banner-top12

Ақпараттар ағымы 20141212_111002

Қосқан уақыты Желтоқсан 15, 2014 | 780 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әріптестеріміз жүлделі болды

 

20141212_111217 20141212_111156IMG-20141212-WA0003IMG-20141212-WA000220141212_111119 20141212_111058

 

«Казкомерцбанк» АҚ қолма-қол төлемсіз операцияларды ұлғайту мақсатында ХҚКО қызметкерлері үшін жариялаған ынталандыру акциясының қорытындысын шығарды. ХҚКО қызметкерлері ХҚКО-ның біріктірілген ықпалдастырылған ақпарат жүйесі арқылы немесе электрондық үкімет порталы төлем шлюзі арқылы кез келген төлем карточкасымен неғұрлым көп таранзакциялар жасауы тиіс болатын. Нәтижесінде ең көп транзакция жасаған ХҚКО қызметкері бас жүлдеге – Тайландақа екі адамға арналған саяхат жолдамасына ие болады делінген.
Акция ұйымдастырушылар жақында бас жүлде – Тайландқа жолдаманы астаналық ХҚКО инспекторы Балнұр Кұрбановаға салтанатты түрде табыстаса, бүгін ынталандыру сыйлығы – телевизорды Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО инспекторы Нұрсая Саурықоваға, электронды тауарлар дүкеніне 20 мың теңгенің сертификатын Медеу аудандық ХҚКО инспекторы Лаура Дауылбайға, Мамандындырылған ХҚКО инспекторы Асхат Жакиев пен Түрксіб аудандық ХҚКО инспекторы Гүлсім Дүйсенбековаларға – электронды кітапша тапсырды.
Сыйлықтарды тапсыруға кедген «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі Шоқан Еркінбекұлы Дүйсенов ХҚКО қызметкерлерінің табысты жұмысымен құттықтап, алдағы уақытта жа осындай биіктерден көрінетіндеріне сенім білдірді.
Әріптестерімізді жүлделерімен біз де құттықтаймыз.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑