінде бұрын көмескеленіп қайда екені белгісіз болып келсе, оның ұрпақтары кейінгі кезде бабаны іздеп тауып, жергілікті жердегі Ермахан Төреқожаның басшылығымен жан-жақа хабар беріп, ұрпақтарын ұйымдастырып, кесенені тұррғызып, ас беріп үлкен игілі істер жасады.  1994 жылы кесене тұрғызып, ас беруге Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы, Төле би ауданының «Шыңжақты-зертас» ауылында, Сайрам ауданының Ақсу мекеніндегі, Созақ ауданының Баба ата бөлімшесіндеБәйдібек селосында, Қызылорда облысының Шиелі, Тереңөзек, Қармақшы, Қазалы аудандары мен қала орталығында Ташкент облысының Сексен ата ауылында тұратын 500 ден аса отбасы ұрпақтары бірігіп, көлемі 8х8, биіктігі 12м, келетін көркем кесене орнатылды. Оның ашылу құрметіне бүкіл ел жиналды. Мұхтар Әуезұлы музей үйінен өкіл қатыстырылды. Баба кесене басында, баба ұрпақтарының бұл игі жұмысына халқымыздың қайраткер азаматы Исатай Әбдікәрім ұлы үлкен ризашылығын білдірді. Бабаның қайда екенін білмей, оның әулиелік  қасиеттерінен хабары кем ұрпақтары үшін-бұл үлкен қуаныш. Қазірет Сейт Камаладин (Бақсайыс) бабаның әруағы ұрпақтарын әруақтар қолдап жүрсін,- деп өз тілегін білдірді. Бабаның кіс екенін оның қандай әулиелік кереметтерін ел аузынан жинақтап мәлімдеуге, Ермахан мен Базарбай Сүгіралиндаердің ізденістері болды. (Баба жөнінде Мұхтар Әуезұлының өз жазбалары мен Мұхаммед Сералинның шежірелері, тағы басқа деректер анықтай түседі). Біздің мақсат- Бақсайыс ата кім болған, оның ел арасында айтылып жүрген әулиелігі жайлы, сонымен бірге бабаның қайда екенін ұрпақтарына мәлім ету.

Тарихи болжамдарға сүйенсек, Бақсайыс ата XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген. Баба басында бұрын тұрғызылған кесене құлап тозған. 1985 бабаға зиярат  етіп қайтуға Әлима Әбдіхалыққызы (Қызылорда педучилищесінің директоры) бір сал болып қалған туысын алып келеді. Оған Бақсайыс атаға бару жөнінде аян берілген екен. Ол кісі жөнінде көп нәрсені білетін Ермаханға жолығып, болған жайды баяндайды. Ермахан Бақсайыс ата мен Хорасан атаның шырақшысы болып жүрген Әбіл қарияға жолығып, баба басына барады. Басына құран оқып, түнейді. Көп кешікпей бала жазылады. Әбіл қария Ермаханға баба басына кесене орнату керектігі жөнінде ескертеді.  Міне, содан сәті түсіп, 1994 кесене тұрғызады. Тағы бір жай, Хорасан атаның бір әулие ұрпағы, шыбынтай жетімдердің пірі болған, Бабажан шырақшы Бақсайыс атаның жанынан алдында немересі бар есекпен өтеді, айдаған екі қойы бар. Сол жерде 5-6 бала асық ойнап жатыр екен. Бабажан есектен түседі де балалармен асық ойнап кетеді. Есек үстіндегі немересі қойлар кетіп қалды деп жылайды, сонда Бабажан:

-Бақсайыс екі қойды бағып береді,- деп ойынана жалғастырып, кеш болған соң бір қойшының үйіне қонады. Сонда немересі:

-Ата, қойды қасқыр жеп қоятын болды ғой,-десе Бабажан:

-Менің қойым қасқырды жеп қояды,-дейді. Азанда Бақсайыс әулиеге барса екі қой бұрышта (екеуі жіпке қосақталған) қасқыр екі қойдың жібіне оралып өлген екен. Тағы бір жай, Бақсайыс ата ұрпақтарына тарап кеткен бір аңыз-әңгімеде, Хорасан баба (Әб Жалил баб) азанғы бамдаттың парызын Меккеге барып оқиды екен. Оны білген Бақсайыс ата «мені де ала кетіңіз! Деп өтінеді.

-Мақұл, азанда есіктің алдына түйе келеді, артыма мінгес, көзіңді ашпа,- дейді. Бір кезде қайда келе жатыр екнмін,- деп көзін ашса бір елдің үстіне түседі. Сол күні сол елдің патшасының қазынасы ұрланған екен, сол кезге тура келіп, бұл кісіні ұстап алып талға байлап кеткен. Талдың түбінің топырағы әр жерде шашылған топырақ сияқты, ұрпағың кететін болды ғой,- деген.

Кейінгі кезде баба мазары жанынан 10 метр жерден уран алу үшін бұрғылау жұмыстары басталған. Сонда бір моторы сынған, екінші ретте моторы өртенген, үшіншісі істен шыққан. Содна бұрғылайтын орыс:

-Қазбаймын, мынай әулие мазары блуы керек,- деп басқа жағына кеткен. Баба мазарынан 10 шақырым қашықтықта Байкенже бөлімшесіндегі бір жігіт баба басынан отын алады. Үйіне келіп отын жаққанда пеші атылады. Содан қалған отынды машинаға артып, баба басына апарып тастайды. Қазір баба басына жан-жақтан зиярат етушілер келіп, баба басына түнеп келіп-кетушілер көбейе түсуде, баба әруақты әрі батыр болған, шын ықылас етіп келгенде әулиелік кереметімен демеп жүреді. Жоқ жоғалтқандар кейде баба атын атап шын тілесе, аян беретін көрінеді.

Тағы бір жай- бабаның Бақсайыс аталуы. Сыр бой ақсақалдарының шежіресі бойынша, Бақсайыс Әнет баба замандасы болған. Ол да Бақсайыстардың үлкен бөлігі, орта жүз халықтарымен Арқаға қайтқан кезде қасиетті Түркістан маңында қалып, қазіргі Жаңақорған ауданы аймағында жерленген. Біздің қолымыздағы Сүгірелі бабаның (1798-1887) шежіресі бойынша, Бақсайыстың шын аты- Хазірет Сейд Камалидин. Жас кезінде сайысқа жиі түсіп, мерейі үстем болған. Сайыста басына бақ қонған адам болғандықтан, Бақсайыс атап кеткен делінеді. Сафи-ад-дин орын Қойлақы «Насаб-неме» бойынша Мұхтар Әуезұлы Бақсайысқа 22 атамен барады. Қазақстандағы белгілі кәсіпкер, ғалым «Атамұра» корпарациясының президенті Мұхтар Құл-Мұхаммед те осы атаның ұрпғы. Бақсайыс ата ұрпағы Сарғалтақ қожаның баласы Қожахметтің қызы Айғаным Уәлиханныңкіші әйелі, Шыңғыс Уәлиханұлының анасы делінеді.

 

Сунақ ата

Сунақ атаның кесенесі Жаңақорған ауданының солтүстік батысында 30 шақырым жерде Москва-Пекин күре жолының бойындаСунақ ата кеңшарының жерінде орналасқан. Баба ұрпақтарының ұйымшылдықпен кірісіп, 12 метр биіктікте кесене орнатып, 1 қараша 1992 жылы бабаға арнап ас берілді. Баба басына орнатылған кесене XVI ғасырлар шамасында  Қожа Ахмет Яссауй кесенесінің үлгісімен күмбезді етіп салынғаны тарихтан белгілі. Кешегі өткен қилы-қилы замандардағы шапқыншылықтар баба кесенесін талай рет қиратып кеткенімен, баба ұрпақтары оны жоғалып кетуден сақтап келген. Тарихқа зер салып қарасақ, ғасырлар бойы зұлмат заманды бастан кешіргенімен, баба рухын аяқ асты етіп тастауға жол бермей, басына шырақ жағып, құран оқып күткен шырақшылар да аз болған жоқ. Алланың мейірімділігі, рахымдылығы ғасырлар өтсе де дәрежесі биіктеп, әулие атағы мұсылман елдеріне жайылуда, бір ерекшелігі бабасына тұрғызылған кесене. Сунақ атаның дәрежесіне лайық кесене құрылысы таңдалған архитектурамен әшекейленіп, тартымды өрнектермен сәнді салынған. Сонымен бірге қасынан бұрынғы бұзылған мешіт орнына мешіт орнатып, ұзақтан келген адамдар түнейтін орындар өз дәрежесінде соғылды. Кесене мен мешіт және түнейтін орынды соғуды Ысқақ ұлы Төребайдың еңбегі ерекше болды. Сунақтар- қазақтар. Өзге ру тайпалардай таңбасы жоқ. Ұраны-Қожа Ахмет Яссауй. Түпкі тарихы, шығу тегі Қазақстандағы Сунақорған өңірінде көне ғасырларда келген миссионерлерінен. Олар Сауд Арабияның Мекке және Мәдина қалаларынан. Құрайыштар тайпасының Тайым руынан пайғамбармен тайпалас. Баба басына тілек етіп, ықыласпен келушілер басына түнеп құран оқып, көмек алып жүргендер аз емес. Баба топырағын қасиет санап, балаға жалатады, бесікке түйеді. Шын ниетімен келгенпендені ақтыққа бастаушы үлкен рух иесі. Бұл баба ұрпақтары Жаңақорған, Қызылорда, Түркістан, Өзбекстан жерлерінде, бабаның тағы да басқа ашылмай жатқан сырлары болса, келешек ұрпақ аша жатар деген ойымыз да жоқ емес.

 

Көк кесене

Сыр бойында аса маңызды тарихи және мәдени ескерткіштердің бірі Көккесене деп аталады. Көккесене орны Төменарық теміржол станциясының солтүстігінен 5 шақырымдай жерде, қазіргі Қожамберді ауылында. Академик Әлкей Марғұлан: «Оғыз елінің атақьы бір қаласы-Баршыкент» деп жазады. Баршыкенттің тағы бір қызық тарихы ол қаланы оғыз елін басқарған бір данышпан қыздың бірі Баршын сұлуға арнап салынғанды. Қазақтар ол қаланы бергі кезге дейін «қыз қала» деп атап келген. Демек, қызға арнап салынды дегенді меңзейді. Сонымен бірге академик бұл қаланың атақты болуының бір себебі, Алпамыс батырдың жұбайы Гүлбаршын сұлудың Баршын сөзімен байланыстылығында.Ал Көккесене күмбезі тарихи деректерге қарағанда, осы Баршын сұлудың кесенесі екендігін көрсетеді.

Көккесене-оғыз-қыпшақ заманындағы Сырдария жағасына тұрғызылған сәулетті күмбез. Көккесене Қармыш байдың қызы Мамышбектің (Алпамыстың) жұбайы- Баршын сұлудың қабіріне Хорезмшах заманында сәулет өнері үлгісімен салынған, ерекше өрнектелген. Қабырғаларын Алаш хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Бұл-тамаша ескерткіш түгел дерлік бұзылған. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы болған көрінеді. Баршынкенттің қираған орны да бар. Баршын сұлу қайтыс болғанда осы кесенеге жерленген екен.

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, бұрын түнемесіне үнемі күмбез жанында шырақ жанып тұратын болған. Жол үсті өтіп бара жатқан жолаушылар әулие басына құран оқып, зиярат етеді екен. 1934-1935 жылдары Қожамберді ауылы маңында салынып жатқан құрылысқа құрылысшылар Көккесене қышынан алып пайдаланғалы жатқанында, қыш арасынан жылан шыққан көрінеді. Құрылысшылар жыланға бола бар жұмысымызды тоқтатпаймыз деген оймен жұмыстарын жалғастырғалы жатқанда, көп ішінен бір жас жігітті жылан шағып, ақыр соңында жігіт жынданып өлген екен. Содан қышына ешкім тимеген деген аңыз бар. Қазіргі уақытта Көккесененің орнын шеңгел басып, төбе болып қалған.

 

Домбы ата

Жаңақорған ауданының шығыс жағында 50-60 шақырым. Домбы өзенінің бойында, тау ішінде кешегі өткен кезде Ислам дінін елге тарату кезінде Құттықожа сахабаларымен бірге келіп, қалмақтармен соғысып, осында қалып қойған. Басында кесене жоқ. Мазарының ұзындаға 20 метрдей, ені 2 метр, биіктігі 1,5 метр. Ары-бері өткендер зиярат етіп өтеді. Ата туралы деректер жоқтың қасы. Келешек кереметтері, қасиеттері ашыла түсер деген ойдамыз.

 

Шатырабат ата

Жаңақорған ауданына кіретін Жайылмада тұратын Ибрагимұлы Аймахан қарияның айтуы бойынша, осы Жайылмадан 15 шақырым жерде Кеңдім тауы қасында Шатырабат өзенімен қоспамен қосады. Шатырабат әулие басына Дүйсенбай деген аңшы үнемі арқардың мүйізін қояды екен. Осы ата қасындағы үңгірді Шалақожа, Ақат-Тоқат деген батырлар мекендеген жері екен. Кеңдім тауы кей деректерде құйысқансыз (қоңырат руынан) Кеңдімнің атымен аталған дейді. Шатырабат әулие бірде қожа, бірде құйысқансыз деп те аталады. Тауда аң аулап адасқандар әулие басында тыныш демалып шығатын болған. Осы әулие атындағы өзенге Айқожа ұрпағы Шахаққожа диірмен құрып,көп адамның сауабына қалған. Ата қасиеттері жөнінде кейінгі ұрпақ анықтай түсер деген үміт те бар.

 

Әйімбет ата

Жаңақорған ауданын 20 шақырым жердегі тау ішінде Кеңдім тауына жақын Шатырабат өзенінің бас жағында ала бел тауының қасында. Осы Әйімбет әулиенің бір ұрпағы Әбиұлы Әуелбектің айтуы бойынша, біздің бабаларымыз дейтін еді әкеміз. Ол кезде жаспыз, көп нәрсеге мән бермегенбіз. Әйімбет әулие Қылышты қожа (Саид Бурханиден) әулетімен көбінесе найман руының ішінде, наймандардан қыз алып, қысы-жазы солардың арасында болған. Менің өз әкем, оның әкесі және одан арғы балалары найман қыздарына үйленген,- деп айтатын еді Әуелбек қария.

Әрине жай адам әулие деп аталмайды, әрі аты ұрпақтан-ұрпаққа қалмайды ғой. Баба қасиеттері жөнінде кейінгі ұрпақ толықтыра түсер. Баба басына түнеп кетушілер де келіп-кететін көрінеді. Түрлі бәле-жала, жын-шайтаннан қорғайды,  адасқанды жолға салады.

 

Шоқымазар ата

Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Шоқымазар әулие Бейсенбай батыр деп те аталады. Жаңақорған ауданы аймағындағы Жайылма елді мекенінен 10 шақырым жерде тау ішінде түлкілі тоғанының қасында Жетімтау жанында. Кешегі кезде қыпшақтың Дүлдүл деген батыры 40 жігітпен жолға шығады. Бейсенбай әруақты бір өзі мың адамға тиеді екен. Оның бір қасиеті артына қарамай, жауға қарап шапқанда қарсы алдынан келген адам еш төтеп бере алмайды екен. Бейсенбай 10 жігітімен Жиделі, Шатырабат, Келе, Шахия өзендерінің бойын аралап, Дүлділді іздеп кешке Жетімтау жанына келіп түнейді. Ас-суын ішіп демалады. Бейсенбай барыт шешініп, жеңіл жатады. Жолдастары:

-Ау, батыр, сауытыңды неге шешкенсің, жау келіп қалай болар?- дегенде:

-Жауда мен сияқты адам ғой,- деп демалады. Енді ұйқыға кете бергенде жау шабады. Сонда Бейсенбай батыр:

-Сен мәрт болсаң, менің қылышымды алуға мүмкіндік бкр,-дейді. Дүлдүл нәмәрттық жасап қылышпен шауып өтеді.

-Нәмәрт екенсің,- деп Бейсенбай көз жұмады. Қасындағы аман қалғандары қашып құтылады. Олар Ордаға барып, болған жағдайды айтады. Ордадан (Жаңақорған) арнайы адам шығып Дүлдүлді ұстап өлтіреді. Міне, Кеңдім тауы жанында ас-су ішкенде шоқ үйіліп қалған. Осының қасында Бейсенбай батырды жерлейді. Содан Шоқымазар атанған. Көпке дейін басында шырақ жанып тұрған. Сол жақтағы тұрғындар өлгендерін сонда қояды. Қазір ауқымды молалар бар. Қасиеті: ұрпағына адалдық, тазалық таратушы. Арамдыққа қас, сұрағанға сақы,- дейді. Бұл әңгімені Аймақан қария:

-Әкеміз Ибрагим, оның әкесі Абзал аталарымыз айтады екен деп бізге айтып берген болатын.

 

Ақ ата (Мұхамедияр), Сам ата, Бақсы пірім, Ұзын ата

         Жаңақорғаннан 40 щақырым жердегі Бірлік кеңшарына 20 шақырым тау жағында Ақүйік өзенінің бас жағында Қатын қамалдың қасында Есенқызы Дариғаның айтуы бойынша, Ақ ата, Сам ата екеуі ағайынды бір туған, біздің әкеміз айтатын қасиетті бабаларды біздің ата-бабаларымыз қастерлеп өткен көрінеді. Екеуі де әулие болған Ақ ата ағасы, Сам ата інісі екен. Құрсақ көтермеген әйелдер барып түнейді. Зиянды, таза емес адам барса, жыланы көрініп жібермейді екен. Сам ата жанында бір бау бар, оны Қуандық тауы деп те атайды. Мен жас кезімде тауда ойнап жүріп, таудан құлап басымды тасқа соққанда шешем Сам ата топырағын алып, суына қайнатып басымды жуған екен, содан жазылып кетіпті. Сам ата жанындағы Қуандық атамыз диірмен қуып барған халықтың ұнын тартып беріп, қайырым қылса, анамыз барған адамды (жолаушы) шақырып, үйінен шәй беріп, кетерінде қойнына бір таба нанды тығып беріп жібереді екен. Үйлерінен үзіілмейтін кең дастарханды, кең жандар болған.

Атамыз Қуандықтың әкесі Ақбақай- батыр болған кісі. Қалмақтармен соғысып, ерлік көрсеткен. Бір жауынгершілікке Сырдарияның арғы бетінде «Балапан» төбе жағына өтіп, бір жерде демалып жатқанда, бір жансыздардың опасыздығымен дұшпандар жатқан жерінде найза сұғып, өлтірген екен. Сұғылған найзаны жігіт зорға тартып алған. Сонда:

-Менің қанымды ішіп, қарнымды шашпай орнына салып көміңдер,-деп туысқандарына тапсырып кеткен екен. Екі әйелі болған, бәйбішеден төрт бала (Қуанды, Мәмме, Мамыр, Темір), ал тоқалынан бала болмаған.

Ақбай атамыздың жылын берер кезде екі әйеліне әмеңгерлік жолмен күйеуге тиюге рұқсат етілді. Сонда бәйбіше төрт баламен бұл ұсынысқа келіседі де, тоқал «Қаршыға қонған төсіме, қарғаны қондыра алмаймын»,- деп қарсы шығады. Содан екі жақ келісімге келіп, балаларды бірге тәрбиелеп, әруақ жолын сыйлап өткен екен.

Емші Ләззат Атымтайқызының өзіне Ақ ата (шын аты Мұхамедияр) аян беріп білдірген. Бұл баба Мұхаммед пайғамбарымызбен замандас болған кісі. Ислам дінін тарату жолында іні Сам ата енді келіп, дұшпандармен соғысып үлкен ерлік көрсетен. Сам ата болса осы жатқан жерінде тек кеуде жағы, аяқ шетінен тізе бастайды. Таусылар түрі жоқтығын байқаған олар «осы да жетер, қанағат» деп қалғанына назар салмапты. Айқожа бабамыз таңсәріден тұрып, намазын оқып, қасындағы жолдасын ертіп  бара жатқанда үй иелері ере шығып:

-«Әулием-ау, осынша малды бізге Алла ғайыптан берді, бірақ оның қызығы не, керегі не, иесі жоқ қой»,-дейді. Айекең артына қайырылып қараса, мойнына бұршақ салып, еңіреп тұрған ерлі-зайыптыларды көреді. «Ендеше қолдарыңды жайыңдар, Алла рақым етсе, келесі жылы мал иесі де болады»,- деп кете береді. Жыл өтпей перзентсіз бейшаралардың отының басына ұл перзент келеді.

Тағы бірде Айқожа бабамыз Жаңақоған төңірегіндегі «Көкібай» деген жерде бесін намазына дайындалып, дәрет алып жатқандақатты ренжіп, тербетілді. Дәл осы уақытта қоқандық бір ғұлама Түркістан мешітінде уағыз айтып тасып тұрып, «бұл сахара, бұл жерде де бір ғұлама болады, ғалымдар бар, дәуірлерің күлкімді келтіріп тұр»,-дейді. Осы тәкаппарлық, астамшылық сөзге шыдамай «түйені дайында»,-дейді. Не керек, бесін уақытында Айқожа бабамыз Түркістан мешітіне келіп кіреді. Әлгі қоқандық астамшылық айтқан алып, мінберде уағыз айтып тұр екен. Сөздерінен шектен тыс тәкаппарлықты, менмендікті, өзімшілдікті аңғарған бабамыз:

-«Түу, қандай қасірет бар мына кісінің аузынан қан ақпаса игі еді»,-депті тербетіліп. Сол мезетте уағыз айтып тұрған тәкаппар ғұламаның аузынан қан кетіп, еңбектеп келіп бабаның алдына келіп құлапты. Сонда Айқожа бабамен еріп барған мумиті:

-«Кереметіңнен айналайын әулие, артынан жаяу еріп отырғанда табаным жерге тиіп, бір тимей ұшып отырғандай болдым»,-депті.

Бірде Айқожа бабамыз қарасопы мешіті салынған жерде отырады екен, бірден мал жанынын алып, басқа жаққа көшуге бел алады. Мұның себебі қарашадан шыққан Көкен батыр бірде тасыңқырап:

-Осы бір кішкентай сары шалда, мал да, ұл да көп-ақ екен, я жайлауға көшпейді,- деп кінәласа керек.

Жайлауға көшу керек болғанымен, медреседегі шәкірттердің оқуы бар, содан ұзап шыға алмаса керек. Көкеннің бұл сөзіне ренжіген Айқожа бабамыз қонысына үдере көшіп, қазіргі «Ақтас» мешітінің жанындағы жерге таяп қалғанда, ишанның ренжіп кетіп бара жатқанын естіп, соңынан қуып жетіп, елден кетпеуін өтініп, жазды, жаңылдымға басады. Сонда жарықтық бабамыз шылауына оралып, еңіреп тұрған Көкенге қарап тұрып:

-Ей, Көкен, сендей батыр ұлды қазақтың кез-келген әйелі дүниеге келтірер, бірақ әулиенің соңы мен едім ғой, мені қайдантабарсың,-депті. Аяғына тізерлей құлаған Көкенге Айқожа баба:

-Әй, Көкен-ай, болмадың ғой, бірақ кері қайтпай-ақ қояйын, ендігі мекендер жерім осы болар,-деп қолындағы аса таяғын жерге шаншыса керек. Сол таяқ тиген тұстан бұрқырып бұлақ ашылыпты. Қазіргі сол бұлақ көзі ашылған «Айқожа» мешіті қасындағы баба зияратына Көкен ұрпақтары, ишан ұрпақтары,тағы басқа қандас бауырларымыз бір кісінің баласындай жиналып барып, бабаға зиярат, Аллаға мінажат етеді.

Бердияр қарының ӘБЖАТ ілімінің кереметі жайлы сыр шертсек

 

Сейітқары Сарыманұлы Бердиярқары жігіт Құран кәрімдегі ӘБЖАТ ғылымын көп жылдардан бері зерттеп, адамзатқа пайдалы қырларын ашып, қасиетті кітаптың кереметтерін көпшілікке таныстырумен танымал болған азамат. Бұл жолы Бердияр қары Бақара сүресіндегі «Алиф», «Ләм», «Мим» деп берілген аяттардың ӘБЖАТтық шешімін түсіндіруге бел байлаған екен.

А-1-ге тең. Аллаһ тағала біреу.

Л-30-ға тең. Құран кәрім отыз парадан тұрады.

И-10-ға тең. Мұсылман әскерінің патшасы Абдурахман. 1234568910

Ф-80-ге тең. Бір жылда қырық күн жазғы шілде, қырық күн қысқы шілде бар.

Барлығы-121. Енді 7 күн жалған дүниені алар болсақ, 114 қалады. Ал Құранда жүз он төрт сүре бар.

Осы бір аяттардың Әбжаттық шешімдері таңқалдырарлық жолмен сырын ашты. Аллаһу акбар!

-Қандай кесел болса да, қояншық көз тиген, дуа мен сиқырдан құтылу үшін Әбжат ілімін меңгеру жөн,-дейді Бердиярқары. –Әбжат ілімін ілімін меңгермеген емшінің жоғарыда аталған науқастарға көмектесуі екі талай.

Ерекше ілімді еркін меңгерген қары тағы бір қызықты да ғажайып жаңалығымен бөлісті.

-Аллаһ Тағаланың әмірімен жаратылған төрт періште бар. Жәбірейіл, Әзірейіл, Исрафил және Михаил. Олардың қызмет ету кезеңдері төрт жылдан тұрады.

Әр жылдары адамдардың басынан кешер қиыншылығы, ауыртпалығы, тоқшылығы мен бейбітшілігі осы төрт періштенің қызмет ету жылдарына байланысты.

Мәселен, Жәбірейіл періштенің қызмет ету жылдарында жер бетінде тек жақсы хабарлар жеткізіледі.

Бұл періштенің қызметінің өзі- жақсы хабармен қуанту. Пайғамбарымыз (с.а.с) Аллаһтан уәки әкеліп, қуантқан да Жәбірейіл періште болған.

1992 жылы осы періштенің қызмет еткен жылдарымен сәйкес келеді. Қазақ халқына Аллаһтың нұры жауып, мейірімі төгіледі. Егеменді ел болып тәуелсіз мемлекет атанық. Бізді бүкіл әлем танып мойындады. 1992-1993-1994-1995 жылдары. Жәбірейіл періштенің қызмет еткен жылдары болатын. Сол жылдары халқымыз жақсы өммір сүріп, жағымды жаңалықтар мен оқиғаларды куәсі болған.

1996 жылы 366 күннен тұрады. Бір күн артық. Осы жылдан бастап Михал періштенің кезеңі. Михаил ыры, несібе мен тоқшылық періштесі. Сол жылы ел ішінде тоқшылық болғаны жасырын емес. Жаңа астанамызх қаланды, еңсесін биіктетті. 1996-1997-1998-1999 жылдары еліміз жаңа бастамаларға бет бұрды. 2000 жылдан бастап Исрафил періштенің қызмет ету кезеңі басталды. Исрафил – үстемдікке. Күресуші періште. Осы періштенің қызмет ету кезеңдерінде 2000-2001-2002-2003 жылдары азаматтардың көпшілігі үстемдік құруға ұмтылып, жақсылы-жаманды аттары шығып жатты. Өйткені Исрафил періште Аллаһтың әмірімен түрлі келеңсіз жағдайларға орын беріп, өз қызметін орындайды.

2004 жыл Әзірейіл періштенің кезеңі. Бұл періште жаналғыштығымен қатар берекені қашырады. 1989-1990-1991 жылдарда да Әзірейіл періште қызмет еткен еді. Жан алушы, барды жоқ қылатын тоқырауға ұшырататын періштенің қызметімен сол жылдары алып СССР ыдырап кеткен болатын.

Бұл жолы да жақылық әкемеді. Халық нәпсіге бой алдырды, адам мен адамның арасында мейір-шапағат қалмады, өзі тойса да көзі тоймайтын парақорлар көбейді.

2004 жылдан бастап жоғарыдағы шенеуліктер мұнайды қымбаттата бастады. Азық-түлік бағасы көтеріліп, халықтан береке қашты.

Жұрт жаппай тоқырауға ұшырады. 2008 жыл Жәбірейіл періштенің қызмет ету жылы Құдайға шүкір, қандай жолмен болса да жер мен баспана бағасы біршама төмендеді. Халықтың болашаққа деген үміті ояна бастады.

Сондықтан халықтың, мұсылман бауырымыздың осы жылдары Алла Тағаланы көбірек еске алып, оның әміріне мойынсұнып, ғибадатқа көңіл аударғаны дұрыс.

 

Егеулі ата

 

Қайта түлеп еркіндік алған қазақ жерінде тарихы белгісіз болып келген бабалар табылып жатыр. Солардың бірі Шиелі ауданына қарастытау беткейінде Дарбаза деген жер жағында Егеулі ата қорымы табылды. Бұл бабаның аңыз-тарихын халық емшісі Сыздықов Ақылбек Жаңабайұлы мен сол ел тұрғыны Әкірам және кәсіпкер Әшімұлы Сұлтандардың естіп білген әңгімесіне сүйенсек, Егеулі ата диқаншылықпен айналысқан. Айналасындағы жетім-жесірлерге  қайырымы мол әрі көріпкел, емші болған әулие кісі екен.

Кешегі қалмақтардың қазақ жеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған кезінде бұл кісі егін егіп, бидайды қырманға салып, енді халыққа бөліп беру қарсаңында жоңғарлар шабуылына ұшырайды. Сонда әулие Алладан медет тілеп, мына жаудан құтқа көр, тау жарылып сол тау ішіне кірген екен.  Қалған асықтармен қауын-қарбыздарын кәсіпкерлер пайдаланбасын деп Алладан тілеп дуа жасап, тегіс тасқа айналдырған екен. Ал қауын-қарбыздары тас болып шөп арасында домалап жатыр. Әулие басына кейінгі ұрпақтары қорымын биіктетіп белгі қойған, жанында бабаның бұлағы бар. Келген адамдар зиярат етіп, бұлағынан су ішіп, шомылып ем алады. Суы әсіресе қышыма мен аллергияға ем. Алдағы уақытта баба туралы құпия сырлар анықтала түсері сөзсіз.

Бекбай ата

 

Шиелі ауданына қарасты Талаптан деген жерде дүниеге келген. Арабша сауаты бар, әруақты адам болған. Жынданған, сал болған адамдарды емдеген. Қажыға үш рет барған. Үшіншісенде өз тілегі бойынша құдай тілегін қабыл көріп, сол жақта қалып қойған. Кенбайұлы Тоқболат осы Бекбайдың немересі. Тоқболат ата жолын ұстауа кеңес мүмкін болмаған. Мен Жаңақорғанда көп жыл колхоз бастығы болып, жетім-жесірлерге көмегі тиген. Тоқболаттың қайын атасы Бекбенбет Ақмешітке белгілі имам кісіболған. Ол қарақалпақтың қызы Рәзияға үйленіп, одан Фатима, Нәзипа, Әмина, Шәмшия, Алдаберген есімді перзенттерді дүниеге әкелген. Атаның әулиелік қасиеттері туралы әңгімелер кезінде ел аузында көптеп айтылғанымен, қағаз бетіне түспеген.

Кенжеқожа қажы баба

 

Кенжеқожа қажы бабамыз жөнінде әкеміз (Әшім) көп айтушы еді. Әкем алдындағы бес ағасына еліктеп өскен көрінеді. Жасынан батыр болсам деп, үйінің маңдайшасына найза мен қалқанды іліп, айтқанды істеген жақсы тәрбие көріп, өскеннің әсері ел ішінде, беделді де, өткірлік батылдығымен, қайда дау, жанжал болса, бұлар араласқан жер тыныштықпен аяқталып жатады екен. Бұлар бар жерде ешқандай ұрыс-керіс, жанжал болмайды, «Шүңгілдің алты бөрісі келе жатыр» дейді екен.

Бұрын осы Түркістан уалаяты бірде Қоқан, бірде Бұхар, бірде Хиуа хандарының қарауында болған. Міне, осы хандықтардың отаршылық, азаттық күрестеріне қатысып ерлік көрсеткен. Сырым Датұлының азаттық күресін қлдаушылардың бірі болған. Ол кезде бір елді бір ел шауып, барымталап малын, жанын тонап кететін заман. Міне бабамыз Кенжеқожа 12 жаста екен. Ауыл қыста Сырдария арғы бетінде Көкжиде, Өзгент бұған қарасты Төменарық елді мекендерін қыстаса, тау беткейінде «Арыстанды», «Түлкілі», «Кендім жотасы» және Қабыл Мұстафа, Ақтас, Ұзын бұлақ, Шалқия бойларын жайлайды екен.

Міне, осындай жайлауға шыққан қарсаңда Теріскейден 50 шақты барымташы келіп, ауылдың қолда бар малын айдап кетеді. Міне осыған ауыл үлкендері болып барымташларды қуып малды қайтаруға елің ірі басты адамдары жасақтанды. Сол кезде Жаңақорғаннан Түркістанға Әмір келіп жатқан екен. Мұны естіп, олда күш қосады. Ол кезде ұрыны, не барымташыны ұстаса дарға не қадаға отырғызатын кез екен.

Міне, Кенжебабамыз жас болғандықтан ағалары ауылға тастап кетеді екен. Сонда Кенже шешесіне жалынып рұқсат алып, Ремет деген немере інісімен бірге аттанады. Шешесі балаларынан қалған үйдегі найзаны, қалқанды беріп:

-«Аллаң жар болсын, әруақ қолдасын», деп бала көнбеген соң батасын беріп кетеді. Міне бұлар арттан қуып ағаларының соңынан келсе, Түркістан Әмірі канал бойына шатыр тігіп, барымташылар бұзып кеткен көпрді жөндетіп, 50-60 адамды қуғынға жіберіп енді жайғасып жатыр екен. Көпір аузына екі күзетші қойған. Бұлар жақын келіп ба»қап тұрады. Екі қарауыл бір жақтай әңгімеге кіріскенде, Ремет екеуі атты қойып беріп жібереді. Отырғандар улап-шулап қолып қояды. Бір бел айнала бергенде үлкен атасы Қосжан кетіп барады екен. Кенже інісін танып қайтпайтынын біліп, кете бер мен де жетем. Аллаң жар болсын.Мүмкін болса найзаңды қолтықтан сал, аттың шылбырын алып беліңе байла,-деді. Одан әрі біраз жүрген соң, Смайл деген немере ағасы Кенжені көріп:

-Ай, Кенже, атыңды маған бер, мына жамандатқыр жарамай қалды,-дейді. Бірге келе жатқан Реметтің аты да қала бастады.

-Ау, мақтаған атың не болды, мүмкін тер шықпай келе жатқан шығар, қалма,- деп жөней береді. Алға бір бел асқанда бес аттылы жайбарақат әңгімемен кетіп бара жатыр екен. Бабамыз:

-Тоқта, тоқташы, артыңнан қосың келе жатыр!-Олар жалт қарап, мұны баласынып менсінбей жортып кете береді. Бір қара төбел ат сүрініп кетіп, үстінде отырған кісі ұшып түсті, сол кезде баба екпінмен келіп, оны атпен қақтыра орныңнан тұрма, артыңнан қуғыншы келеді. Сол кезде арттан Қосжан жетіп, әлгі қара төбелдегі адамды тез байлап, атының сырғасын тайған екен, соны жедел салып мініп алыпты.

Кенже болса алдағы төртеудің біріне ақбоз аттыға найза салып аттан құлатып, үшіншісі шоқпармен ұрып жығып үлгерген. Ақбоз аттыға татар қолтықтан найза салғанда қабырға сыртына найза ұшы өткен. Ол да, қарулы кісі екен, найзаны шығанағымен ұрып шығарып жіберді де аттан құлап түсті. Қалған екеуі қашып кетеді. Енді бір белден аса үлкен алаңда 20-ға тарта адам барымталап алған малды үйіріп алып, сол жерде бөлісуге күтіп жатыр екен. Кенже келгенде арттан ағасы бастаған оншақты адам жетіп те үлгерді. Оларды атына мінгізуге үлгертпей ұстап барлығын айдап алып қайтады. Міне бабамыздың алғашқы ерлігі осылай басталған екен,- деді әкем.

Міне, осы жолды Әмірдің көзіне түсіп іліккен баба беделге ие болды. Кенже бабамыз Қыпшақ, Досбол Датқамен замандас болып, бірін-бірі қатты сыйлап өткен екен. Бұл кезде Шиелі, Жаңақорған, Түркістан өңіріне қарайды. Бір жылы болыс сайлауында Босбол датқа сайланбай қалып, келесі жылға қалады. Сөйтіп, Досбол Талдысу (Ынтымақ) деген жерде қыстайды. Ол кезде Кенде бабамыздың жасы алпысқа жақындап қалған кезі.

Түс көріп Досболдың басындағы бөркіне түскен ай сәулесі аспанға созылып шұғыласы айналаны жарқ етіп тұрғанын көреді. Мінекей, өз қадірімен замандасына түсін жорытып алдағы үлкен айқаста сәт-сапар тіледі. Сөйтіп келесі жолы сайлауда жеңіп шығады. Досбол би болып сайланады. Ол кісі жөнінде әкеміз көп әңгіме айтатын. Досбол өзінің адалдығымен, асқан шешендігімен, турашылдығымен көзге түсіп, атағы қазақ даласына жайылып, үлгілі сөздері кейінгілерге жеткен. Бұл кісінің бір қасиеті дүниеге қызығып мал жинамаған, аға-туыстары қуатты болған. Түскен дүниені бөліп беріп отырған. Міне оған дәлел-Досболдың бір баласы үйленіп тойы өтеді. Бірақ құда шақыруға жағдайы болмайды. Есік алдында кере десе уақ малы да қалмаған. Бір күні жаңа түскен жас келін уақ малды көгенге көгендеп қолына шелегін алып көгендегі малға бергенде бір жеңгесі: «Қарағым ол біздің қой»,-дейді. Екінші көгенге барса, екінші жеңгесіде солай дейді. Келін жылағандай үйге кіріп кетеді. Бірақ арсалаңдап қанша жүргенімен, нәубіт (құр) қайтыпты. Мұның мәнісін түсінген ағайындарды мал шалып, құдасын сыйлап жіберген екен.

Кенжеқожа атамыз 74 жасында Иманбердінің әйелі Қадишаның апасын алады. 17 жасар науқас қызды емдеп жазып ата-анасының ризашылығымен алған екен. Одан бір бала туады. Атамыз 86 жасында қайтыс болып Өзгентке жерленеді.

ҰБАЙ ИБН ҚАҒБ

 

     Ұбай ибн Қағб  Мадина- Хазраж руынан. Пайғамбарымыз  Меккеден Мәдениге қоныс аударғанда  ол да осында келген. Келгеннен кейін, ол кісіге  Пайғамбар  Алладан келген  уаhиды  жазып жүру  міндеттерін жүктейді.  Сондықтан бұл  кісіге Пайғамбарымыздың бірде-бір сұхбатынан  қалмайтын еді.  Ұбай (р.ғ.)-дің  тағы бір ерекшелігі –  сегіз күнде  Құранды толық хатым етіп  шығатын еді.  Сол үшін де  Пайғамбарымыз: «Бұл-ұлық сахабам, үмбеттерім ішіндегі  ең көп  және жақсы ділдар, яғни  қырағат  қылатыны» деп мақтайтын.

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Үмбеттерімнің  ішінде адамдарға  мейірбаны -Әбубәкір, Алланың дінінде күштісі- Омар, сыпайы мінездісі- Оспан,үкім шығаруда ілгерісі- Әли және ең көп тіләуат қылатыны,ділдар Ұбай ибн Қағб»- деп төрт Халиптен кейін бұл кісінің тағы бірі – құран  ая ттарындағы нәзік  жеріне шейін жақсы түсіндіруінде еді.

Бір күні Пайғамбарымыз Ұбай (р.ғ.)-ді шақырып оған: «Саған қайсы аят  көбірек ұнайды, сенің көзқарасыңда қайсысы ұлықтау?» деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Аллаһу лә иләһә иллә һу» аяты, – дейді

Сонда Пайғамбарымыз оған риза болып: «Әй Мунзирдің әкесі саған білім игеру   жеңіл болсын»- деп дұға қылған екен.

Ұбай (р.ғ.) Пайғамбарымызға  Алладан келген  аяттарды  жазудың алдында, кейін де оқып береді екен.

Пайғамбарымыз (ғ.с.) дүниеден өткеннен кейін, Ұбай (р.ғ.) -дің алдында басқа  сахабалар дін жайында  маслихат сұрап келетін еді.  Ол кісі құран және сүннетке  негіздеп келгендерге фатуалар беретін еді. өйткені, ол Құран Кәрімді де сүнетті  де жаттап, қандай аят және хадистен  қайсысы қаланғандығын   басқалардан жақсырақ түсіндіретін.

Мұсылмандар  арасында  өзінің тақуалығы,  құлшылықта  беріктігі және басқа  да ұлық  сипаттармен  ерекшеленген  Ұбай  (р.ғ.)-ға Халифа Омар: «Сайидил Муслимин», яғни «Мұсылмандардың  ұлығы» деп атаған. Бұл кісі һижри жыл санауының  22-ші жылы дүниеден өтті. Ұбай  ибн Қағб (р.ғ.)- тің дүниеден өтуі Мәдина жұртына кең жайылды.  Үлкен-кішінің аузында: «Мұсылмандардың ұлығы» өмірден өтті,- деген дауыстар әр жерден  шығып жатты.

Алла тағала баршамызға ұлық  сахабалардың жолдарымен жүруді және солардағы сипаттардың біздерге де жетуін нәсіп қылсын.

 

ҚҰШ АТА

 

      Құш ата Қожа Ахмет  Йассауидің он екі  шәкіртінің  бірі, сайыскер, құс салатын адам болған.  Ол ислам дінін жергілікті тұрғындар  арасында  таратуға үлкен үлес қосқан.  Кентау мен түркістан  арасындағы жол бойында  орналасқан  Құш ата мазарын сол жердегі өзбек  ағайындар  күтімге арналған.  Құш ата жөнінде  деректер жоқтың қасы.  Келер ұрпақ бұл әулие  жөнінде тың мәліметтер табады  деп сеземіз. Бір деректерде  Құш атаның  шын аты Қарашайық. Осы Қарашайықтың  әкесі Баһауадин шайхтың  екі ұлы болған: Үсеншайық, Қарашайық. Міне, осы Қарашайық құсбегі  әулие болған ұрпағы Құттықожаұлы Әбсаттардың айтуы бойынша.

 

ӘЛІХАН БАБА

 

      Ордабасы өңірі  қашаннан  аңыздарға  бай екені белгілі. Мұнда тарихымыздың  әрбір  кезеңінде  небір  оқиғалардың болғаны белгілі.  Соның ішінде, Қоқан билеушілеріне  қарсы күрес  кезіндегі жайлар  өз алдына  үлкен әңгіме.  Қазағымыз  бұл жерді  кейде тіпті  әулиелі  жер деп те айтады. Ел аузындағы  аңыздарға  сенер болсақ, шежіреге  бай өңіріміздегі  үлкен әулиенің бірі-Әліхан ата деп аталады. Оның мазары  ордабасы тауының күнгей бетіндегі жотаның үстінде. Аруағына сыйынып,зиярат етуге  жан-жақтан  келушілер легі  соңғы  жылдары  ешбір толастаған емес. Алладан тілеу тілеп, дертіне саулық іздеп, әулиенің басына түнегендердің көбісінің  жан дүниесі сергіп, арқасынан ауыр жүк түскендей  сезініп, шүкіршілік етіп  қайтып жатқандарын  күнделікті көріп те  жүрген жайларымыз бар.

Сөз болып отырған  Әліхан  ата хақында  халық  арасында  бұл күндері  әртүрлі  әңгіме  айтылғанымен, оның қай уақытта  өмір сүргені  жөнінде нақты  дерек жоқ.  Біз білеріміз-ол кісінің кереметтері.  Осы  төңіректегі  ел арасында 1932 жылға дейін  әулиенің шырақшысы  болған, ескіше сауаты күшті,Мұқтасарды  тауысқан ілімі  терең Ақкүл ана айтып отырады екен: «Мен бейсенбі, жұмада  Әліхан атаның басына барып,шырақ жағып, тәу етіп тұратынмын. Ерте көктем еді, мал раңдап, ер тырбаңдап, елдің шаруадан қолы босамайтын, қарбалас  та   қауырт шағы.  Бейсенбіде де, ертеңіне түске дейін де қолым тимей, түс ауа, бесін намазынан  соң ғана  әулиеге  қарай шықтым. «Қап, әттеген-ай, әдеттегідей түске дейін баруым керек еді, бұл жолы кешігіп қалдым-ау» деп өзіме қапаланып әулиеге тіке шығатын  жартас жиегіндегі  төте жолмен асығып келдім. Құранымды оқып, шырақты жаққан  соң,үйге қайтуға  оқталғанымда, алдымнан  ұзын бойлы, ақсақалды, ақ киімді  ата пайда болды. Ол:

–          Балам, құбылаға қара. Мәһатіллаға ( Мекке-Мәдина даласы) ұшамыз. Көзіңді жұм, ашсаң  жазым боласың, -деп ескертті.

Көзімді жұмғаным сол, тосын бір күш көкке  көтеріп әкетті. Парылдап,  аспанда ұшып баражатқанымды сеземін. Бір кезде:

–          Балам көзіңді аш,- деген таныс дауыс естілді.  Жан-жағыма қарасам, қызғыш топырақты жотаның төбесінде тұр екенмін. Ата айтты:-Балам,  мына төңірегіңдегі  қасиетті дала-  Мәһатілланың топырағы, содан екі уысыңа сыйғанша  сығымдап ал!

Мынадай тосын жағдайға  таңданғаныммен, ойланып тұруға  мұршам келмей, қасиетті Мәһатілла  жерінің топырағынан  шеңгелдеп, екі уысымды толтырып  алып, тұра бергенімде, ата:

–          Ал балам, енді кері қарай ұшамыз, көзіңді жұм,- деді. Аяғым жерге тимей, тағы да парылдап ұша жөнелдім. Содан:

–          Көзіңді аш,- дегенде, баяғы кішкентай жалпақ тстың  үстінде  тұрғанымды  бір-ақ көрдім. Әлгі ата:

–          Балам, анау екі  уысындағы  қасиетті  топырақ барлық ауру, сырқатқа ем . шаршыңның (орамал) бір бұрышына  түйіп ал.  Бұл топырақ өз өміріңе жетеді, -деді.

Мен бір нәрсе сұрамақ ниетпен  оқтала  бергенімше, көзден ғайып болды». Ақкүл ана осының барлығына  таңдап қайран қалды. өң мен түстей бұл не  ғажап? Бұл маңайда  дәл осыған  ұқсас топырақ жоқ,  жаңадан көктеп келе жатқан  жас шөппен Әулиенің таспен қоршалған  қорғаны ғана. Кимешегінің бір ұшына  топырақты  түйіп алып, бар-жоғы шай қайнатым уақытта   Алланың көрсеткен кереметіне  шүкіршілік етіп, үйіне орлады.

Көрген кереметін  отбасындағылар  мен ауылдастарына  айтса,бірі сенгенімен, екіншілері сенбеді. Әліхан ата әулиенің  шарапаты тиіп, Мәһәтілладан әкелген  топырағын  өте бір көзі  қимас  асыл затындай мұқият сақтап, қастерледі. Ем іздегендерге, әулиеге келушілердің кейбіріне:- Шайыңа салып іш,-деп, бір шымшымнан емге беріп жүрді. Сырқаты тез айығып, Ақкүл ананың Әліхан ата әулиенің  шарапаты  деп түсініп, ризашылықпен  қайтады екен.

 

 

*          *         *

 

Ордабасы  тауының күнгей бетінде  Әліхан ата  әулиенің мазары тұр. Ол туралы жергілікті тұрғандар  арасында түрлі  жорамал,аңыз әңгімелер айтылады. Соған қарағанда, ол ауру-сырқатты емдейтін қолы шипалы,  үлкен емшілік  қасиетіне ие, киелі жан болғанға ұқсайды. Әрі Ислам дінін халық арасында  насихаттаушы, адамдарды хадистермен сусындатушы,осы арқылы тазалыққа тәрбиелеуші. Өз замандастарын намазға,имандылыққа ұйытуда көп еңбек сіңірген деседі.

Ақ пен қараның алма-кезек алмасқаны секілді, жақсы мен жаман да тайталас түсіп жатады. Егер,  жер-дүниені тек жаманшылық басып кетсе, онда айналаны  қараңғылық торы тұмшалағандай болмай ма? Демек,  жақсылық деген өз сәулесін әрдайым себезгілеп тұрары даусыз. Әліхан ата әулие де өз заманының бір жарық шырағы ретінде айнала төңірегіндегілерге шапағат нұрын аямай шашқан…

Ол кісіге  Алла тағаланың  бір берген сыйы-түркі тілдес көптеген  халықтардың тілдерінде  емін-еркін  сөйлей алғандығы. Жас кезінде  Меккеге  қажылық сапарына  бір рет барып келген дейді.  Кейіннен жасы ұлғайғанда,ол жаққа түйемен тағы бір рет аттанған. Мына бір жәйт-әулиенің шапағат-мейрімінен  мол хабар береді. Соншама алыс сапар,қиын жол үстінде  де адамдарға  жақсылық жасау қасиетінен айрылмаған. Сөйтіп өзіне  Алла тағала  бнрген  өнердің  арқасында  жол-жөнекей де  ауру-сырқаттарды  емдеумен айналысқан. Сондықтан  да болса керек, халық оны «екінші Лұқпан хакім» атаған.

Әліхан ата мазарының айнала төңірегі  киіз үйдің  аумағындай жерді алып жатыр. Түстіктен  теріскейге қарай сәл созылыңқы, биіктеу етіліп, мәрмәр  тастармен қоршалған. Ортасында  қалың жидек өсіп тұр. Жабайы шие ордабасы  тауының кез-келген  шатқал- жыраларынан  кездеседі. Ал, әулие  мазары үстіне өскенінің басқалардан едәуір ірілігі байқалады. өзіндік ерекшелігі бар  әрі өте дәмді.Зиярат етушілер құран бағыштап, қорғанның тастарына қастерлей қол созып, әлгі қып-қызыл шиеден теберік деп ауыз тиеді. Бәлкім дертіме  болсын дейтін шығар.

Осыдан біраз уақыт бұрын, айта беретініміздей, кеңестік дәуірде, елуінші жылдары Сәлима атты  бір жас келін   әулие мазары  маңындағы тау  жырларынан  тасжарғын  бұтасын отындыққа  шауып, әкеле жатады. Әліхан ата  әулие  мазарының  тұсынан өте бере, пендешілік емес пе, отынына  отын қосу ниетімен  біз айтқан киелі шиені де шаппақшы болады. Сөйтіп керпенінен бұтаны шаба бастағанда, ойламаған жерден тылсым күш бір құлағынан шың еткізіп ұрады да, құлағы тас бітеліп қалады. Зәресі ұшқан келіншек келеңсіз ісін дереу тыйып,үйіне қайтады. Бірақ, құлағы сол күйі ашылмайды.

 

*        *         *

 

Ордабасы тауындағы  Әліхан ата әулиенің  іргесіне  қоныс тепкен  Манаш  алғашқыда  кедей болған екен. Ешкімге зиянын тигізбей, егіншілікті кәсіп етіп, өз күнін өзі күйттепті.

Бірде тарықонағы әжептәуір  өсіп қалған кезде көрші ауылдағы  Байсақал  бойдың бір үйір  жылқысы түнде  түсіп кетіп, таң атқанша  жайылып, егінді тып-типыл тақыр жерге  айналдырады. Мұны көріп, есіл еңбегінің  желге ұшқанына  іші удай ашыған Манаш топ жылқыдан бір қара қасқа құлындыбиені тарының бодауына деп ұстап алып, есік алдына  байлап қояды. Сосын егесіне  хабар жібереді.

Сәскеде байдың  жылқышысы мен баласы келіп  қара қасқа тайлы биені  қайтарып беруді сұрайды. Манаш өте өжет кісі екен:

–          Бие берілмейді. Себебі, сендердің  аяқты малдарың  менің үміт етіп отырған  аяқсыз малымды таптады. Аяқты малына ие болмаған адам  өзінен көрсін. әңгімені көбейтпеңдер,-деп бір-ақ  қайырды.  Түс ауа қырық шақты атты кісі  келіп, қара қасқа тайлы биені  қайта даулайды. «Басқа малды алсаң да мына биені қайтарып бер»,деген талап қояды. Бірбет кедей тайсалмастан оған да  көнбейді. Байдың да, оның шабармандарының да мысы құрып,не амал қыларын білмей,сасады. Сөйтіп тұрғанда, қырық аттылының арасынан шоқша сақалды бірі:

–          Манаш інім, сенікі де орынды, көнбеске амалымыз жоқ. Енді біз жүреміз. Бірақ, аттанбас бұрын қояр бір сауалым бар: саған  бата керек пе әлде бие керек пе,соны айтшы,-дейді.

Сонда:

–          Қария, қиын жерден ұстадыңыз, қайыр, қайыр, батаңызды беріңіз,- деп ұлы сөзге құлақ асады.

–          Манаш, онда қолыңды жай, 7-дейді де мынадай бата береді:

–          Уа,Манаш, кеткенің келсін,кемтігің толсын, Әліхан ата әулиенің іргесіне қоныс тепкен екенсің, аруағы қолдап, тәңір иесі тілеуіңді берсін,әумин!

Орнына  ештеңе  сұрамастан , қара қасқа тайлы биені жетектеп  жіберген Манаш бата берген шоқша  сақалды кісінің кім екенін қапелімде біле алмай қалады.

Арада бие сауым  уақыт өтер-өтпес құбыладан  екі шөкім  бұлт шығып,  жақындаған сайын  көлемі ұлғая түсі,тас төбеге келгенде бір-біріне  соғылып, сатыр-сұтыр  күн күркіреп, жарқ-жұрқ найзағай ойнап, нөсерлетіп жаңбыр жауады. Шелектеп құйған жауын  дәл осы төңіректі   үш қайтара айнала төгіп-төгіп  өтеді. Сел болып аққан  су арықпен  келгенненде көп. Керемет…жаңбыр тарының үстіне  ғана қатты жауған да, оның  айналасына  сіркіреп  қоя салған.

«Қырықтың бірі-Қдыр» деген сөз бекер емес, Манаштың қария уәжінде  тұрып батасын алғаны сол,Әліхан ата аруағының  қолдауымен шаруасы  дөңгеленіп жүре берген…

 

 

АҚ АТА БАБА

 

     Ақ ата бабаның кесенесі Сайрамның Ақкөпір дейтін  жерінде  рналасқан.  Кесененің көлемі 4х5м, биіктігі 5,5м. 1995 жылы әулиенің  басына ақ күмбезді үлкен ғимарат тұрғызылды. Ақ кірпішті әсем кесене сайрамдық Б.Қалметовтің  қаржыландырумен  салынды. Ақ ата әулиенің шын аты  Шахибитдин Испиджаби екен. Оқымысты, халыққа  тақуалық жол нұсқап, имандылыққа  шақырған ғұлама. Қожа Ахмет Йассауидің бірінші ұстазы болған. Ақ ата кесенесінің  күнбатысында Көз ата кесенесі тұр. Кесене сайрамдық Бергенбай Құдай бергеновтің қаржысымен тұрғызылған. Төңірегі қоршалып, түрлі ағаштар отырғызылған. Анақтауымызша   X-XI ғасырда өмір сүрген  ғұламаның өз дәуірі  ғалымдарының  ұстазы, құдіретті, керемет әулиелік  қасиеті бар парасатты,ғажайып ақыл иесі болғаны анық.  Сол кезеңде  Қазақ сахарасында  бірқатар айтулы ғалымдар,жазушылар, әулиелер өмір сүрген.

Сондықтан халқымыз  сол ұлылар  ауағына  мың жылдан бері бас иіп келеді.

Шатқалаңдар  бабаның бір ұрпағы  Нысан деген (Сүлейменұлы  Бердіқожаның бабасы) әруақты адам болған.  Талап елді мекенінің  тау жағында Кітән шахан  деген тау бар. Кітән  құсбегі  таудан бүркіт  балапанын  алам деп арқаны  үзіліп,  шапаны жайлап  құлап  өлген екен.  Сол таудың  шетімен нысан  сол Кітән  құлаған  құзға келеді. Қасындағы жолбарыс  қайрап, сен Кітәннан  кейінсің бе, қожасыңғой көрсет кереметіңді,-дейді. Содан Аллаға  сыйынып, 300 метрден  аса тау басынан секіреді. Содан ағып  жатқан  өзенге түсіп бір ағын ақсай басып кеткен  екен.

 

 

ИСМАЙЫЛ АТА

 

Тұрбат селосында  Қожа  Ахмет  Йассауидің әулеті Исмайл  ата және Қошқар  атаның кешенді кесенесі бар.  Иммайл атаның  кесенесі порталды. Қошқар ата  кесенесі көп қырлы  конус  сияқты күмбезбен жабылған. Ескерткіш мемлекет  қорғауына  алынған. Аңыздарға  қарағанда,Исмайыл ата Әзірет  Әлінің Мұхаммед Ханафия  дейтін баласынан  тараған. Соғыс кезінде  басқыншылар  Исмайыл атаны  тұтқынға алып, өз еліне айдап кетеді. Тұтқындар дұшпан малын бағып жүреді.  Исмайыл көп уақытын үңгірлерде, Аллаға ғибадат қылу, құдайға құлшылық етумен өткізеді.

Бір ғажабы – Исмайыл бағып жүрген  малдар аман әрі семіз  болады екен. Осыны көрген және  ғибадаттарын есіткен дұшпан  Исмайылды тұтқыннан құтқарады.  Аңыздарға қарағанда, Исмайыл атаның 18 ұлы, 17 қызы болған екен.

 

МАХМҰДХАН АТА

 

         

Қожа Ахмет Йассауидің үлкен бабасы-Махмұдқан  атаға тұрғызылған кесене уақыт өтуімен бұзылып кеткен. Кешегі Кеңес кезінде кесенені жөндеуге рұқсат болмады. Соңғы жылдары сол төңіректегі кісілер  Т.Халмұратовтың басшылығымен  көлемі 4х5 м, биіктігі 7 м ғимарат тұрғызды. Кесененің дуалы күйдірілген ақ кірпіштен салынып, күмбезді түнікемен жабылды.

Тарихи деректермен Сайрам  мұражайындағы шежіре деректері бойнша, Махмұдхан ата тегі Әзірет Әлінің Мұхаммед Ханафия дейтін баласынан бастау алады. Махмұдхан  ата- Ыбырайым  шайхтың әкесі, ол оныншы  ғасырда  өмір сүрген. Үлкен ата-бабалары  және ұрпақ  әулеттерінен көп оқымысты  әулиелер шыққан. Махмұдхан ата  оқымысты, үлкен ақыл-ой иесі, ғұлама ұстаз болған.  Ислам өркениетінде Махмұдхан  атаның өз орны бар. Махмұдхан атаның әкесі Ифтихар шейх туралы  мынадай аңыз тараған: жау шабуылы  кезінде ол көп  жерінен жарақат алады. Жауды қазіргі Азаттық селосына дейін қуып барып, әлсіреген, көп қан жоғалтқан Ифтихар шейх өлім алдында  былай депті: «Туғандарым,жерлестерім, өлсем мені осы төбеде жерлеңіздер,солтүстіктен келетін жауға қарсы түрік басы болып жатайын». Ұлы кісінің  өсиетімен  сол ел «Түрік басы»  болып аталады. Соңғы кезде  түлкі басы (лициса голова) деп дұрыс айтылмай жүр.  Баба қабірі басына келіп, дұға құран оқушылар  үнемі  үзілмейді.  Қабірі  Түлкі басы жерінде  таң басында үлкен жол бойында.

 

СҮЗІК АТА

 

     Сайрамның оңтүстігінде  төбешікте Сүзік атаның кесенесі орналасқан. XII-XVI   ғасырларда   тұрғызылған кесене табиғи әсердің салдарынан қираған. XVIII ғасырда көлемі 27х27х5 см  күйдірілген кірпіштен қайта тұрғызылған кесене  уақыт өтуімен бұзылып кеткен. 1996 жылы Сүзік ата кесенесі Анармат,Ергеш және басқа да азматтардың көмегімен қайта саланды. Кесенені салуда ұста Рысмет Тұрдыметов үлкен шеберлік өнерін танытты. Ғимараттың көлемі 5х5,5м. Биіктігі 6,5м. Сайрам тарихында айтылған деректерге қарағанда, Сүзік атаның өз аты Мұстафақұлы Қожа болып, Ахмет Йыссауидің қыздан туған немересі делінген. Жас бала кезінде үлкен бабасының қасында маужырап,момын болып,ұялыңқырап тұрады екен. Сонда Ахмет Йассауи сүйсініп: «Кел,шырағым, менің сүзгім» дейді екен. Сол бойы ел «Сүзік ата» атандырған.

Сүзік ата ғұлама кісі болып,Алланың әмірін, пайғамдардың жолын берік ұстаған. Намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, қажыға бару сияқты қараздарды кідіріссіз орындаған. Ташкент қаласында да Сүзік ата кесенесі және мешіті бар. Бір зәулім көше сол әулие атымен аталады. Ташкенттіктер де Сайрамға келіп-кетіп тұрады.

 

ҚОЖАЙ САЛЫҚ

 

       Сайрамның шығыс жағында  Қожай Салықтың  кесенесі бар.  Бұл ғимарат екі порталды, бір күмбезді  болып келеді, көлемі 6,7х6,5м, биіктігі  7,7м. XVIII ғасырда күйдірілген кірпіштен  соғылған  кесененің бояу, бедерлері түсіп қалған. Ескерткіш мемлекет  қорғауына алынған.  Қариялардың  айтуынша және «Рисалай Сайрам – Испиджаб» кітабындағы  жазуға сәйкес., Қожай Салық-Әзірет  Қыдыр ғалайки-саламның әкесі. Ол кісі  өз заманында оқымысты ғұлама болған, жалғыз жаратқанға құлшылық еткен.

Тарих кітабында  Қожай Салықтың әйелі Бібіғияс ана қабірі Міралі  баб қабрстанында делінген. Бібіғияс анаға сайрамдық Жолдас Назарбайұлының қаржысымен кесене тұрғызылды.

 

ҚАЗЫ БАЙЗАУИ

 

         Сайрам қыстағының  Оңтүстік дарбазасынан  шыға берісте, сол жағыңыздан өте ерте салынған кесене көзге шалында. Бұл-Қазы Байзауидің бейіті үстіне орнатылған кесене. Оның өлшемдері: көлемі 7х9м, күмбезінің  биіктігі 11м. Бұл ғимарат XIX  ғасырдың  орта кезінде  тұрғызылған деген жорамал бар. Кесененің батыс және оңтүстік  жағында кішігірім бастырмалар құрылған. Қазы Байзауи  кесенесінің республикалық маңызы бар. Үкімет тарапынан қорғауға алынған. Оған Иран, Ауғаныстан, Түркия және Өзбекістаннан да зиярат жасаушылар келіп тұрады.

Қазы Байзауи  туралы  мынадай дерек бар. Бұл кісінің әуел бастағы есімі –Ишан Қожа, ол IX-X ғасырда өмір сүрген. Қазірет өз заманының көптеген ғылыми жетістіктерін оқып үйренген.  Әсіресе Құран кәрімді, хадистерді жас кезінен-ақ біліп алған. Кейбір тарихи  деректерде оны  осы өлкедегі  үлкен ғұлама етіп  көрсетеді.

Қазы Байзауи  туралы  мынадай бір аңыз бар. Қазы тұрған қаланыңпатшасы кіші әйелімен  жанжалдасып қалып, ашу үстінде  оны үш рет талақ етеді. Соңынан ашуы басылып, өзіне өзі келген соң сүйікті  әйелімен шариғат жолын сақтай отырып, қайта табысуды жөн көреді. Сол төңіректегі  молдалардаң  ешқайсысы  патша тілегіне  лайық шариғат  заңын тауып бере алмағанда, Ишан Қожа  әзірет өзінің білімділігімен,ақылдылығымен  патшаның көңілінен шыққан  екен.

Қазы Байзауидің «Құран тәпсірлері» деп аталатын екі бөлімнен  тұратын кітабы дүние жүзіндегі ең жарамды тәпсірлер болып саналады. Кейбір мұсылман елдерінде  әлі күнге дейін  оқу құралы ретінде  пайдаланылып келеді. «Сайрам шежіресі» кітабына қарағанда, әділеттілікті іздеушімен билік айтушы, үкім шығарушылардың пірі болған әзіреттің  өз өтініші бойынша, оны қабірге тікесінен отырғызып, басын шығысқа қаратып жерлеген. Бұл кітапта  Ишанның шәкірті  Лутфулла Сайрами туралы  да  мәлімет бар. Ол отыз жеті кітап  жазып, ғылымдық дәрәжесіне  жеткен. Кейін «Данышпан баба» есіміне ие болған.

 

 

МІРАЛІ БАБА

 

        Көне Сайрамның батыс жағын ала жайғасқан  Міралі бабаның кесенесі XIXғасырдың  екінші жартысында тұрғызылғын деседі. Бұл ғимараттың жалпы  өлшемдері төмендегіше: көлкмі 9,8х 6,4  м, күмбезінің  биіктігі 9м. Кесене төрт  бұрышты портал, күмбез түрінде тұрғызылған. Қабырғалары 27 х 27 х 5  см мөлшердегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Табиғи жағдайларға байланысты ескеріп, бұзылған кесене  XII-XV ғасырларда қайта салынған. Кесененің бүгінгі көрінісі де жәрдемге мұқтаж. Оның дуалдары жарылып, күмбездің ішкі-сыртқы сылақтары, өрнектері үгітіліп  кеткен. Осыған байланысты  1980 жылдардың  соңында дуалдар темір сымдармен  тартылып бекітілген. Кесене ауыл іргесіндегі зираттың ортасында, алыстан көрінеді. Оның қабырғасынан нақышты және  ою-өрнекті түрде ойылған  қыш тақталарды  байқауға болады.

«Сайрам –Испиджаб » кітапшасында  жазылған дерекке сүйенсек,кесененің  солтүстік жағында  Мірәлі бабаның әкесі  Мәртебелі Мәлік шахтың қырлы  қыштан  соғылғын кішірек кесенесі болған. Кейін келе ол бұзылып, топырақ қыштары үгітіліп кеткен. «Ахмет Йассауи» және «Сайрам әулиелері» қайрымдылық қорлары зиратты тазалау барысында үш арба қыш тауып, сол қыштармен зират төңірегін қоршап, белгі тұрғызды.

«Рисалай Сайрам- Испиджаб» кітабындағы баяндауға сүйенсек, Мірәлі баба өз дәуірінің жетік ғұламаларының бірі болған. Ол ислам дінін уағыздау, ел арасына таратуда көп істер атқарған. Ол кісінің атасы- патша Мәлік (XI-XII ғасыр) Юсуп қожа Хамаданимен дос болған екен. Тіпті бір-бірімен кітап алысып тұрғандығы туралы мәліметтер де бар. Бұл ұлы тұлғалардың «баб» деп құрметтелуі де олардың шын мәнісінде әділет жолын қуған адамдар болғандығынбілдіреді. Мірәлі бабтың екі ұлы: Қожа  Насурулла (Форсо және Қожа  Фатхулла), Махмұд өз дәуірінің  ғұлама оқымыстылары  болған. Олардың бейіттері де әкесінің  жанында. XII ғасырда тән зиярат орны қазір де Мірәлі баба атымен аталады.

 

 

                                                

 

 

БОЗДАҚ АТА

 

  

Сайрам ауылының оңтүстігінде  қоршаған қорғанның  жанында Боздақ ата  сағанасы бой көтерген, қаншама уақыт өткен сайын  табиғаттың құбалмалы  әсерінен сағана  қабырғалары бұзылып, оның алғашқы қалпынан  әсер қалмаған.

Соңғы жаугершіліктің салдарынан  сағананың жерден көтерілген бөлігінде  қатарласа қойылған  қара тастар  да жерге сіңіп,шөгіп кеткен.  Жергілікті тұрғындар  әулие қабірін орталыққа  ауыстыру үшін қабірді 1-1,5  м тереңдікке қазған, бірақ ол жерден күтілген  мәйіттің  сүйектері табылмаған. Сонда да  болса, қабірден алынған сапалы ыдыстары  мен әрқилы сүйектер  сынықтарын  жинап, қайта жерлеген. Арада біраз уақыт өтеді. Күндердің күнінде сайрамдық  Айтоты ананың түсінде  сол әулие көрініп, оған: «Мен ойыншық емеспін, қабірімді өз орнына түзетіп қойыңыздар» дейді. Ауыл-аймақтың  үлкен-кішісі тағы да жиналып, әулиенің қабірі мәйіт дуалдың шетіндегі 2-3  метр шұңқырлықта қалған деген ойға келіп, қабірдің дуал жағынан көлемі 4 х 5  метр, биіктігі 6  метр етіп, ақ кірпіштен кесене соғады. Оның үстіне  түнікеден  күмбез орнатылады. Әулиенің сағанасын  қайтадан өз орнына қою үшін  кеткен қаржы сайрамдық Азадбек Жамалов пен оның шешесі  Айтотының есебінен  жүргізілді.

Сайрамдағы сансыз бабтардың  бірі- кейін Боздақ ата атанған шах Камалиддин Байзауи XII ғасырда өмір сүрген ол кісі өз заманындағы  білгір ғұлама,өз еңбегңінің жемісімен, құдайға құлшылық етудегі үлгісімен Аллаға жақын тұрды. «Рисалай Сайрам-Испиджаб» кітапшасында мынадай сөздер бар: «Нақыл етіп айтарым-уалаят Сайрамға жай ғана апат тиер болса, Әулие ата қабірі ботасынжоғалтқан түйедей  боздап тұратын». Сол үшін болса керек, ол кісіні жергілікті  тұрғындар  Боздақ ата деп атап кеткен. Ал қариялардың айтуынша, кешегі соғыс жылдарында Боздақ ата қайғырудан боздаған екен.

 

 

ҚАЖЫ  ҚОЖА   АТА

 

    Алланың жолымен жүруді  қалаған ғұламалар әулие дәрежесіне жеткен. Солардың бірі-  Қажы Қожа  ата XI-XII ғасырда  өмір сүрген. Ата қабірі  үстіне  салынған кесене  уақыт өте келе  ескеріп жойылып кетеді. Кеңес өкіметі  кезінде  атаның сайрамдық  ұрпағы  Ергешқожа   дейтін  кісі Қажы Қожа  ата  басына шағын  сағана  құрмақшы болғанда,жергілікті  басшылар  оны талқандатып  тастайды. Еліміз егеменді  болғаннан кейін,сол кісінің баласы  Ергешқожаев  Ахметжан өз қаржысына  ақ кірпіштен  әдемілеп, көлемі 4 х 4  м, биіктігі 6  метр кесене соқтырда.

«Сайрам» мұражайында сақталған бір шежіре  бойынша, Қожа Ахмет Йассауидің  бабасы Махмұдхан атаның туған інісі Мұхаммед шайхтың ұрпақ-әулеттері  туралы айтылған. Бұл кісілер  де  тегі жағынан  Әзірет  Әліден тарайды.

«Рисалаи Сайрам-Испиджаб» кітапшасында  және шежіреде  Қажы Қожа  ата  Қарабұлақтағы  Бегші  атаның баласы делінген. Манкенттегі Набихан  дейтін ұрпағының  қолынан  ата шежіресі  және мөрі табылды.

 

БАЛЕГАРДАН БАБА

(Абдулазіз баба)

 

Сайрамның Беліқапқа  дарбазасынан  шыққандағы  үлкен жолдың бойында  Балегардан  баба кесенесі  орналасқан. Сағана – порталды, үш күмбезді, XIX ғасырда  тұрғызылған. Көлемі 11 х 6  м, биіктігі 10  м. Бөлменің теріскейінде  Балегардан  баба қабірі, оңтүстігінде  ол кісінің немересі  Сайд  Қожахан  атаның  қабарі жатыр.  Табиғи әсер  мен  басқыншылық  соғыстар  кезінде қираған  кесенені  XIX ғасырда  қайта тұрғызған. Жылдардың өтуі  мен  табиғи әсерге  байланысты кесененің бояулары  мен әәшекейлері  өшіп кеткен. Тарихи деректерде, Сайрам музейіндеде сақтаулы «Шежіреде» 771 жылы біздің өлкемізге Ысқақ баб бастаған  араб әскерлері келгені айтылған. Олар халықты ислам дініне үгіттейді соғыс болып, екі жақтан да көп адам табады.

Ысқақ бабтың  әскери қолбасшысы – ту көтерушісі  Абдулазіз баб соғыста  70 жерінен  жараланып, қаза табады. Сол қолбасшы  осы көне қабырстанға  жерленеді. Жергілікті халық  Алла үшін, пайғамбар жолында  күрескен,  ақіретті ойлап, исламды  тарату жолында  шейіт кеткен  Абдулазіз  бабты құрмет тұтады.  «Рисалайда» жазғандай, әулие ұлылығы, бәле-жалаларды  қайтарушы рух  ие деп, кейін Балегардан деп аталады. Ие, дүниеде  Алланың Әмірін, пайғамбарымыз Әзірет Мұхаммад жолын ұстағандар  екі дүниеде де кем болмайды.

 

 

БЕГШІ АТА

 

      Қарабұлақ селосында  әулие Бегші  ата  кесенесі орналасқан.  Ол кісі  туралы  мешіт молдасы  да, шырақшысы да   ештеңе айтып бере алмады.  Кесене қасындағы  киелі бұлақ суы, ондағы балық  туралы көп аңыздар  айтылады. Жергілікті тұрғындар арасында  балықты  жеген бір пәлеге  ұшырайды  ұшырайды  деген сөз бар.

«Сайрам тарихы» кітабында  мына бір   деректерді жолықтырдық: «Бегішті атаның  баласы Қажы  Қожа  Сайрам қаласы Балегардандағы қабірге жерленген ( Оған  кесене тұрғызылғанын айтқан болатынбыз). Ал немересі Ғариб Шах шейх әулиенің қабірі  Сайрамдағы Ахмет Йассауи атындағы шаруашылық  кеңсесінің  қарсысында жатыр».

Манкент  селосында  табылған  «Шежіреде» де осы  ардақты кісілердің аты-жөні жазылған.  Осы айтылғандар  Сайрам, Манкент, Қарабұлақ тұрғындарының  бұрын бір ел болып өмір сүргеніне дәлел болады. Кешегі өткен нәубет  заманында ата- бабаларымыздан қалған  тарих жойылуға  сәл ғана қалып еді. Жер астына  көмілген, дуал арасына жасырылған кітаптарды  іздеп тауып, халқымызға  жеткізу – алдымызда тұрған үлкен  міндеттердің  бірі. Ниетіміз – жастардың  ата-баба тарихын білуіне көмектесу.   

 

ШАКАМАЛИДДИН   ЖУВАНМАРД

 

        Сайрам өзенінің жағасында,  жөндеу зауытының  қасында  XIX ғасыр аяғында  тұрғызылған кішігірім кесене тұр. Көлемі 5х6 м, биіктігі  6 м. Кесене  ұлы  ғұлама  Шақамалиддин  Жуванмар қабірі үстіне  тұрғызылғын. Шакамалиддин Жуванмард ташкенттегі әулие  Имам  Бакр Каффол Шашидің баласы дейтін  хабар бар.

Шакамалиддин  XI ғасырда  өмір сүрген.  Ол кісі  туралы мағлұматтар  өте аз.  Сайрам  тарихында  «Шаһ Камалиддин  Жуванмард» деп жазылуы  оның ел басқарғанын, батыр  болғандығын айқындайды ондағы  табиғи дарын  білімді ғұламаның  даңқын  шығарған. Ғұламаны  халық құрметтеп, қабіріне  келіп тәу етеді.

 

БАБА МАШВАРАТ

 

       

Сайрамдағы  орталық мешіттің  солтүстігінде,  Ботбай  баба  қабірі қасында әулие  Баба Машвараттың  бейіті орналасқан. Тарихи кітапта ол кісінің аты Лутпілла Сареми. 37 кітап жазып, үлкен ғалым болғандықтан, халық Баба Маварат (құдіретті ғұлама) атандырған.  Лутпілла Сареми туралы тарихи кітаптарда мынадай аңыз айтылды: «ол энциклопедист- ғалым, өлкенің діни бастығы болған. Қартайғанда бірнеше ай жұмысқа шыға алмай қалады. Бұны естіген патша  ғұламаны қызметіне шақырып, үш адам жібереді. Ғұлама  патшаның шақыруына бармайда. Патша өзінің көмекшілерімен ғұламаның үйіне келеді,оның бармаған себебін сұрайды. Сонда ғұлама былай деп жауап айтты: «Біздің шариғатта  тауықты союдан бір жұма ілгері байлап, таза дән-тамақ береді. Мен қартайдым, үш-төрт ай бұрын өзімді тауықтай тазартып, күнәдан арылып, өлсем деген ниетім бар». Осы дана сөзді естіген патша басынан тәжін алып, патшалықты тастап, ғұлама секілді өмірінің соңына дейін Аллаға құлшылық еркен екен. Бүгінде халық екеуінің де қабірін құрметтейді, басына келіп тәу етеді.

 

 

ДӘРУІШ  АТА

 

          

       Шымкент қаласының көне орны-«Аткөмір», «Бабату» дейтін жерде (қазіргі «Айгүл» сауда орны) Дәруіш  ата кесенесі болатын.  Бұл жерден өткендер  ат-арба,түйелерінен түсіп, Дәруіш  атаны еске алып, жаяу өтетін. Әулиеге жергілікті халықтан  тыс сонау  Хорезімнен  де тәу етушілер келеді.

Кешегі кеңестік  кезде партия  басшылары  әулие қабір-бейітін үй салу үшін  қаладан сыртқа  шығарып тастауда  ұйғарады. 1972 жылы Дәруіш ата сүйегі   қазып алынып, қаланың сыртына жерленеді. Шымкент  қариялары және сол  уақыттағы мешіттің имамы Шукрулла қажының  айтуынша, жаз айларында  әулие сүйегі  жерге қайта  жерлегенде, аспанды бұлт торлап, жауын жауып тұрған. Дәруіш атаның сүйегін  аларда, көр қазушы  Ахметжанның  аузы-басы  қисайып қалыпты.  Сол күні  Дәруіш  атаның Ташкенттегі  ұрпағы  Муриди Махира  Сейдахмед қызы  имам Шукрулла  қажыныкіне  ойбай салып келеді. Түсінде: «Неліктен мені орнымнан қозғадыңдар?» деп атасы аян  берген. Ертесіне бет-аузы қисайған көр қазушы Ахметжан молдаға келіп, түсінде Дәруіш ата: «Менің сүйгенімді жол жағасына, мына жерге қойыңдар»,-дегенін айтады. Шукрулла  қажы мен ауылдың  ақсақалдары бас болып, әулие  сүйегін көрсетілген  орынға  жерлейді. Құран оқылады. Ең ғажайыбы:  қазір де  жиі-жиі жауын жауып тұрады.

Мұхаммед Дәруіш қай жерде туған? Осыны да іздестірдік. Сайрам музейінде  «Рисалаи Сарем-Испиджаб» дейтін көне кітап бар. Сол кітаптың жазылуынша «Сайрамдағы Балагардан қабырыстанда  Әзірет Исмайыл атаның бейіті бар. Ол кісі Мұқаммед Дәруіш атаның баласы» (43-бет). Міне, көрініп тұр,ол осы елдің перзенті.

Шымкент тұрғыны  Юлдаш Исмаддинов жомарттық қылып әулие кесенесін   өз қаржысына ақ кірпіштен соқтырды.

Сайрам тарихи музейінің қызметшілері   Дәруіш  ата туралы деректер тауып, оның қырықтан астам өлең-хикметтерін кітапша қылып,жинап баспадан шығарды.

әулиеге барғандар құран оқымай қайтпайтын. әулие ата кең пейілімен ұрпақтарына  бақыт, жақсылық  тілеп, ақ жол айтып  тұрғандай көрінеді.

БӘЙДІБЕК БАБА

Бәйдібек баба – қазақ халқын құраған шайырлардың  аймақтық  және этникалық тұтастығын  қалыптастыру  жолында  көп еңбек сіңірген  тарихи тұлға. Бәйдібек  есімі  жазба деректерде  көп кездеседі. Ол дәулеті  шалқыған байлығымен  ұлысты басқарған  парасаттылығымен  белгілі.,жерді суды,Арыс өзенінің  алабын, Ташкен мен Қаратау өлкелерін  жайлаған елді басқарған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-рашиди» атты тарихнамасында өзінің  он екінші атасы   Майқы  би  (XII-XIII ғ.с.) Шыңғыс  ханның орда биі болып, дүйім   елді басқарғаннын  жазады. Ал, елге бірінші болып  билік жүргізген   арғы ата бабасы  Бәйдібек екен. Тағы да аңыздарға жүгінсек, Бәйдібек атаны  Домалақ (Нүрила) ана әулиеге  үйлендіріп, одан Жарғышақ атты ұл бары айтылады. Шежірешілері бүкіл  дулат тайпасының  басында осынау  Жарғышақ атаны 1348-1473  жылдар арасында  өмір сүрді  деп көрсетеді. Бәйдібек атаның  қабірі Шымкент-Шаян күре жолының  оң жағында Қаратаудың  бір әсем табиғат   қойнауында жатыр.  Басына соңғы жылдары халық қаражатына көркем кесене тұрғызды. өз туған жеріндей ауданды Бәйдібек атына берді. Бәйдібек Әмір Темірдің замандасы. Әзіреті Сұлтанның басына кесене тұрғысушылардың барлығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған.

 

БОТБАЙ  БАБА

 

        Дулаттың екі  перзентінен  кейінгі  екі ұлы  Ботбай мен  Шымыр егіз болып  туылыпты.  Жарық  дүниеге  Шымыр  бабамыздың  алақаны  ашық, ал Ботбай  бабамыздың  жұдырығы  түюлі  келіпті. Мұны  жеңгелерінен  естіген  батыр  Дулат  Алланың  нышаны  деп  жорып, «Шымырым  бай, Ботбайым  батыр  болды-ау» деп  өзінше  ырым  жасаған  екен.  Ботбай туралы  шындықтан  аулақ  кетпейтін  мынадай  аңыз әңгіме  бар.

Батыр  әкеге  тартып туған  Ботбай  бірде  кең-байтақ  жерімізді  қорғау  мақсатында  көп  жауынгерлермен  бірге Еділ  бойындағы қырғын  соғысқа    қатысады. Бірнеше  күнге   созылған шайқаста  Алаш  сарбаздарының   мерейі  үстем  болып, жауын  қирата  жеңеді.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша  сол  өңірдің  ханы  жеңістің  құрметіне  ұлан-асыр  той  жасайды.  Аламан  бәйге,  көкпар, балуандар  күресі  қызып жатқан  сәтте  ханның  ай  десе  аузы, күн  десе көзі бар ару қызына  сұғын  қадаушылар  көбейе  түседі.   Хан  батырлар  мен  баһадүрлер  қызға  таласып,  қырқысып кетпесін  деп, берік бір  шешімге  келеді. «Кімде-кім садағының жебесін қат*қабат қойылған  алты  кетпеннен өткізсе, соған қызымызды беремін» деп  жар  салғызады. Белен  бекем буып, бәсекеге  қатысқандардың ешқайсысы да бұл  шартты   орындай  алмайды.  Кезек Ботбай  батырға  келіп  жетеді. Ат үстінде  тұрып,  садағын шіреніп тартқанда,жануар  шыдай  алмай  алдыңғы екі аяғын бүгіп,  тізерлеп  қалыпты. Кез-келген  жан  адырнасын көсіле  еркін   тарта қадалған  екен. Сөйтіп, Ботбай батыр жеке-дара жеңіске жетіп, ханның қызына үйленеді. Бұл  аңыз-оқиғадан хабары бар Әлібекұлы Төле  би  бірде жанындағы  Құттыбай. Тұрсынбай дейтін жігіттеріне қарап:

Асыл тусаң, Керей  бол,

                                           Үш  қазаққа  мерей  бол.

                                           Уақ  болсаң, Шорға  бол,

                                           Даулы  іске  жорға бол.

                                           Арғын-Қыпшақ  болсаң,Алтай  бол,

                                           Найман- Қоңырат  болсаң, Матай бол,

                                           Байұлы болсаң,Адай  бол,

                                           Үйсін  болсаң, Ботбай  бол.

                                           Бұл  атауы  болмасаң,

                                           Қалай  болсаң  солай  бол,-деген  екен деседі.

Ботбай  батыр  қазақ  жерінің  тұтастығын, ел-жұртының  азаттығын  қорғау  үшін  ақ  найзасы  мен қайқы  қылышы  қолынан  түспей, бәйгеге басын  тіккен тарихи  тұлға. Демек, ол бір тайпаның  немесе  бір   рулы  елдің  серкесі емес, күллі  халқымыздың отақ  ұлы, мейірлі  мақтанышы.

Сайрам  кентінде 1993 жылы  терең  зеріттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  табылған  қабірінің  басына  былтыр  биік   көк  күмбезді  кесене   тұрғызылды. Баба  басына  барушылар елін қорғаған  қайтпас  батыр, халық  әулие  санаған  дана да, дара  тұлғаның руқы  қолдасын  деп  тілейді.

 

ОРДАБАСЫ  ТАУЫ

 

      1726 жылы  көкткмде «Ақтабан  шұбырынды, Алакөл  сұлама»  апатына  душар  еткен  жоңғар   шапқыншылығына  қарсы азаттық жорығына біртұтас  ел болып аттануға шақырған ұлы халық жиыны осы тау басында өтеді. Бұл  жиын қазақ елі тарихындағы аса ауыр сын кезінде халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан,жүрекке жігер, бойға қуат  беріп, алдағы ұлы шайқастарға бір  тұтас ел  болып аттанудың тағдырын шешкен аса маңызды оқиға саналады. Содан ол  жер  сол кезден бастап-ақ  қасиетті де киелі, әулиелі жер  болып  кеткен.

Киелі  қазаққа   айтып, жиын  өткен бұл жерге сол оқиғаның құрметіне 1993 жылғы 28 мамырда үлкен ескерткіш  салынды.

Ордабасы тауы қазақ елі үшін береке-бірліктің бастауы  іспетті. Ордабасы тауына барғандар  « Еліме, жұртыма,әулетіме, отбасыма береке-бірлік бер, заманымыз тыныш болсын, өміріміз бейбіт болсын»

Деген тілекпен барады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

  

 

     

 

       

 

     

 

 

      

                               

                             

                                 

 

 

 

          

 

   

 

      

 

 

 

   

     

 

 

       

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




One Response to Әзиз әулиелер

  1. Қожырбайұлы М. says:

    Әулиелердің ең көбі Маңғыстау да. Сондықтан, бүкіл әлем бұл өлкені 360 әулиелі киелі Маңғыстау деп әспеттеген. Осы әулиелердің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы Әз әулиенің де моласы осы Маңғыстауда. Ол күні бүгінде де Әз әулие деп аталады. Маңғыстаулық Қазақтардың “Ол не соншама, Әз әулие ме?”, “Ол Әз әулие емес қой.”, “Тасташы әрі, Әз әулие қылмай” дейтіндерінің сыры осы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑