banner-top12

спорт 20a861e1-a57d-4964-b5e6-0de280834206 (1)

Қосқан уақыты Наурыз 25, 2016 | 596 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әлжан Жармұхамедов қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Универсиада ойындарында алтын медаль алған тұңғыш қазақ – қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
1970 жылға Универсиаданың жеңімпазы Әлжан Жармұхамедов «Астана» алаңында 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының мерекеге арнайы тігілген киіз үйде қонақ болып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
«Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мен Алматыға келіп, халықпен бірге осы мерекеде болғаным үшін қуанамын. Бүгін алаңда әртүрлі ұлт өкілдері жиналып, көктем мерекесін тойлап жүр. Барлық қазақстандықтарға табыс пен жетістік тілеймін», – деп айтып өтті Әлжан Жармұхамедов.
1970 жылғы Универсиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов өзінің студенттер ойынындағы жеңісі жайлы айтып, 2017 жылы өтетін Алматыдағы Унивесиаданың маңыздылығына тоқталып өтті.
«Универсиада – студенттер спортындағы ең үлкен дода. Барлық мемлекттерден жиналған спортшылар қарасы жиналып, жоғары деңгейде медальдарға таласуы жарыстың ең үлкен қызығы. Алматыдағы Универсиада – барлығымыз үшін үлкен мереке. Универсиада ойындары спорттық мансаптың ары қарай дамуы үшін үлкен серпліс беруі мүмкін. Осы додағы қатысатын барлық спортшыларға сәттілік, жеңіс әрі жақсы нәтиже көрсетуін тілеймін», – деді ол.
Әлжан Жармұхамедов – кеңес кезеңінің спортшысы, баскетболшы, оның қоржынында халықаралық жарыстардың көптеген жеңістері бар. Оның ең елеулі жетістіктерінің қатарында – 1970 жылғы Италиядағы Универсиада алтыны мен 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасының алтыны бар. Әлжан Жармұхамедов Универсиада ойындарында жеңіске жеткен тұңғыш қазақ спортшысы. Қазіргі уақытта ол Мәскеу қаласында тұрып жатыр. Белгілі болғандай, «Астана» алаңында Наурыз мейрамы «Мыңжылдық мереке» атты халықтық тойлау өткен болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Балалар алаңына бірнеше бойлы қуыршақтар өнер көрсетті, соладың ішінде Унверсиада бойтұмары балапан Сұңқар да бар.
Алаңда 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың мерекелік киіз үйі тұрғызылды және алдағы дода жайлы басты ақпараттар мен кез келген адам ала алатын кәде-сыйлар да қойылды. Қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татуға да мүмкіндік болды. Ұйымдастырушы комитеттің атынан берілетін сыйлықтар үшін викториналар ұйымдастырылды. Наурызды тойлау Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өтумен үйлестіріліп жасалды.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑