banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0990

Қосқан уақыты Сәуір 10, 2019 | 122 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әділет Ахметұлының шығармашылығы таныстырылды

Алматы қаласы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Таланттарды таныту» жобасының кезекті шарасы өтті.

Шараны  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбы аясында өткізді.

«Таланттарды таныту» шарасы ақын Әділет Ахметұлының шығармашылығына арналды.  Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Шараға ардагер журналист, ақын, сыншы Аян Нысаналин, ақын, журналист Сейітқамза Сламхат, филология ғылымдарының докторы, профессор Тебегенов Темірхан, «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Бақытжан Сатершинов,  «Алтын арқау» ҚБ төрайымы этнограф Аюп Ғалия Қайдауылқызы, «Ұлттық салт-дәстүр» академиясының академигі, этнограф-жазушы Бопайұлы Болат,  Қазақстан мен ҚХР-дағы қазақ мәдени мұралары жайлы 10-ға жуық этнографиялық еңбектің авторы, жазушы-этнограф Баяхмет Жұмабайұлы, ақын, жазушы-публицист Болат Құрманғажы, ақын, жазушы Мұқан Мамытқан, белгілі ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі   Дәулетбек Байтұрсынұлы, күйші Талап Қараш, «Әлем халықтары жазушылары одағы» ҚБ төрағасы Қайрат Дүйсен, «Әлем халықтары жазушылары одағы» ҚБ өкілі  Тойшыбайұлы Ізтілеу, ақын Раиса Ақанқызы,  оқытушы Ақманат  Шамақова, ақын Жолдыбай Мұзаппаров, ақын Нұрдынбек Нұрасбаев, кәсіпкер Қайнар Шаймұран, аудармашы-ұстаз  Бақыт Кемелбек,  аудармашы Балмағамбетова Алмаш және т.б. әдебиет пен өнер өкілдері қатысып, М.Әуезов атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері, ақын Әділет Ахметұлының шығармашылығына сәттілік тіледі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑