banner-top12

Әдебиет i

Қосқан уақыты Маусым 2, 2017 | 419 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

   Әкешім – тірегім

Отан – отбасынан басталады демекші, отбасы ол шағын ғана мемлекет. Ал, сол мемлекеттің басшысы, тұтқасы – әке. Әке- жанұяның тірегі, ақылшысы, қамқоршысы, асырап, дұрыс бағыт-бағдар берушісі. Әке анаға қарағанда тік мінезді, қаталдау келеді.  Алайда, ананың жүрегімен жүзінде мейірім қатар  тұнып тұрады, ал әкенің қабағы қанша қатулы, қатал болғанымен перзенті, жанұясы дегенде әкенің жүрегі елжіреп сала береді. Ұрпағы үшін бәріне дайын…

Кез келген адам үшін әкесі өзіне асқар тау, ең керемет ғажап жан. Мен үшін де солай.  Әке бар үйде  темірдей тәртіп болады, біздің үйде де көп тыйымдар болатын.  «Әкеге бағыну , Аллаға бағыну» -деп Пайғамбарымыз да хадисінде айтқан. Бәріміз тірекшімізге бағынып өстік. Ал анамыз соған жөн сілтеуші.  «Әкеңнен сұран, жіберсе барарсың», «Әкең ондайды жақтырмайды»,  «Әкең ұрсады» -деп тәртіпті еске салып отыратын.  Әкеміз бір қылығымызға қабақ шытты ма, демек, біздікі дұрыс емес деген сөз. Әкенің пайымы жоғары, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін қабағымен-ақ танытады. Бүгінде баласынан безген әкелер қаншама? Әкесіз бала өсірмеспін деп тастанды болғандар да көбейді. Әкенің мейірімі тұрмақ, қаталдығына зар болған да балалар көп. Әкенің жылуын сезініп, мейірімін көріп, бар екенін ұғынып өскен менде арман жоқ.  Әр күнім үшін шүкірлік қыламын. Әсіресе, әкелердің әкесін маған сый қылып  тарту еткен Аллаға разымын.  Қамқоршы әкеме қандай жақсылық жасасам да парызым өтеліп болмайтындығын білемін. Өйткені, оның маған жасаған жақсылығы өлшеусіз, шексіз…

      Әкеге арнау

Әке саған ешкімді де теңемеймін,
Жақсылықтан басқаны тілемеймін.
Тәрбие берер мағыналы сөздеріңді,
Ыждағатпен көңілге шегелеймін.

Аштық пенен жоқтықты көрмесін деп,
Таршылықта тарығып жүрмесін деп.
Қиындыққа тосқауыл бола білдің.
Қатарынан кем қалып жүрмесін деп.

Тұңғиыққа ұшқыр оймен бойласам,
Бізге артқан үмітіңді еске алам.
Әке сенің үмітіңді ақтауға,
Әрқашанда болашаққа көз салам!

Гүлмарал Ерсұлтанқызы

                           ҚМУ-дың 2 курс студенті

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑