banner-top12

Ақпараттар ағымы 44760790_2179501032263781_7498309370288013312_n

Қосқан уақыты Қазан 26, 2018 | 218 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Абылайхан Оспанов: Биометрия енгізілгенде, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тіпті оңай болады

43706441_2179501005597117_4219659412446380032_n 44760790_2179501032263781_7498309370288013312_n 44837898_2179501018930449_986064576367820800_n

Бүгін Алматыда Бірінші несиелік бюро базасында өткен «FCB: Key To Customer» конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов биометриялық сәйкестендірудің енгізілу барысын айтты.
«Біз биометриялық деректер арқылы жеке тұлғаларды анықтау жүйесін енгізу жұмыстарын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы әріптестерімізбен бірге жүзеге асырудамыз», – деді Абылайхан Оспанов.
Биометриялық база енгізілген жағдайда азаматтар электрондық портал мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді бет-әлпетінің скан көшірмесі және саусақ іздері арқылы ала алады, яғни өздерімен бірге жеке куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) әкелудің қажеті болмайды. Бұл жоба ақпараттық жүйелердегі қолданушылар туралы деректерді автоматтандыру және сәйкестендіру мақсатында жасалып жатыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация «ҰАТ» АҚ-мен бірге мемлекеттік қызметтерді биометриялық механизм арқылы алу жобасын Астана және Алматы қалаларында пилоттық тәртіпте іске қоспақ.
Биометриялық деректер базасына тіркелген азаматтар ғана мемлекеттік қызмет алу барысында өздерінің биометриялық мәліметтерін қолдана алады. Бұл базаға тіркелу ерікті түрде жүргізіледі.
Биометриялық сәйкестендірудің енгізілуі қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерге оңайлықпен қол жеткізуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ басқа біреудің құжатын қолдану әрекеттеріне жол бермейді. Қазірдің өзінде Қазақстанның қаржы секторында биометриялық сәйкестендіру жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Мысалы, кейбір банктік қосымшаларға саусақ ізі арқылы кіруге болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑