banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1439

Қосқан уақыты Мамыр 23, 2019 | 74 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әр өңірден келген таланттар кеші

IMG_1429 IMG_1439 IMG_1440 IMG_2523 IMG_2543 IMG_2548IMG_1451 IMG_2562 IMG_2563 IMG_1464IMG_2589 IMG_2591

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында «Таланттарды таныту» кеші өтті.

«Жанашыр» қоғамдық қорының  «Таланттарды таныту» шарасының бұл жолғы кейіпкерлері – Алматы облысы, Көксу ауданынан келген, жеке кәсіпкер, “Сезім тамшылары”, “Жүректегі ағыстар” атты жыр жинақтарына өлеңдері енген ақын Айнұр Оразайқызы, 2016 жылы өткен республикалық “Тіл дамыту” байқауының терме жарысының бас жүлдeгері, облыс көлемінде өткен “Қалқасы еді xалықтың” атты ақындар айтысында Зылиха Тамшыбайқызы атындағы арнайы жүлде иегері, 2017 жылы Мұқағали әндерін орындау шеберлігі бойынша 2-ші дәрежелі жүлденің иегері, 2018 жылы Көксу ауданында өткен Астананың 20 жылдығына арналған “Елім менің еңселім” атты айтыстың бас жүлдегері және т.б. аудан, облыс көлемінде өткен көптеген байқаулардың жеңімпазы Зирагүл Нұрданбекқызы және Астана қаласынан келген әнші, композитор Әбдірахман Әріпұлының шығармашылығына арналды.
Шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамды ққорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іскеасыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.
Жиынға талантты ақындардың үзеңгілес әріптестері, достары және Алматы қаласы Технология және флористика колледжінің 200-ге жуық студенттері қатысты.
Кешті ақын, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑