banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2018-10-26_15-49-51

Қосқан уақыты Қазан 27, 2018 | 228 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтады

photo_2018-10-26_15-47-56 photo_2018-10-26_15-48-12 photo_2018-10-26_15-48-45 (2) photo_2018-10-26_15-49-14 photo_2018-10-26_15-50-41 photo_2018-10-26_15-50-45 photo_2018-10-26_15-51-24 photo_2018-10-26_15-52-19

Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай «Азаматтарға арналған үкіметтің» 399 жұмысшысы марапатталды
Қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 399 жұмысшысы «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамотасы және алғыс хатымен, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының орталық және аймақтық филиалдарында еңбек етіп жатқан 2,5 мыңға тарта қызметкері әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін есептеп, төлем тапсырмасын өңдеп, халыққа әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және автоматтандыру барысында әлеуметтік қызметтерді де оңтайландырып, бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Соның ішінде бала туу бойынша жәрдемақылардың проактивті тәсілмен есептелуі, зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша композиттік қызметтердің енгізілуі, мемлекеттік кепілдіктің де проактивті нұсқада төленуі – осының дәлелі. Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қызметкерлері еліміздегі 6 миллионнан астам адамға зейнетақы және жәрдемақы есептеу және төлеу үрдісін үздіксіз іске асырып келеді.

Мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласындағы қызметкерлерін басқарма төрағасы Абылайхан Есенұлы Оспановтың өзі келіп құттықтады. «Әлеуметтік қызметкер – бұл мұқтаж кісілерге қызмет көрсетіп қана қоймай, жандарына жұбаныш сыйлап, демеу болатын адамдар. Қазіргі күні олардың жұмысы мұнымен ғана шектеліп қоймайды, сондай-ақ біздің қоғамның әл-ауқатын көтеру бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қызметімен де астасып жатыр», – деді басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.   Өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын қайырымды жандардың еселі еңбегіне тоқталған Абылайхан Есенұлы, қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектеріңізді, жүрек жылуын ұсынып отырған Сіздердей жандарға шынайы алғысымызды білдіремін деді. Филиалдағы үздік әлеуметтік қызметкерлерді өз атынан марапаттады.

Төраға қолынан Алғысхат алып марапатталған мейірлі жандардың мерейі өсіп, мерекелік көңіл-күйлері көтеріліп, қуаныштары еселене түсті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑