banner-top12

Таным 1411552196

Қосқан уақыты Қазан 8, 2014 | 1  639 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Абақ- керей туралы

Зардыхан Қинаятұлы

zardykhan1

Г.Е.Грумм-Гржимайло. Абақ- керей туралы. “Западная Монголия и Урианхайский край” т.ІІІ, Л., 1930. еңбегінен.
…Керейлер қазақтың орта жүзінің бір тайпасы, 1881жылғы Петербург келісімі негізінде (Абақ керей, Ашамайлы керейлерінің) көлемді бір бөлігі Қытайдың батысында қалып қойды. Олар Урианхайларды(1) ығыстыра отырып Ертіс өлкесінен мұнда жуықта ғана келген (2). Олар сөйтіп өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңына қарай (3) Алтай тауының бөктеріне жетіп, кәзір олардың көшінің алды шығысында Буянты және Қобда өзеніне дейін жетіпті. Олардың табындары шашырай жайылып Қобда қойнауына жетіп қана қоймай, Жоңғар құмынан өтіп Қытай үкіметінің рұхсатымен үрімші қаласының батыс, шығысындағы иен тегін қалған тау жайылымдарын игере бастады. Олардың мұндай қадам жасауына өткен ғасырдың соңында Қара ертіс, Қобдада қалыптасқан жер дауы түрткі болды.
Батыс Қытайдағы Магометандар (Дүнген мұсылмандары ред.) көтерілісінен басталған толқулар Керейлерге тиімді болды. Олар Қыран өзенінен өтіп, Алтай жоталарын асып барып Бұлғын және Сақсай өзеніне дейінгі урианхайлардың қоныстарын басып алды. Потаниннің пайымдауынша бұл басып алу емес, жалға алу болған көрінеді.(4). Ал Позднеев мұны урианхайлар жерін өзара келісім бойынша беруі деп есептейді (5). Менің ойымша бұл жалға алу да емес, өз еркімен беру де емес, тура басып алу болып табылады. Мұны урианхайлардың өтініші бойынша басталып 30 жылға жуық уақытқа созылып Пекинде “Буратаналар туралы” Ли-фань-юань жарлығының шығуына түрткі болған оқиға айқындайды. Бұл жарлықта Шығысқа бет бұрған керейлердің көшіне тосқауыл бола алмады. Мен 1903 жылы олардың көшін Сақсай өзені, Дэлун түбегі және Тиекті қабағының (6) солтүстік- шығысынан жолықтырдым. Қытайлар мынандай екіұшты жағдайға тап болды: Бір жағынан урианхайлар үшін жерге меншік құқығы бұзылғаны айдан айқын болса, екінші жағынан мұндай келеңсіздікке қытайлардың да бармасқа шарасы жоқ еді. Керейлер үшін шығысқа қозғалғанынан өзге жол жоқ еді, өйткені олардың жерінің батысы мемлекеттік шекара шебіне тірелсе, солтүстігі ит тұмсығы өтпейтін тау жынысына, оңтүстігі құмға барып тіреледі, оның үстіне олардың мал, жаны өсіп (7) жаңа жайылымдарды қажет етуде. Керейлердің келешегі зор (8), ал урианхайлар болса кедейленіп еңсесі түсіп, тауы шағылып кәзіргі жерінің өзіне ие бола алмай қалған тайпа (9). Позднеев керейлер қытай соттарына пәре беріп оларды өз жағына тартып алды деп жазды (10). Мұндай да жағдайлар болды ма дегенді жоққа шығармай отырып, мен сауалды былайша қойғым келеді: Қытай үкіметі жоғарыдағыдай жайдың болғанын біле тұра мәселені урианхайлардың пайдасына шешіп бермеуі мүмкін бе еді?. Керей көштерін үрімшінің шығыс батысына қарайғы Тянь-шанның бөктеріне қарай қоныстандыру туралы шешімі қытайлар жоғарыдағы жағдайды түсінгендігінің белгісі еді. 1890 жылы қабылданған бұл шешімді іске асыру үшін Позднеев қолдап жазған Шаћадур амбан 1892 жылы Батыс монғолияға аттануы ол онда жер дауын түбегейлі шешу үшін емес тек жұртты тиыштандыру үшін барғаны байқалады (11).
1903 жылға дейін Тянь-шаньға көшуге берілген мүмкіндікті тек төмендегі ауылдар пайдалана алғаны жайлы дерек бар. Олар Жәдіктің 800 отбасы, Қарақастың 150 (12) және Сарбастардың 200 ге жуық отбасы еді. Сөйтіп менің жинаған деректерім бойынша Абақ керейлерді көшіру мәселесі төмендегі кезек бойынша жүргізілді (13).
Жастабан руы (14) – Сауырдың солтүстік бөктеріне,
Меркіттерде – сондағы кішкене-тауға (15) көшірілді. Олар Сауырдың оңтүстік бөктеріндегі Кендірлік өзені аңғарындағы Шірікқайыңды қыстап, Алтайдың Қыран, Қобда (16) бойын жайлайтын болды. Бір болысы Тарбағатай бөктерін, 800 түтін үрімжі аймағына (17) қоныстануға рұхсат алды.
Жәнтекей руы – Тарбағатайдың солтүстік қойнауындағы Шілікті, Кендірті өзенінің сағасын мекендейді. Қыран, Буыршын бойын жайлайды. Жүздеген ауылдары Қобда, Сақсай аңғарында. Бірнеше отбасылары Қара ертістің басында отыр (18).
Ителілер – Булун-Тохой өлкесінде орналасқан. Ондаған отбасы Кендірлік аңғарында, жайлауы Қара ертіс аңғарының кеуде тұсында екен.
Шерушілер – Қыран ертістің құйғаны, Қобда, Жайыр таулары қойнауын (19) мекендейді.
Қарақастар – Булун-Тохой өлкесі, Еренқабырға, боғда тауларын мекендейді. Ондаған ауылдары Күрті өзені аңғарында отыр (20).
Молқылар – Урунгу өзенін кеуделей Бұлғын, Чингил өзені аңғарын мекендейді. Урунгу бойын қыстайды.
Сарбастар – Булун-Тохой, үрімші, Қарашар өлкесін мекендейді. Кейбір қыстаулары Гаримнен Лоб жеріне дейін барады ( 21).
Шұбарайғырлар – Қаба алқабында қоныстанған (22).
Көнсадақтар – Қыран бойын мекендеп, Қара ертіс бойын қыстайды (23).
Шимойындар – Көк тоғай өлкесі, Көк ертістің тұла бойын мекендеген.
Абақ керейлер осылайша Батыс қытайда шашырай қоныстанғанымен бір Гуңге (24) бағынады, ежелгі салт бойынша ру басылары (ахлахшы. Ред.) үкірдайлар басқаратын 15 болысқа бөлінеді.
Керей ат-атауы тарих бетінде кейінірек пайда болды. Кейбір зерттеушілер оларды Түркі текті халық деп қарап Керейттердің тікелей жалғасы деп есептейді (25). Бірақ екі болжам да негізсіздеу.
Арх. Гурий (26) профессор О.М.Ковалевскийдің әлі басылым көрмеген “Моңғолдардың тарихы” атты еңбегінен төмендегі жолдарды келтіреді. Онда былай делінген екен “Қытай деректеріне сүйеніп, мынаны айтуға болады, ол не десеңіз Дун-худың (қыт. Солтүстік бұратаналар. ред.) 16 ұрпағының бірі ІХ ғ. басында кәзіргі Халха жеріне келіп Моңғол, Керейт, Тайдчут және Татар делінетін төрт салаға бөлінеді” делінген көрінеді. Дун-хуларға келсек ол бізге христиан дәуірінен бұрын белгілі, татар және моңғолдар жайлы ІХ ғасырдың басынан кездеседі. Ал қытай деректері (27) шынымен былай айтуға негіз беріп тұрса, онда біз Орталық Азия тарихындағы этникалық бір жұмбаққа тап болғанымыз. Керейттердің моңғолдармен туыстығы жайлы “Юань-чао-ми-ши” (Моңғолдардың құпия тарихы. ред.)-де жазылған. Мысалы К.Д.Оссон Керейттер “Мінез құлқы, салт дәстүрі, тілі моңғолдарға өте жақын жұрт” (“От Чингисхана до Тамерлана” 1996, 47-б.) деп жазған.
Керейлер Кереиттердің тікелей ұрпағы емес, себебі ¤збек арасында да, қазақ арасында да Кераит, Керей деген екі тайпа бар (28). Керей (Хиреид) атты тайпа Кундров татарлары және алтайлықтар мен урианхайлар арасында да кездеседі (29). Ал Бурядтардың арасында Халха жерінен ХүІІІ ғ. басында Байкалдың арғы жағына қоныс аударған Убур-Керей деген ру бар (30). Сөз соңында айтар болсақ қытайдың “Цзинь-Ляо-Юань-Сань-Ши-Юй-Цзе” (Ляо, Цзин, Юань әулеті тарихында кездесетін жат атаулар туралы анықтамалық сөздік”)-де Керейт пен Керейлерді бір тектес халық деп есептемейді. Император Еңке-Амгулаң (Цянь-Лунь) мекемесінің рұхсатымен ғылыми комитет бастырып шығарған бұл анықтамада Керейлерді-Цюй-Линь, ал Кереиттерді-Кэ-Лэ (Хэрэ) деп бір бірінен ажыратып атаған.
Абақ керейлердің рулық (аталық. ред.) құрамы кереиттердің ішкі құрамымен бірдей емес, мысалы Рашид-ад-диннің “Моңғол тарихының алғы сөзінде” Кереит құрамында: Кереит, Джирган (31), Сахыят, Тонгкоит, Добоут және Албат бөлімдерін атайды. Н.Аристовтың пікірі бойынша мұнда аталғандар кәзіргі керейлер ХІІ ғ. кереиттердің тікелей ұрпағы емес деп қарауға сенімді қисын бола алмайды. ¤йткені Рашид-ад-диннің бұл атаудың жазылуымен айтылуында кейбір қателіктер болуы да мүмкін дейді. Ол мысалы Добоуттарды-Дубо, Туба, Сахыяттарды-(Саха) Сагайлар (32), сол сияқты Албат (олият, елят) дегеніміз Урат, Тонгкоитымыз (33)-Танғыт, Добоутты-Томоут, тіптен Тумет деп оқуға болады деп жазады. Сонда кәзіргі Моңғол руларының ішінен тек Кереит руы Джырғын ғана қалып отыр. ¤йтетін болсақ кәзіргі керейлердің рулық құрамынан (34) жоғарыдағылардың бірін де көре алмайтындығымыз Аристовтың жақтап отырған болжамына тиімсіз болып шығады. Бұл болжамның және бір тиімсіз тұсына тоқталып көрейік. Рашид-ад-дин еңбегінде Кереит және Керей деген екі түрлі атау кездеседі, бірақ соңғысы рудың атауы емес кәдуілгі адам аты (35).
Ал егер Абақ керейлер Кереиттерден тарамаса қайдан шықты, бұл тайпа қайда, қашан қалыптасты?. Бұл сауалға бүгінгі күнге дейін нақты жауап табылған жоқ.
Н.Аристов Керейдің ауызша шежірелерін сабақтай келіп мынандай қортындыға келген. Оның айтуынша бұл халық туралы қаншама шытырман болсада ел арасында біздің арғы тегіміз бірі тұрғылықты, бірі келімсек екі топтың құрамынан пайда болды деп қарайтын шежіре айтылады. Біріншісі Керейлер Түрік және Түрік-Самоед тегінен, олар алғаш Саян жоталарын мекен етті (36) делінетін пікір де, екіншісі үйсін оның Сары үйсін бөлімінен тарататын пікір. Бұл пікір бойынша Керейлер Сары үйсіннің шөбересі Керейдің 12 ұлынан өсіп өрбіген қауым деп есептеледі.
Енді Абақ және Ашамайлы атауына келсек оның тамыры тереңде жатыр. Орхон жазуындағы “Ачюм апам” сөзін проф. Томсен (37) оның мағынасына қарай “Біздің ата-бабаларымыз” (“Наши предки”) деп аударыпты. Ал Аристов (38) болса Ач және Аба сөзін Алтай Саян өлкесінде кең тараған Шор жәнеТелеуіттердің бір сүйегі (39) ретінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан ру атауы деп есептейді. ХүІІ ғ. Ресми құжаттарда Кузнецк округінде тұратын барлық жатжұрттықтарды абинцылар деп атаған. Бұл өлкенің бас қаласы Кузнецк бұрын жатжұрттықтар үшін Аба-төре деген атпен белгілі. Сол сияқты Ачинск қаласы да Енисей жазуында кездесетін Ач сөзінен алынған(40).
Абақ керейлердің кәзіргі атауының түпкі тегін анықтау оңайға түспей тұр. Бізге керейлердің құрамындағы ру-тайпалардың ішінен кезінде Шыңғыс хан көзін жойып жібере жаздаған Меркіттер ғана белгілі болып отыр. Сол сияқты Сарыбас руы туралы да мынаны айта кеткен жөн. Ш.Уәлихановтың (41) сөзіне қарағанда қазақтың ¦лы жүз тобының ішінде өздерін ежелгі үлкен жұрттың үзігі санайтын Сары үйсіндер бар.
Радловтың (42) анықтауынша Ақсары Сойотылар Сарық (Saryg) атымен белгілі. Осыларға қарағанда Керей ішінде “Сары” ру атауын басқаша қарастыруға негіз жоқ. Иә Керейлердің өздері Сарыбас руының ата-бабалары ақсары шашты болғандықтан Сарыбас атанды деп анықтап отыр.
Мұндай ақсары шаштылар бүгінгі Абақ керейлердің арасынан көрінбейді. Мен Алтайда болғанымда Сарыбас руының адамдарымен кездесе алмадым, ал кездескен басқадай ру адамдарының барлығы қара шашты, сондықтан мұны олардың бет-бейнесінің ерекшелігі деп таныған жөн болар (43). Көпшілігінің бет пішімі моңғолдарға ұқсайды. Жалпақ бет, ат жақтылық сирек кездеседі, бетсүйегі биік, жұмыр бас, қысқа мойын, көз ұялары терең, көз қиықтары қатпарлы, екі көзінің арасы алыстау, мұрын сүйектерінің көтеріңкілігі орташа дегенмен солон және гольдтер сияқты аса талпақтанау емес, еріндері жұқа және құрғақ, иектері енді, қалқан құлақтау, шашы қара қоңырлау, сақалы сирек және қысқа, көпшілігі сақал қоймайды (44). Кем иектілік және сопақ бастылық сирек кездеседі (45).
Абақ керейлердің көпшілігінің тұрпаты осындай, бет бейнесі жағынан моңғолдарға Қобда дүрбіттерінен де жақын, жанынан қарағанда ұшқырлау бет бейнесін қаба сақалы жапқан таза еуропалық болмағанымен еуропейдтікке жақын бет-бейнесі бар адамдар кездеседі.
Бойының ұзындығы жағынан ұзын бойлылыққа жақындау, көпшілігінің орташа биіктігі 1,68 метр (46) саусақтары салалы, сирақтары соншалықты ұзын болмағанымен қол, аяғы сәнді көрінеді.
Қазақ ұлтының басқадай топтарымен салыстырғанда Абақ керейлерде моңғолдық пішімінің басым болуын А.И.Левшин мұндағы қазақтар өз қандастарынан гөрі қалмақ қыздарына құда түсуге құмарлығымен байланыстырады.
Кәзіргі жағдайда олар моңғолдармен аралас-құралас отырғанымен ондай ынта байқалмайды. ХІХ ғасырдың басында Қазақтар Қалмақ қыздарымен некеге тұру санының көп болуының себебін ол кездегі саяси жағдайға байланысты қазақ арасында қолға түсіп келген тұтқын және қашып пана іздеп келген қалмақ әйелдерінің саны көбейіп төленетін қалың малының санының азаюымен байланысты болса керек. Жоңғар хандығында да жағдай осындай болды. Қытайлар Жоңғар хандығын жойып, Қалмақтар топ-тобымен Еділден босу оқиғасына байланысты ондаған, мыңдаған босқындар қазақтармен Тянь-шань қырғыздарына кірме болған еді. Әрине бұл кезең ұзаққа созылмағанымен Абақ керей және басқадай қазақтардың қанында із қалдырмай қоймады, бірақ онсызда әлі де біз біле бермейтін моңғолдық себептерге толы бұл жұрттың типін түбегейлі өзгерте алмады.
Бұл сауал этнографияда да беті ашылмаған күйінде қалып отыр. Абақ керейлердің киім киісі, тұрмыс жабдықтары, салт-дәстүрінде жалпы қазақтық басым. Бұл жұрттың ахуал тұрмысын жақын және терең зерттегенде ғана этнографиялық қорытынды жасауға болатын шығар, бірақ бізде әзірге ондай зерттеулер жоқ.
Абақ керейлердің көшпелі үй жайы қазақтармен бірдей. Тек үйлерінің безендірілуі өзбек үйлері және Сыр дәрия бойындағы қазақ үйлеріне қарағанда жұтаңқылау. Тіптен керейдің би, бектерінің ресми салтанатты үйлерінің өзінде ерекше көзге түсіп тұрған ештеңесі көрінбейді. Оның себебі Абақ керейлер кілем өндірісімен таныс емес және олар қазақ үйінің ішкі көрінісіне өң беріп тұрған кілемге бергісіз түрлі ою өрнекті басқұр, алаша сияқты бұйымдарды тоқи білмейтін сияқты, мүмкін үй жайын әсерлеуге соншалықты мән бермейтін де шығар. Сұлтанның үйінің іші басқа жерлердегі қазақ үйлерінің керегесінің сыртын әшекейлейтін түрлі түсті жібек жіппен тоқылған оюлы шидің орнына орыс шыттарымен көмкерілген жасаулар жабылыпты, бұл көрініс менің келуіммен де байланысты ма деп қалдым.
Қазақтардың үй ағаштары сияқты Абақ керей үйінің ағаштарының Моңғол үйінен айырмашылығы: Керей үйінің шаңырағы моңғол үйінікімен салыстырғанда кішілеу, уығы түзу емес қарынды, керегесі моңғол үйінікіндей түзу емес бас аяғы садақша иірілген, есігі де ерекше, үйдің босағасы ағаш емес (киіз есік. Ред.).
Шаңырақ қайың немесе шетен ағашынан жасалады.Ол дөңгеленіп төбеде түңлікті ұстап тұрады, ағаштан иіп жасалған алты күлдіреуіші бар, ол үйдің төбесінде төңкерулі тұрған қазан немесе шыны аяқ сияқты көрінеді (43). Шаңырақтың дөңгелегіне жан жағынан ұшталған ұшы кіріп көтеріліп ұстап тұру үшін тесік шығарылған (Бұл шаңырақ көз деп аталады. ред.).
Кереге талдан жасалады. Әуелі тал қабығынан тазартылады, сосын кептіріліп, қойдың көңіне көміліп шынықтырылады. Тал әбден шыныққасын оны тезіге салып түзетіп ұзындығы 2,25 тен 2,75 аршинға (арш. 71см. ред.) жететін шыбықтар әдейі іріктелінеді. Сосын тезіге салынып қарындары иіліп уық бау өткізетін тесік шығарылады. Уықтың ұшталған басы шаңырақ көзіне өткізіліп, қарыны керегенің басына (44) байланады. Кереге жайылып шеңберін үлкейтіп, кішірейтіп отырады. Керегенің 12-17 басы керегенің бір қанатын құрайды. Кереге қанатының санына байланысты (бес қанат үй, алты қанат үй, сегіз қанат үй. ред.) үйдің ауқымы өлшенеді.
үй тігу үшін әуелі керегелер жайылып аралары жіп арқанмен (кереге бау. ред.) қосақталып таңылады. Керегенің биіктігі 2 аршин мөлшерінде болады, керегеге есік, босаға байланады. Керегенің аяғы жіп арқанмен басы басқұрмен тартылып босағаға бекітіледі. Шаң тозаң кірмес үшін керегенің аяғы сырыммен (45) жабылады. Кереге қойылып болғаннан кейін 3-4 уық шаншылып шаңырақ көтеріледі, сосын қалған уықтар шаншылады. Уықтың саны керегенің басы, шаңырақтың көзімен сай келеді. Уықтың басы шаңырақтың уық көзіне қадалып қарыны керегеге байланады. үйдің ағашын тұрғызу осымен аяқталады.
Ресейлік орталық азия көшпенділері керегенің сыртынан ши (Lasiagrosfis splendens) жабады. Алтайлықтар және моңғолдарда ши қолданылмайды.
Керей үйлерінің киіз жабдығы төмендегі төрт бөлімнен тұрады: Керегені жауып тұрған киіз “туырдық” деп аталады, шаңырақтың жиегінен бастап керегенің басына дейін уықтың бойын жауып тұрған киіз “үзік” деп аталады. Шаңырақты жауып тұрған төбе киізді “түңлік” деп атайды, төртіншісі босағаны жауып тұрған “есік киіз”. Төрт қанатты кіші-гірім үйдің үзік, туырлығы біртұтас болады, ал басқа мөлшерлердегі үйлерде екі-екіден келеді. Киіз берік және жинақы болу үшін үй жабдығына қолданылатын барлық киіздердің шеті қылшық жүннен иірілген жиекпен жиектелінеді. Киізді үйге бекітіп байлау үшін олардың бұрыштарына арқан бау тағылады, бау үй ағашына байланады. үй көшкенде аталған төрт элемент: туырдық, есік киіз, үзік, түңлік кезекпен жиналады.
Есік киізді босағаны толық жауып тұру үшін оның көлемінен жан-жағына үш қарыс кең болады, ақ киізден ашылып жабылғанда берік болу үшін арасына ши салып сырылады және сырты түрлі ою, өрнектермен әшекейленеді.Ши қолданбайтын абақ керейлер үшін есігі екі қабат киізден сырылады (сондықтан қазақ “есік киіз сыру” деп атайды. ред.). Есік киіздің басқы ызба баулары ілмек арқылы шаңыраққа, ал төменгі баулары босағаға байланады. Етегі жерге салақтап қалмау үшін есік киіздің басқы баулары мықтап бекітіледі. Есік киіздің ши өткізілген шеттері үзіктің етегін басып тұрады. Есік күндіз жоғары түріліп тұрады. Тек түнде, үй иен болғанда немесе жел, жауын шашын кезінде ғана жабылады. Түріліп тұрған есіктен ит кіріп кетпеу үшін есікке жылжымалы шарбақ ағаш қойылады, оны қазақтар “ит керме” деп атайды.
Түңлік төрт бұрышты қабат киізден жасалады. Ол шаңырақты жауып тұрады. Түңлік төрт бауының бірі арқылы қайырылып ашылады. Түңліктің үлкен кішілі ашылуы қанша жарық кіргізу, түтіннің шығу жайы және ауа райының жайымен байланысты. Түңлік түн мезгілінде толық жабылады (оның түңлік атануы сондықтан. ред.) жел, бұрқасын кезінде шаңырақ үй ішінен жуан қайыңнан жасалған аша бақандармен тіреледі. үлкен үйлер үшін мұндай 3-4 бақан тіреледі, қатты жел, бұрқасын кезінде үйдің ішінен шаңырақтан жел бау тартылып қазыққа байланады, үйдің сыртынан да қазық немесе салмағы ауыр заттар қойылып арқан тартылады. (Бұл қазақ тұрмысында “үй бастыру” деп аталады. ред.).Бұл үйді желден қорғайтын ең мықты тәсіл, бұл тәсілді саяхат кезінде біз де талай рет қолдандық (46).
Абақ керейлер Орта жүздің басқадай қазақтары сияқты үйінің есігін күншығысқа, оңтүстікке емес, неге екені белгісіз көпшілік жағдайда солтүстік шығысқа қаратып тұрғызады. Алтайда жүрген басқадай саудагерлердің өзі осы жергілікті салтқа бағынады (Қазақ айтады “Елің қалай болса бөркіңді солай ки” деп. ред.). П.Маковецкий бұл дала желі оңтүстік және оңтүстік шығысынан соғатындығымен байланыстырады (47).
Бірақ Омскідегі метеорологиялық кешеннің жариялаған мәліметі жоғарыдағымен сай келмейді. Сондықтан біз есігін солтүстік-шығысқа қаратуының жөнін басқа жағдайлардан ізденуімізге тура келді. Менімше Абақ керейлер бұл салтты жел оңтүстіктен емес оңтүстікке ылдилай соғатын Алтай жеріне ала келген сияқты (48).
үй ішінде еден орнына киіз сырмақ, алаша төселеді. Алтай Керейлерінің күнделікті тұрмысында мұның қай-қайсысы жоқ, тіптен Сыр-дәрия өңірінде кең қолданылатын түрлі маталармен көмкерілген оюлы сырмақ та кездеспейді. Тіптен төренің салтанатқа арналған үйінің өзінде тек қоңыр киіз төселіпті, тек мәртебелі қонақтар үшін кей жерінде орыс төсеніштері қойылған.
Киіз үйдің ең сыйлы орыны есіктің қарсысындағы төр (49) болғандықтан орыс төсеніштері тек осында ғана төселіпті. Төрдің төбесінде, керегенің қабырғасында ішіне түрлі тұрмыстық заттар салынған сандықтар жиналыпты. Сандықтар аласа жүк аяқтардың (подставка) үстіне қойылып үстін кілем, сырмақ, алашамен жабады, ал Абақ керейлер тек түрлі түсті маталармен қапталған көрпе жабады екен. Төрдің сол жағындағы сандықта түрлі ыдыс аяқтар, шәй, қант және басқадай азық-түлік заттары сақталады, ол кебаржэ (кебеженің арғы жағы немесе асхана-кухня. ред.) деп аталады. Оның сол жағына қарай үй иесінің төсек-орыны (постель) қойылып, ол жұқа төсек жапқышпен жабылып жастық қойылған (50). Бұлар кешке жайылып күндіз тап-тыянақтай жиналады. Керегемен төсектің арасы “Чий иши” (қазақша тұс киіз. ред.) деп аталады. Бұл төсекті кереге шиінен бөліп тұр. Ал Абақ керейлерде мұның еш қайсысы жоқ. Төсек пен шидің аралығында үй ішінің қажетті заттары ашық көрініп тұр. Қазақтардың қымыз құйған торсығы немесе сабасы бауынан керегеге байланып тұр. Ол еш нәрсемен жабылмайды. Есіктен солға қарай от басының басқадай мүшелері жайғасатын орын. Мұнда ер тұрман, аңшылық сайман жабдықтары және бұрын қаршыға салған жабдықтар бүркіттің томағасы ілулі тұр (51).
Ошақ үйдің тең ортасында, шаңырақтың астында тұр. Бұл орын “отбасы” деп аталады. Ымырт түсе ошақтың айналасына от басының барлық мүшелері жиналады, үй иесі (отағасы. ред.) төсегінің алдында отырады.
Моңғолдармен салыстырғанда Абақ керейлер басқадай қазақтар сияқты ыдыс аяқ сияқты ағаш бұйымдарын аз қолданады, оның есесіне тоқыма қап, тері және темір терсектен жасалған заттарды көп қолданады.
Ағаш бұйымдарының ішінде өз шеберлері жасаған бұйымдар көп. Ет тарту үшін қолданылатын астау, қара ағаштың түбірі және қайыңнан ойып жасалатын келі және келсап, әр түрлі саптыаяқ, іркіт пісіп май жинауға арналған піспек, бауы бар ағаш көнектер,жүкаяқ, қонақтардың алдына дастарқан тарту үшін қолданатын кіші-гірім аласа столдар (көпшілігі Қытайдан алынған заттар) қолданылады. Сонымен қатар ағаштан ыдыс аяқ қоятын сөре, аспалы бесік жасалады. Теріден саба, торсық, бие сауатын көнек; Темірден құмған, қолға су құйғанға лайықты шәйнек, тазы, табақ, ыстық тамақ тасуға арналған жайпақ табақ (поднос), ішін эмальдаған шойын шәйнек және қазан, металдан жасалған ошақ, мосы, қышқаш және басқадай бұйымдар қолданылады. Ыдыс аяқ бұйымдары туралы сөз болғанда қазақтарда дастархан жайылмай ас тартпайтын салтын айта кеткен жөн. Ас ішердің алдында және ас ішіп болғасын міндетті түрде қол жуады, оны сүртетін орамалдарының өз атаулары бар. Мысалы астың алдында қол сүртетін орамал “сулық” делінсе ас ішкесін қол тазартатын орамал “майлық” деп аталады. Алтай қазақ әйелдерінің бас киімімен жүргенін еш көрмедім, ¦лы жүз, Орта жүз қазақтары қолданатын сәукеленің рөлін мұнда не атқаратынын ажырата алмадым. Ал тұрмыс құрған әйелдер тіптен жесір қалған әйелдердің жаулығы қазақ ортасында, барлық жерде бірдей. Ақзудан тігілген, адамның бетін ғана ашық қалдырып басы, мойыны, иығы, кеудесін жауып тұратын цилиндр бейнелі жұмсақ кимешек деп аталады. Потаниннің (53) жазғанына қарағанда Алтай қазақ әйелдерінің кимешегінің жағымен иегін жауып тұрған жақтау бойы қызыл жіппен әшекейленген, бірақ қазақ әйелдері мұндай безендірілген жаулықты той-томалақ сияқты рәсім кезінде киеді және ондай кимешектер күміс және алтын жіппен (қаз. ноқа жіп. ред.) .
Ал мен өз басым Абақ керей әйелдерінің көзге көрінерлік мұндай әшекейлі киімін көре алмадым. Оларда тек басқадай қазақ бөлімдеріндегідей өңді матадан тігілген жамылғы шапан, қызыл түсті матадан тігілген ұзын көйлек,өңді матадан тігілген сатин шалбар, жүрдек кафтан бешпент, жұқа бұлғарыдан тігілген кебіс, мәсі киеді, тек ұзақ жолға шыққанда ұзын қонышты етік киеді.
Абақ керей қыздарының бас киімдері айталық Торғай обылысы қазақ қыздарының бас киімдерінен гөрі сәл биіктеу көрінгенінен өзге ерекшелік байқалмайды, негізінен еркектердікінен айнымайтын кепеш (тюбетейка) киеді. Тымағының төбесі биік, құлақтары негізінен түлкі терісінен жасалады, кәмшәт терісі сирек қолданылады.
Еркектерінің киім киісі негізінен жоғарыда айтылғандарға тым ұқсас. Тек ер адамдарының шапандары негізінен қаралтым түсті матадан тігіледі, тек шалбарлары жарғақтан тігіледі. Басқадай қазақтар сияқты олар да қайыс белбеу буынады. Іш және сырт киімдерінің екі жағында 4 және одан да үлкенірек мөлшерде көбінесе қызыл түсті матаның қиықтарынан қалта салады және жарты ай формалы кісе асынып, оған насыбай шақшаларын салып жүреді. Мұнда айтылғандарға Ладыгин (54) төмендегіні қосып белгілеген. Ол былай дейді, барлық керейлер биіктігі төрт қарыс ұзын қонышты етік (55) киетіндіктен тізесі бүгілмей барлық денесімен еңселе қозғалады, тымақтарының төбесіне тал үкі тағады, бұл олардың мінезін көрсетіп тұрғаны болмаса соншалықты жарасып тұрғаны шамалы. Олардың барлығы дерлік жібек және басқадай қарапайым маталар, кейде мауыттан тігілген қытай тақиясын (башлық) киеді. Әйелдерінікі сияқты олардың ерлерінің шапанының етек, жаға жеңдері күміс және алтын түсті жіппен өрнектелген. Көйлектерінің жағасы биік, шапанының жағасынан артық шығып тұрады.
Абақ керейдің би төрелері бұрым қоймайды, ресми кездесулерде қытай киіз қалпағы және құрма киеді, онысы шапанымен қосылғанда соншалықты сән салтанатты көрінбейді. Мен үкірдаймен (тунгусша Укур и да –жалпылай басқарушы. ред.) жолыққанымда ол осылайша киініпті, басында қалпағы бар екен, бірақ құрма жабынбапты.
Жалпы Абақ керейлер өзінің үй күйі, киім кешегі, ер тұрманын әшекейлеп баптап күтуге келгенде Түркімен, ¤збек және Сыр-дәрия өңіріндегі өз қандастарына жетпейді. Бұл олардың кедейлігінен емес, ондай сұраныс талаптың жоқтығынан болса керек. Олардың үкірдай, төрелерінің жай күйі қарапайым жұртынан әсіре ерекше көрінбейді. Бұл жағына келгенде Цайдамдағы Моңғол билеушілерінің жай күйі де осы деңгейде.
Олардың азық түлігі де қарабайырлау. Төренің үйінде қант болмай шықты. Мені келеді дегенді естіп ол орыс көпесіне кісі жіберіп жарма қант алдырып, шайға қосу үшін дастарханға қойыпты. Біздің дастарханға қымыздың сыртында сорпа, ағаш астауға салынған майлы ет нанымен (қаз. бесбармақ. ред.) және қойдың майына пісірген бауырсақ қойыпты. Осыған қарағанда төре үйінің дастарханы біз қонақта болған басқадай ауқатты қазақтардың дастарханынан айырмашылығы көрінбейді.Мен әйтеуір Джасын-Қасымханға (56) кім болып көрінгенімді білмеймін, келгенімде төре ауылына жиналған атқа мінерлермен қарапайым керей тобы мені алдымнан шығып қарсы алып, кездесу біткесін барлығы мені Бивағыма (французша bivouac- лагерь, қосын ред.) шығарып салды. Олай болмасқа да шара жоқ еді, өйткені мен мұнда келердің алдында Зайсаң уезінің бастығы М.П.Бирюковтың тапсырмасы бойынша шекара болысының төтенше өкілі Күртіге әдейі келіп біз туралы алдын ала қабардар еткен және бізді қаруланған қазақ әскерлері (фр.Копvооі) ертіп жүрген, оның үстіне менің қолымда Петербургтегі қытай өкілінің визасы басылған қытай төлқұжаты болған.
Абақ керейлердің негізгі тағамдары басқадай қазақтардыкі сияқты, әсіресе жазғы маусымда негізі сүт өнімдерінен құралады. Бұл бие сүтінен жасалатын қымыз маусымы, қымыз бие сүтін ашыту арқылы жасалатын құнарлы, жанға жайлы сусын. Қымызды дайындау және сақтау үшін жоғарыда айтып өткеніміздей торсық, саба, піспек қажет болады, бұл әр бір қазақ үйінде бар. Қымыздан кейін жаз айларында тамақ орнына жүретін және бір сусын ол іркіт, айран. Оны дайындау әдісі мынандай, 1/3 бөлігін су құйып сапырған сүтті қазанға құйып отқа қойып 30-35 градусқа дейін жылытады, сосын оған айранның қалдығы немесе басқадай ашыртқыш зат құйып араластырып сапырып үстін қымтап жауып тастайтын. Екі сағаттай уақыттан кейін ол ішуге дайын болады және бірер күнге сапасынан айрылмайды. Жазда ақ молайған кезде айран ғана емес қатық жасайды, бұл да кәдуілгі айран, бірақ су аз қосылған. Қатық ашығасын оны сабаға құйып пісіп май алады, іркіт деп аталатын сұйықтығын қайнатып құрт алады. Керейлер құрттан басқа ірімшік деген тағам дайындайды. Қой сүтін 60 градусқа дейін қайнатады, сосын оны жас қозының асқазанынан алынған мәйекпен (57) ірітеді. Бұл сүттің қоюлығын ірітіп жинап береді, оны сүзіп алып кептіреді. Бұл тағам ірімшік деп аталады. Құрт, ірімшікті бауырсақ орнына таңертеңгі ас ретінде қолданады. Кепкен құртты жол жүргенде алып жүруге ыңғайлы, оны суға езіп қоймалжыңын асқа қосып пайдаланады (58).
Қысқы тағамның басты түрі бидайды жаншып ет, сүт, айранға қосып тағайындайтын көже. Тек еттің сорпасына да қайната береді. Абақ керейлерде тек еттен көже дайындау орта ауқатты отбасыларының өзінде жиі бола бермейді. Тек жұт-жұрқын кезінде арып шаршаған мал көптеп пышаққа ілінген кезде ғана ет тағамы көбейеді. Қазақ аурудан немесе селге кетіп өлген сияқты малдың етін жемейді. Қазақ түсінігі бойынша пышаққа ілінбеген малдың еті “арам” саналады. Қазақтардың бұл турасында кірпияздығы соншалық олар тіптен пышақ тимеген аңның етін де жемейді (59).
Керейлердің дайындайтын ет тағамының түрі соншалықты көп емес. Кәдірлі қонағына мал әкеледі. Оны сойып етін асып, етін бір бөлек сорпасын бір бөлек әкеледі (60). Сол сияқты майлы еттен нан қосқан бесбармақ жасайды. Бұл тағам қонақтар үшін емес. Еттің сорпасына кеспе салып, құрт қосып кеспе көже жасайды. Соғым сойған кезде керейлер етті шаңыраққа іліп (керейлер соғым етін шаңыраққа емес, үй ішіне құрылған арса ағашына іліп кептіреді. ред.) кептіріп сүрі жасайды. Жылқы етінен қазы жасайды. Керейлер жылқының жалы, қойдың жамбасы, сол сияқты еттің ең бір майлы жерін “жылы жұмсақ” деп есептейді, мұнда қой етін ешкі етінен, жылқы етін сиыр етінен жоғары қояды.
Қара ертіс аңғарының Бүршім өзенінің құйғаны, Қыранның етегін мекендейтін керейлер балық аулап оның етімен қөректенеді және қылтанағы аз балық түрін жақсы көреді. Мылтықпен аң аулау Тарбағатай және Алтай өңірінде етек алған, олар аңды етін жеу үшін емес, терісі үшін аулайды. ¤рөнгө аңғары Қара ертістің құйғанында көптеп кездесетін жабайы қабанға жоламайды. ¤йткені оны қарам деп есептейді. Аюға келсек олар Қанас ормандарында қаптап жүрген аюларды аулауға батылы бара бермейді. ¤йткені жақыннан тиетін, қолмен от алдырып жалғыз оқ шығаратын мылтықпен аю аулауға бару қауіпті. Мұндай қатерлі аңға (қанша мерген болсада) нашар мылтықпен бару қиын (61).
Абақ керейлердің қолданатын тағам түрлерінің бірі қара кірпіш шайы. Олар шайды моңғолдарша тұз, май, сүт қосып қайнатпайды, негізінен орыс шайларын демдеп қосып ішеді,бірақ соңғы кезде Қобда арқылы сауда жасайтын қазақтар қытайдың опырма шайын іше бастаған көрінеді. Ауқатты қазақтар байховый шайын ішеді. Сұлтандікінен (Қасымханов. ред.) біз Шарасүмнен (қаз. Сарысүмбе. ред.) әкелінген жасыл шайын іштік.
Абақ керейлер ол тіптен қымыз болса да спирттік ішімдіктерді тіптен де қолданбайды. Біз бірде қарлы боранда ¤рмегейті асуынан әзер асқасын адам басына бір-бір тостаған арақ ұсындым. Біздің керей жол серігіміз егер мен жазылмаған ереже салт заңын бұзып, ол туралы ел жұрттың құлағына жетер болса мен айыпты боламын деп өз үлесін ішпей қайтарып берді. Құрамында спирті бар ішімдіктердің ішінен Абақ керейлер тек аздап қымыз ішеді, көп ішсе мас болып қалуы мүмкін деп қауіптенеді.
Абақ керейлер атадан малшылар. Басқадай шаруашылығы тек мал шаруашылығына көмекші ретінде танылады. Халқының көпшілігін егінші, жатақ аталатын кедейлер құрайды.
Статистикалық мәлімет болмағандықтан олардың орта шаруаларының жай күйін анықтау қиын. Қытай керейлерімен сауда саттық жасайтын Ресей саудагерлерінің арасына жүргізген зерттеудің қорытындысына қарағанда мұндағы қазақтар егер бір шама малды, әсіресе қойлы деп саналатын Жәнтекей руының кейбір отбасын айтпағанда айталық Семипалатинск облысы қазақтарынан бай емес, Абақ керейдің бір от басында шамамен қой 13 бас (62), сиыр 2,5 бас, жылқы 4,5 бас. Ал үй басында орта есеппен бір-бірден ғана түйе бар.
Абақ керейлер ешкі түлігін ұстамайды, ешкі малына деген қажеттілікті олар жергілікті урианхай, торғауыттар арқылы өтейді.
Қытай аумағында көшіп қонып жүрген Абақ керейлердің түтін саны 15мың, жан саны 60 мың деп көрсек оларда шамамен 200 мың қой, 40 мың ірі қара мал, 70 мың жылқы және 8-10 мың түйе болған деген есеп шығады.
Керей қойлары Орта азияда тегене құйрықты қой деп аталатын қазақ қойлары. Торғай облысында бұл қойдың бойы 1,25 аршин, тұрқы 1,5 аршин, үлкендігі жағынан Алтай қойлары да бұған жетпейді. Алтай қойының бойы да құйрығы да кішілеу (63). Бірақ өң түсі айрықша ақшыл. Ал Торғай облысы, Ертіс, Арал, Тянь-шань аралығында өсетін қойлар қара-қызғылт және ақшыл-қоңыр түсті болып келеді. Бас сүйектері маңдай және мұрын сүйектерінің биік шығыңқылығымен ерекшеленеді. Астыңғы ерні алға шықпаған, ұзын құлақ, арқа сүйегі түзу, кеуде сүйегі кең және терең, сирағы ұзын, артқы сирағы алдыңғы сирағынан қысқа емес, Моңғол қойы тектес Саян қойлары сияқты қарыны алдынан қарағанда шығыңқы емес, ұзын жүндері басынан сирағына дейін жауып тұр. Торғай және Саян қырғыздарының қойынікі сияқты аса қылшық жүнді емес. Бір жасар қойлары “бойдақ қой”, екі жастан жоғарылары “челаузы” (еркек қой. ред.) деп аталады.
Паллас (64) құйрықты қой туралы жаза келіп, қойдың бұл түрі құйрығына осыншама майды тез жинауының сыры олар жайылатын қазақ даласының ащылы, тұщылы жерімен құнарлы шөбінде деп пайымдайды.
Бұл қойлар сөз жоқ құрғақ дала жайылымының туындысы, ал мұндай құрғақ жайылымдар ежелгі құрлықтың батысынан шығысына дейін созылып жатыр. Ащылы тұщылы кең алқап Торғай даласына қарағанда Моңғолия мен Жоңғарда көп болмаса аз емес. Сөйте түра қазақ қойы май жинау жағынан моңғол қойынан әлде қайда жоғары, тіптен қазақ даласымен қанаттас өлкеде жайылатын Астрахан қалмақтарының қойы семіздік күй алу жағынан қазақ қойынан төмен. Көктеммен жаз айларында Алтайдың Альпа жоталарының шалғын жайылымдарының оңтүстік құрғақ жолдарын бойлай жайылатын Абақ керейдің қойының өзі Урианхай, Дүрбіт қойларынан гөрі майды тез және артық жинайтын көрінеді. Мұның сыры Қазақ қойыныың жеген шөбінде емес шыққан тұқым тегінде жатса керек.
Паллас жоғарыда аталған еңбегінде қазақ қойының арасында көпшілігін қамтыған ауру келгені туралы мәлімет жоқ деп жазады. Кармель Палластың мұндай жансақ пікірге келуінің негізгі себебі оның қазақтар малының соңынан жақсы қадағалап, аурудың алғашқы нышаны біліне салысымен-ақ оны азық үшін сойып көпшілікті қамтитын аурудың (65) алдын алып отырған деп сеніп қалғандығында сияқты деп жазды. Сөйтіп ол тегене құйрықты қойда кездесетін төрт түрлі қауіпті ауруды атап көрсетеді. Оның бірі негізінен қозыға тиетін шешек (variolae ovinae) ауруы, одан кейін сыз, суықтан болатын жұмырқұрт немесе ангина, ақсақ буын ауруы, төртіншісі және ең қауіптісі тиген кезде қорадағы қойдың 10 пайызына дейін, әсіресе ішіндегі ең күйлісін алып кететін топалаң (apoplexia cerebri) ауруы міне осылар. Мен өз басым бұл аурулардың ішінен тек “ақсақ” ауруын көзіммен көрдім, біздің азығымыздағы 20 қойдың үшеуі осы аурумен ауырып қалды, оны дереу сойып тастағандықтан аурудың соңын күте алмадық. Айтуы бойынша егер ақсақ мал жайылымнан қалмаса төрт күнде жазылып кетеді деседі.
Абақ керейдің ірі қара малының тұқымы Торғай малы тұқымынан бойының аласалығымен ғана ерекшеленеді. Біз нақты өлшем жасай алмадық Бірақ біз Ақмола облысынан бойы ғана емес салмағы бұдан да кіші мал тұқымын көрдік. Мысалы Торғай бұқасының тірі салмағы орта есеппен алғанда 1.728 фунт (фунт 409,5 граммға сай келетін орыстың салмақтықөлшемі. Ред.), Оралда 1.440 ф., Ақмолада 1.335 ф. Сонда тірі салмақтың бір пудының үлесі.
Ет % бойынша май % тері %
Оралда 23.3 ф. 58.03 2.7 ф. 6.95 2.6 ф 5.59 (65)
Ақмола обл. 22.2 ф. 55.50 2.8 ф. 7.03 2.6 ф. 6.66
Мен керейлердің ірі қара малының ішінен Алтайдың тау жайлауларынан кездестірген өңі қара-қоңыр, құлағы қызыл сары түсті болып келетін теңбіл сиырларды көре алмадым (66). Алтай сиырлары онша сүтті емес.Орта азияда қай жерде болмасын оларды бұзауын салып иіндіріп сауады.
Абақ керейлердің қазақы жылқысы олардың басқадай түлігі сияқты бойы аласалау болып келеді (67).
Мен Зайсанда өз экспедициямды жасақтағанда ең қиыны ат таңдау болды. Біз аттарды мамыр айында таңдаған едік. Ол Қаракерей наймандар және Тарбағатайдың Абақ керейлері жайлауға шығып кеткендіктен Зайсан базарында жылқы аз болды. Бірақ уезд бастығының тапсырмасымен бірнеше үйір жылқы әкелінгенімен бәрібір қолайлы, жарамды жылқы таңдау оңайға түспеді, бірақ біз бәрібір арбаға жегілген аттарға көз тігіп соларды таңдадық (68). Волост бастығы маған астындағы атын түсіп берді. Ат денелі, жүрдек және оны Қыранға дейінгі қазақ ауылдары таниды екен. Бұл ат егер Ташкен, Самарқан базарында кезіксе ешкімнің де көзі түсе қоярлықтай емес әрине (69).
Зайсан өңірі және Абақ керей арасында қазақ жылқысының тұқымы сиреп, денесі кішірейіп бара жатқанының себебін олар жылқының тұқымын жақсарту үшін әрекет жасалмай отырғанымен түсіндірген жөн сияқты.
үйір қосқанда биелермен айғырдың тегін қадағалау аса қиыншылық тудыратын және қосымша қаржы талап ететін жұмыс емес сияқты көрінеді. Бұларға қарағанда Тянь-шань қырғыздары жылқы өсіру жағынан әлде қайда алда сияқты.
1885-1886 жылдары Нарын бассейінінде қатты жұт болып көп жылқы қырылып қалғаны есімізде. Сол жылы өлке басшылығы жергілікті жылқы түлігін сақтап қалу үшін бұрын осы жерден сатылып кеткен айғырларды қайта сатып алу үшін көлемді қарыз беріп Шығыс Фергана бойындағы қалаларға төтенше тапсырмамен саудагерлер аттандырған екен. Ал Абақ керейлердің басына дәл осындай іс түссе олар не істерін білмей ойланып қалар еді.
Қазақ жылқы тұқымы ішіндегі таңдаулыларының бойы 1 аршин 14 вершкден төмен емес. Нығыз, төртбақ денелі, көзі үлкен, жүргенде екі құлағын қайшылап отырады, тершең емес, негізі көзге жылы, денесі ауырлау, жон арқасы қысқалау, жоталы, жаясы жалпақ, бұлшық еттері бұлтылдап тұрады, жуан тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ (Абай. ред), шапқан кезде күш шығара алады, тынысы кең, кеуделі, жақсы аттарының іші тартыңқы келеді, терісі жұқалау, басының күре тамылары адырайған, жүні тақырлау және жылтылдап тұрады, негізінен ақшылдау түсті, қара жылқы аз, қара-жирен, ақ көп кездеседі.
Жүріске, шабысқа төзімді 20-30 шақырымды 1 сағат 20 минутта жүріп өтеді, жем жемей, дамылдамай 100 км, тіптен бірнеше күншілік жерлерге жүре береді (70).
Мұнымен салыстырғанда Абақ керей жылқы тұқымында кейбір өзгешеліктер пайда болған. Денесі кішілеу бола тұра оқтаудай, басы үлкендеу, жақ сүйегі шығыңқы, белі бүкірлеу, шоқтығы биіктеу, мойынымен жалғасып тұрады. Мойыны сәл ұзындау, аяғы тік, әрине мамандар нақты зерттеп көрсе басқадай өзгерістер де табар еді. Мен тек көзге көрініп тұрған ерекшеліктеріне ғана тоқталдым. Мысалы Алтай жылқылары тау таста өскендігі ме ішінде жорға аз, ал қазақ жылқысында жорға көп кездеседі.
үйірге түсу еркін жүріледі. Егер қыс, көктем жылы болса, жем шөбі, жатар орыны келіссе биелер құлындайды, сау, сақа құлын туады, басқаша жағдайда құлын тастап кетуі мүмкін. Құлын екі апта мөлшерінде енесімен бірге болады, сосын басына жіп ноқта тағып үй маңында байлап ұстайды, енесін сауған кезде ғана салып емізеді, басында енесін аз сауады, екінші айдан бастап сауын кезегін жеделдете түседі.
Жылқыны құнанында пішеді. Пішпелердің көпшілігі пішіледі. Тек кедей қазақтар ғана биені мініске пайдаланады, айғырдың бабын табу қиын болғандықтан ұзақ жолға айғыр мініп шыға бермейді (71).
Абақ керей арасында жылқының бағым, күтімі басқа өлкедегі қазақтармен бірдей.
Суыт немесе ұзақ жүрістен кейін атты ұзақ суытады. Қыста жылқы малын жемдемейді, дуалда ұстамайды (72). Жылқыны үш жасынан кейін ғана мініске жұмысқа жегеді.
Қазақ ері малға аса қолайлы емес, ат дұрыс суытылмағандықтан ат арқасы тез кетеді, дұрыс ерттемеу де бұған әсер етеді. Керейдің 3-10 жасқа дейінгі мініс аттарының көбінің арқасы жауыр болады, арқасына жауырлықтың ақ жүні шықпаған мініс аты аз-ау деймін.
Абақ керейлерде түйе аз. Торғай өлкесіндегі түйелердің санына жететін түрі жоқ, оны айтып жеткізуге менің мүмкіндігім болмады.
Керейлер қысқа жем шөпті аз дайындайды. Тарбағатай жотасының аңғары, Буыршын бойында пішенді Зайсанда жасалатын тартпамен шабады. Қыран және оның шығыс бойына қарай шөпті қол орақпен орады.
Буыршын, Қара ертіс, Қыранның құйғанын мекендейтін керейлер ғана аздап балық аулайды. Балық аулайтын жабдықты олар орыстардан алып, қарымын өнімінің бір бөлегі арқылы қайтарады, олар балықты үнемдеп сақтау үшін ауламайды. Су таязыған кезде жабайы өсімдіктердің сабағынан немесе қабықтан жағаға апан құрып балық ұстай береді. Қыста Бекіре, Нельма, Таймень сияқты ірі балықтарды шанышқымен аулайды. Онда мынандай тәсілдер қолданылады: ¤зеннің тарамдарының арасынан жіңішке жылғалар шығарады да оған жас бұта, бұтақтарды шаншып қояды, олардың арасынан балық өтетін тар жол шығарады. Сол жерден өткен балықты шанышқымен шаншып алады, ал кіші-гірім балықтарды жем байлаған тұзақ құрып немесе қармақпен аулайды. Балық аулаумен тек керейдің кедей-кепсектері ғана айналысады.
Алтайдың оңтүстік бөктерінде кәзір де аңшылық кәсіп болудан қалыпты. Мұнда аңды әлі күнге дейін білте мылтықпен аулайды екен. Оның өзінде тек терісі құнды тиын, түлкі, қасқыр ауланады. Бұлғын, құндыз тіптен сиреген. Су құндызы (бобр) тек ¤рөнгө өзені, мүмкін әлі де Қара ертістің басында кейбір жерлерде кездесетін болар. Алтайдың оңтүстік бөктерінде марал, киік (Cap-reolus pygargus Pall) ал Алтай жотасының солтүстік-шығыс бөктерінде киік, жирен (Gazella gutfurosa Pall) өседі екен.
Абақ керейлер Алтай көмірін, селитра қосып илеп порох жасайды.
Ірі аңдарды екі жақтаулы серіппелі қақпан құрып ұстайды. Қақпанның пружиналы екі серперін қайырып табанына тиекпен басып тоқтатады. Сосын оны ін, апанның алдына топыраққа жұқалап көмеді. Егер аң қақпанды басса тиегі ағытылып қақпан- серпіп қандай да үлкен аңды аяғынан ұстайды. Қақпан темір шынжырмен қазыққа мықтап байлағандықтан ешбір аң құтылып кете алмайды.
Абақ керейлердің көмекші шаруашылығының бірі диханшылық. Орталық Азияның басқадай көшпенді халықтарымен салыстырғанда диханшылық мұнда біршама жақсы дамыған. Мен олар қандай құралмен егістік жұмысын қалай жүргізіп жатқанын көрмедім, бірақ естуімше Алтайдың теріскей бетінде 3.500 фт. (1 фунт- 409,5 г. 3.500 х409,5= 14.33 кг. ред)-қа дейін өнім алатын көрінеді. Онда жер жақсы жыртылып, таза ұрық себіліп, арық қазып суғаратын көрінеді, естуімше онда диханшылық нағыз өнерге айналған. Диханшылар жерін қалай өңдеп, арам шөптен тазартып жүргенін көзіммен көрдім. Дәл мұндай жағдайды мен тек Шығыс Түркістан, Қытайдың ішкі өлкелерінен көрген едім. Абақ керейлер дені бидай егеді (73). Олардың иелігіндегі жері тар болғандықтан қалағанынша еге алмайды. Сондықтан олар ұнды Зайсаннан, Қытайлардан және Шар сүм қаласының ¤леттерінен сатып алады. Бұл өлкелерде 10-15 фт.-қа дейін өнім алады, кей жерінде бұдан да көп.
Қыран аңғарында тұратын Абақ керейлер бидайын Шар сүмдегі қытай диірмендеріне тарттырып алып түскен өнімнің бестен бір крю-ін (орыстардың мөлшерімен бұл деген әр бір 0,25 өлшемінің 0,1 бөлігі деген сөз. ред.)
Керей арасында негізінен әйелдер араласып атқарылатын жұмыс түрі “киіз басу” болып табылады, бұған тек кедей-кепсектер ғана емес ауқатты отбасыларының әйелдері де қатысады.
Киіз басу үшін әуелі жүнді өң түсі және сапасына қарай іріктеп жуады, сосын жылқының тулағына салып қойып сабап түтеді. Сосын екі шиді жалғап шидің табанына жүнді тең жаяды. Мұнда да киіздің сапасына, түр түсіне қарау керек болады. Сосын жүнге біркелкі ыстық су шашып бағанаға (труба) орайды. Бағананың екі бұрышына арқан байлап, арқанды тартып айналдырады.Бағана шеңбері еркін айналады. Киіздің жайына қарай қайта ыстық су шашады. Киіз қатайды деп көрсе оны шиден босатып алып білекпен ширатып басады.Сосын жайып кептіреді, осылайша киіз қолданысқа дайын болады. Бұл оңай жұмыс емес, уақыт, күш қуат, төзімділікті талап ететін жұмыс. Бұл жұмысты негізінен әйелдер атқарады, көрші әйелдер бір-біріне көмекке келеді.
Қазақтар киіз басқанда көршілері келіп айран қымыздан шашу шашып “Алты күн аш болсаңда ата кәдеңді ұмытпа” деп бата айтатын әдет бар. Бұл салт кәзір де Абақ керейде сақталды ма, жоқ па ол жағын білмеймін.
Киіз керейлердің тұрмысына қажетті ең құнды дүние. Жұқа киізден қыста киетін байпақ тігеді.
Жүннен қап тоқиды, жуандығы, ұзындығы әр түрлі арқан берік болу үшін оған жылқының қылын қосады.
Абақ керейлер теріден сұйықтықты сақтауға арналған әр түрлі торсық, саба жасайды. Қой терісі, елтіріден шалбар жасайды, етіктің қонышы да теріден жасалады, бұлардың бәрін олар өздері жасайды. Оған қажетті заттарын Зайсан және Орыс көпестерінен алады.
Қой және ешкі терісін олар төмендегіше дайындайды. Теріні сыпырып алғасын жылы сумен жуып аспаққа іліп қояды, терінің түгі жібігенше сонда тұрады, сосын түгін пышақпен қырып, сосын иге (айран, іркіт, сарысудан жасалады. ред.) салып 2-3 күн тұрғызады. Сосын иден шығарып қайта кептіреді, кепкесін илейді. Тері әбден жұмсарғасын рау ағаштың тамыры, қойдың майы қосылған сарғыш түспен бояйды. Боялғасын кептіріп қайта жұмсартып илейді. Тері илеу осылай аяқталады. Мұндай жолмен иленген тері су өтпейтіндей берік болады.
Торсық сияқты түрлі ыдыстар жасайтын тері де дәл осылай жолмен өңделеді, тек ысталмайды және қолмен мыжып илемейді. Тері нығыздалып жиылу үшін ондай теріні салатын иге тұз қосылады. Иден шығарылып қайтадан иленіп жұмсарғаннан кейін тігіледі, сосын жылы суға салып қолмен қалыбына келтіргесін ысқа қақтыру үшін шаңыраққа іліп қояды.
Ал қой терісімен елтіріні су бүркіп дымдап шелін алғаннан кейін сиырдың ашыған сүтіне тұз қосып соған иге салып қояды. Иде 4-5 күн жатады. Сосын кептіріп жұмсарғанға дейін қолмен илейді. Аз-мәз ыстағаннан кейін қолмен қайта илейді, ішіне ұн жағады, идің тозаңын қағып тазартады. Ал елтіріні сабау салып айналдырып жұмсартады.
Аң терісін де осылай жолмен өңдейді. Түйе,сиыр, жылқы терісін керейлер көбінесе шикі күйінде Ресейге шығарады. Ал керейлер еліктің терісін (Capreolus pygargus pall) жоғарыдағы тәсілмен илеп шалбар жасап кию сияқты өз қажеттеріне жаратады.
Абақ керейлердің арасында ағаш шеберлері көп емес. Олардың дені “үй ағашшылар”. Олар тек тапсырыс бойынша жұмыс жасайды. Тіптен қазақтардың шығыстағы орталығы Зайсанның өзінен сатып алуға үй табу қиын. Мысалы мен Зайсан базарынан екі үйдің ағашын сатып алдым, ал оның тігіп дайындалған киізін таба алмадым. Шәуешекте бұл мәселе тіптен қиын.
Керейдің шала-шарпы ағаш шеберлері ердің ағашын өте нашар жасайды. Сондықтан жақсы жасалған және жабдықталған ердің бағасымен салыстырғанда мұндағы ердің бағасы да арзан. Жергілікті шеберлердің ойған саптаяғы көп ұзамай сынып қалады.
Олардың арасында ұсталар мен қол өнершілер аз, мен олардың жасаған бұйымын көре алмадым. Абақ керейлер қол шеберлігі заттарын, тіптен әйелдерінің кимешек-шылауышына дейін Зайсан, Шәуешектен сатып алады екен.
Керейлердің қолданатын ән-күй аспабы тек біздің балалайкаға ұқсас басы үш қырлы, мойыны ұзын, үш ішекті домбыра екен (мұнда автордың үш ішекті дегені түсініксіз. Керей арасында үш ішекті домбыра аса сирек кездеседі. ред.). Бірақ бірде бір адамның домбырада ойнаған үнін және әнші күйшілерді кездестірмедім.
Менің бұл асығыстау түйіндерім үстірттеу болуы мүмкін. Бірақ Орта азияны мекендеген жергілікті жұрттың ішінде Абақ керейлер ән-күй жағынан кешеу қалған ба деп қалдым. Мен шынымен бізге жолшыбай болып жүрген керейлерден бастап олардың ән салғанын көрмедім. Менің байқауымша олар басқа қазақтармен салыстырғанда, өзімен өзі болып жүре беретін ашық мінезді, көпшіл, әңгімешіл емес, тұйықтау жұрт па деп қалдым (74). Олармен әңгіме дүкен құрып, сендіру оңай емес. Әйтеуір олар маған көп сауалдар қойып қинамады, еш нәрсені қызықтамайды, сұрағыңа салқындау немқұрайдылау жауап қайтарады, олардың иә деген немқұрайды әрбір жауабы жер картасын (топография) жасау аса келелі міндетті мойныма алып жүрген маған сенім тудыра бермейтінді. Алғаш оларды жолшыбайлық жұмысына жалдау үшін Қара ертіске менен әлде қайда бұрын келіп, үлкен-үлкен сауда жасап ел арасына танымал болған Ресей татарлары арқылы келісім жасаудың өзі қиынға түскен еді. Онысы бұлардың жауапкершіліктен қашқандығынан емес, Қытай билеушілеріне сақтықпен қарайтын сияқты, мен өз саяхатымды Қобда амбаны (Чиң үкіметінің Қобдадағы өкілдігі. ред.) әкімшілігінен бастап Шәуешекке келгендігімнен болуы да мүмкін ғой. Мүмкін олардың өзіне тән немқұрайдылығынан болар кім білсін. Мүмкін олар өзіне пайдасыз істі мойнына алып артық міндет жүктеуден сақтанатын жалқаулау мінез құлқында болуы да ықтимал.
Сосновский (75) олардың және бір ерекшелігін былайша көрсетеді: Олардың бұл мінезі Ресей аумағында көшіп-қонып жүрген қазақтармен салыстырғанда, Ресейден қашып-пысып келген татарлардың рухани әсерімен дінге терең беріліп кеткендігінде болуы мүмкін деп есептейді. Олай болуы да мүмкін, бірақ мен ондайын көре алмадым. Бірақ мен олардың және бір өзгеше мінезі жайлы айтқым келеді, ол не десеңіз жалпы көшпенділер, оның ішінде керейлердің мінезінің ауырлығы, әсіресе көп болып қауымдасып өз қоныстарын кеңейте түсу үшін жасап отырған тірлігі болуы да ықтимал. Бұлардың ылғи да алға ұмтылуы тегіннен тегін емес, өйткені Қытайдың өлкелік әкімшілігі оларды тұрақсыз элементтер деп санап сезіктене қарайды. Мысалы Абақ керейлер Алтай және Тарбағатай аймағының қайсысына қарасты (76) екендігі әлі күнге дейін шешімін таппаған күйінде қалып отыр.
Ал Абақ керейдің кейбір бөлімдері өздерін әлі де дербес ұстап отырғаны жайлы проф. Сапожниковтың төмендегі деректерінен көре аласыз (77).
Алтай амбаны Си-хэн өзінің әскери бөлімшесін жасақтау барысында қиыншылыққа тап болып ¤рөнгө және Қара ертіс бойын мекендеген ¤лет және басқадай Моңғол топтарын әскер қатарына тарта бастады, ол Алтай керейлерін де әскер қатарына шақыруды көздеді. Ақыры Ямынға (әкімшілік. ред.) бес мәрте шақыртып жүріп Жәдік руының үкірдайы Оспан Шар сүмде болған жиынға келіп қатысты. Бірақ ол әскерге бірде-бір адам бере алмайтындығын мәлімдеді. Си-хэн не істерін білмей қала берді.
Жалпы Қытай үкіметі Абақ керейлерді үркітіп алмауды көздеп, жоғарыда айтқанымыз сияқты аса төзімділікпен қарайтын көрінеді. Қытайлар мұндайда әуелі олардың береке-бірлігін, Ресейдің шекара аймақтарындағы қандастарының көлемді тобымен қанаттас отырғандығын (78) және егер қазақтар бас көтере қалса Шыңжандағы діні бір халықтар көтеріліп кетуі мүмкін деп қауіптенетін. Сонымен қатар бұл кең өлкеде қытайлар әлі де саны аз, осал, жол қатынасы күрделі, тікелей сүйеніші аз екендігі жақсы сезілетін.
Абақ керейлер өлкедегі өз басымдығын жақсы сезінетін, кейде қытайлармен қазақ арасында болып қалатын кіші-гірім қақтығыстарда жеңіске жетуі оларды жүректендіріп қытайлармен ара қатынастағы менменшілдігін арттыра түсетін.
Қазақтың ішкі жағдайы, және қытайлармен ара қатынасты реттеуге тиісті адам қазақтың аға сұлтаны еді. Бірақ ол әлжуаз, шешімсіз, ылғи да істі насырға шаптырмай реттеуді көздемейтіндіктен халықтың арасындағы қадір қасиеті жақсы болмапты. Мұны қытайлар да түсініп аға сұлтан дегеннен гөрі қазақтардың ісіне белгілі ру басыларын араластыруды жөн көре бастаған екен. Мұның бір дәлелі жоғарыда үкірдай Оспанмен болған оқиға еді. Абақ керейлер ешқандай да салық төлемейді, Қытай үкіметіне тарту-таралғы да бере бермейді, үкіметке төлейтін салығы бастан асқан көп емес, барлық жұрт бірігіп жылына мың жылқы салық төлейді, оны ақшаға шаққанда үй басына 1 руб. 50 копейкадан келеді (79).
Аталған төлемнің сыртында Абақ керейлер өзінің сұлтанымен үш амбан ямыны және сайланатын әкімшіліктерді қаржыландыруға міндетті. Бұл да соншалықты ауыр жүк емес сияқты, өйткені осыған байланысты шағым түскені туралы естімедім.
Джасын-Қасымхан Абақ керейлерді мұрагерлікпен бастап отырған үшінші сұлтан. Гуң дәрежесіне көтерілген оның ұлы әкесі тура Пекин біліміндегі адам болды. Оның лауазымының дәрежесі шығыс Моңғол билеушісімен тепе-тең болды. Бірақ бұл есеп ақталмады. Керей ру басылары қаншама Абылай хан ұрпағы дегенмен өздерімен туыспаған және Пекиннің тікелей билігіндегі басқарушыға оң қабақ таныта қоймады. Бұқара халық та Пекиндік билікті жақамады. Абылай хан әулетінен шыққандар билікті тек жоғарғы билікке жаққандығымен (tactus) ғана ұстап тұрды. Ал Қасымхан билікке жағуды ойламады, амбы, үкірдайлар қытайлармен қалай қатынасса ол да солай қатынасып іштей жылылық таныта қоймады.
Қасымханның билігі Моңғол княздарының билігімен парапар болды. Ол Шариғат ережесі қылмыстық істен өзге азаматтық істі шешуге жоғарғы сот рөлін атқарады (80), жыл сайын халықтан оның қазынасына төленетін салықтың мөлшерін айқындайды, оны руларға бөледі, төлемнің басқадай түрін реттеу мәселесіне араласады (81), жергілікті Қытай әкімшілігінің алдында өз халқының мүддесін қорғайды, егер қайшылық жағдай туа қалса Пекинге дейін арыздануға міндетті (82).
¤з мүлкі өз басына жеткілікті және өмір салты қарапайым Қасым хан керейлерге ауыртпашылдық түсірмеді, өнімдік төлемдердің (натуральная повинность) ішіндегі ең көлемдісі сұлтанның малын бағу және оның үй шаруасын атқару міндеті болып табылады.
Аға сұлтаннан кейінгі екіншісі лауазым амбы (шүршіт. Амбан.ред.) (83) болып табылады. Бұл да Гуңның ұсынысы бойынша мұрагерлік жолмен Пекинде қабылданатын лауазым. Бұл екі жаққа қарасты лауазым: ¤з аймағының ішкі қатынасына байланысты мәселе бойынша Гуңға бағынады, ол және оның басшылықтағы жақын көмекшілері мемлекеттік істер бойынша Хэбэй амбанға бағынып төленбей қалған салықтың кемшілігін толтыру, үкіметтік жүкті тасу үшін көлік жинау, қашқындар және мемлекеттік, ауыр қылмыстыларды іздестіру мәселесіне жауап береді. Сот жүйесіне келсек олар би және үкірдай сотының алғашқы аппелляциялық сот рөлін атқарады.
Гуңның үш көмекшісі бар, олардың әр қайсысының жауаптанған аумағы, халқы, міндеті жайлы нақты мәлімет жоқ. Олардың кешені Қаба, Қыран, Сақсай аңғарында болды. Бірақ қыс айларында олар Гуңның соңынан Тарбағатай тауына қарай көшпей өз жұрттарында қала беретін болды.
Ру басылары, әсіресе ол Жәнтекей сияқты үлкен рудан болса оның әрбір топтарына жер бөлініп олардың әр қайсысын сайланған үкірдайлар басқарды.
Олардың құқықтық правосы және міндеті Ресейдің далалық болыстарының құқықтық правосынан әлде қайда жоғары болды, кейбір жағдайда олар тіптен уезд басшыларының ерік, правосынан асып түсетіндей еді.
Абақ керейдің үкірдайлары тек Гуң және Хэбэй амбанның шығарған нұсқауларын орындатушы чиновник қана емес, үлкен лауазым мәнсабы, кәдір құрметке ие және оның айтқанымен Қытайдың өлкелік билігінің өкілі амбанға дейін санасатын нағыз ру басылары болатын.
үкірдайлар өз билігі шеңберінде әкімшілік және полицейлік шараларды іске асырумен қатар сайланған билермен бірлесіп кіші-гірім қылмыстық, азаматтық істер, басқадай заң бұзушылықты қарайтын алғашқы сот міндетін атқаратын болды.
Р.А.Сыртлановтың жазғанына қарағанда (84) үкірдайлар өз билігі және оның халыққа әсерін және амбанның ат абыройын пайдаланып өздері кейбір заң бұзушылыққа баратын кездері де болатын. Олар өзінің мұндай әрекетіне Қытайдың ұсақ чиновниктерін пайдаланып амбанмен халықтың арасына жеңгетайлық жасап шындықтың өң түсін аударып жібереді екен.
Бұдан шығатын қортынды: Қытай амбаны мен керей жұртының тікелей ара қатынасына құлқыны зор үкірдайлар және оларға сатылған амбан әкімшілігінің кіші чиновниктері әр дайым тас бөгет болып отырды.
Егер де жағдай шынымен осылай өрбісе керейлердің бұл өлкедегі басымдық жағдайы көп кешіпей-ақ жоқ болуға тиіс еді.
Ал Алтайда іс жүзінде бір жағынан керейлерге өз дегенін істетіп бағуға ұмтылған қытай әкімшілігі, екінші жағынан амбы және үкірдайлар халықтың атынан қытай қысымшылығына табанды қарсылық көрсетіп жатты. Әзірге бұл амбы үкірдайлардың қолынан келіп тұр. Неге десеңіз әзірге үкірдайлар халықтың өздеріне деген сеніміне сүйеніп отыр. Егер де олар өз билігін асыра пайдаланып, билікті өз халқын қанауға арнай бастаса, халқының алдында сенімінен айырылып қытай үкіметімен келісімге келіп бас ұрғаннан өзге жол қалмаған болар еді. Оның үстіне үкірдай билігі мұрагерлікпен емес, сайлау арқылы келетін билік. 1902 жылы Абақ керейлердің арасында үкірдайлардың саны 16 болды. Олар бір-бірімен ауыз жаласқанда ғана халықтан бірер сырды жасыра алған болар еді. Оның үстіне көшпенділерден төлемнің негізгі түрі дайын өнім және мал болғандықтан оны ұзақ уақытқа жасырып тастау тіптен мүмкін емес еді. Осындай көз бояушылыықтар бола қалғанда урианхайдың ақындары (Ерөлчи. ред.) сияқты барлығын өлеңге қосып айтып тастайтын болса олардың қаралығы ашылып қалар еді (85).
Мысалы: Міңгені үкірдайдың биік көк ат,
Бола қоймас ол маған жанға сауап.
Жылқыдағы бір тайы жоғалса егер,
Ол айланып ақыры мені табады (86).
Абақ керейлердің барлық үкірдайлары халқына адал қызмет ету арқасында ауыспай тұра береді. Егер де олардың ішінде өз арын, міндетін ұмытып қателік жасаған болса Қытай амбанының алдына жауап беруге дейін баратындай үлкен көлемде болмаса керек.
Алтай қазақтарының түрлі сайлаулары басқа өлкедегі қазақтардағы сияқты сол баяғы аттаныс, сатып алу, дастархан жаю, қорқыту, үркіту сияқты әрекеттермен ұштасып жататын деп жазады жоғарыдағы автор. Мұндай көрініс Америка, Еуропаны айтпағанда билік үшін күрескен барлық Партия жіктердің арасында ұдайы болып жататын көріністер. Әрине мұндағы жағдайды өз көзімен көре алмаған Сыртлановтың (ол мұны біреуден естіген болуы керек) жазғанына қарағанда Абақ керейлердің арасында сайлау бір қалыпты өтетін болыпты. Иә тек Жәдік арасында ғана емес, “жалпы керейлер арасында аса кәдірлі болған Оспан сияқты адал және халықтың мұң мұқтажын түсіне білген өзі қайта сайлану үшін ешкімді де сатып алудың қажеті жоқ біре жарым адамдар болса болған шығар”.
Әрбір руда сайлау додасына түсетін белгілі адамдар соншалықты көп болмаған, үкірдай додасына тек ауқатты, еңбекке шыдамды, білімді, білікті елді басқара білетін және көпшілігі рудың белгілі адамдары ғана түсе алатын.
Сосновский керейлер үшін қай руға жататыны бәрі бір өйткені оларды Шыңғыс хан (87) әулетінен тараған “ақ сүйек” төрт би басқаратын. Бұл төртеуінің сыртында керейлерді Қытай үкіметі әдейі тағайындаған төре лауазымы бар ру басылары (үкірдай) басшылық жүргізеді. Бұлар тек бұрын жалпы керейлерді басқарған Әжі төренің ұрпақтары болатын. Төрелердің билігі табансыз болды. Қазақтар дау-дамайды шешіп бер деп оларға өтініш айта бермейтін.
Алтай қазақтарының кәзіргі билік жүйесі жоғарыда Сосновский айтқандай шашыраңқы (88) болмаған. Дегенмен оның жазғандарын жоққа шығаруға да болмас, өйткені өткен ғасырдың 70-жылдары (ХүІІІ ғ.70-жылдары. ред.) қазақты Шыңғыс хан әулетінен тараған “ақ сүйектер” бастап келгені рас. Мысалы Потанин өз қарамағындағы жұртын шығысқа ертіп көшіріп барып (89) Алтай жотасының Қобда бетін мекен еткен Самархан және Қожамжар, Алтай тауының Жоңғар бөктерін мекендеген Батырхан сұлтандар туралы жазған еді.
ХХ ғасырдың басында сұлтандық жүйесі әлсіреп, үкірдай билік жүйесі күшейе түсті. Ал ақ сүйектер тек ру басы, билігіне ұсынылатын болды.
Алтай және Қытайдағы барлық қазақтар үшін үкідайлардың тікелей қарамағында Зәңгі деген жаңа лауазым пайда болды. Солай бола тұра оларды халық сайлап үкірдай емес сұлтан (князь) бекітетін болды. Оның сыртында үкірдайдың тікелей қарамағында полицей рөлін атқаратын Кунду және Бошго (90) деген лауазым шықты. Бұлар іш жүзінде көшпенділер арасында жүретін үкірдайлардың тікелей шабармандары еді. Ауылды жүздік, елулік, ондық жүйесі бойынша ауыл басылары (ақсақалдар. ред.) басқаратын болды.
Сайлау көтерген лауазымдылардың қатарына сот және би лауазымы жатады. Билер үкірдайларға тікелей бағынып жеңіл қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын болды. Неке, семъя және мұрагерлік мәселесі шариат ережелері бойынша шешіледі.
Осымен Абақ керейлер туралы біздің айтарымыз аяқталды (91).

“Моңғолия қазақтары” кітабынан




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑