banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0338

Қосқан уақыты Шілде 17, 2015 | 705 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әлеуметтік тақырыпқа арналған дөңгелек үстел

IMG_0368 IMG_0366 IMG_0340 IMG_0341 IMG_0338 IMG_0310 IMG_0258 IMG_0223IMG_0232 IMG_0223 IMG_0308 IMG_0261 IMG_0291 IMG_0362 IMG_0355 IMG_0369IMG_0360 IMG_0312 IMG_0379  IMG_0225

Жұмыссыздар қалай жұмысқа орналасуға болады? Табылған жұмысқа мамандығы, кәсібі сәйкес келмесе, қайтадан қалай даярлықтан өтуге болады? Жастар практикасы деген не? Оны кімдер пайдалана алады? Алматы қаласында қандай тегін курстар бар, Зейнеткерлікке шығу, зейнетақыға байланысты сұрақтар бүгін «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламалар: халықты әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттандыру» деген тақырыптағы дөңгелек үстелде айтылды.Шара ұйымдастырушылары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы; Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы.
Шара мақсаты бойынша жиынға қатысушылар – Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-қадамын басшылыққа ала отырып, халықты қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, халықты әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы толыққанды ақпараттар берілді.
Жиынға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Абдреимов Мұса Сейдеметұлы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ертаева Мадина Нұрланқызы, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Көші-қон бөлімінің басшысы Ысқақова Күлсін Метербайқызы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының өкілі Сәния Әбдіғаппар, Алматы қаласы әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі Қайрат Иманалиев, Алматы қаласы Халыққа қызметкөрсету орталығының менторы Базар Алтынай Еділқызы және басқа ұйымдар өкілдері қатысып, халықтың әлеуметтік жағдайларын көтеруге әсер ететін факторлар туралы туралы баяндады.
Жиынға келген мемлекеттік және басқа да тиісті органдардың өкілдері қала тұрғындары мен этникалық қазақтардың сұрақтарына жауап берді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑