banner-top12

Ақпараттар ағымы 20140828_155123

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2014 | 852 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Конституция күні. «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар…»

20140828_15465720140828_15372320140828_154355 20140828_154106  20140828_154216 20140828_154322 20140828_154332 20140828_154338  20140828_154616 20140828_155123

20140828_15491520140828_161640

20140828_160523 20140828_173524

«Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар…» Ата заңымыз – Конституцияның 13-бабында осылай делінген. Иә, әркімнің-ақ заң көмегін алуға құқы бар. Бірақ, оны екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Әр елдің заңы басқа. Шетелдерден көшіп келіп, қатарымызға қосылып жатқан қандастарымыз жаңа ортада құқықтық кеңесті қажет ететіні сөзсіз. Өздеріне тиісті құқықтары мен мүмкіндіктерін де пайдалана алмай, тығырыққа тірелетін тұстары да аз емес. Осы олқылықтың орнын толтыру, қандастарға ақпарат беру мақсатында, басқосулар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп тұрады. Конституция күні қарсаңында Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері өткізген осындай бір басқосу «Өз мүмкіндігің мен құқыңды пайдалана біл!» деп аталады.
Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Қазақстан Жазушылары кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырған бұл басқосуға Түркия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген қандастар қатысып, құқықтық тақырыпта келелі әңгіме қозғады.
Жиынды құттықтау сөзімен ашқан Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының аумақтық бөлім басшысы Баймұрат Мұратханұлы Жамбылов мырзадан соң сөз алған Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мақпал Дәулетбаққызы Тыныбаеваның сөзі жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Басқарманың азаматтарды жұмыспен қамтудағы қолға алып отырған шаралары мен қабылданған бағдарламалары, жобалары, мектепті бітірген жастан бастап зейнеткерлік алдындағы, тіпті Алматы қаласына жұмыс іздеп келген тіркеуі жоқ жұмыссыздарды да жұмыспен қамтуға арналғанын айтты. Оның ішінде оралмандарды, 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше басымдық берілуде екен. Мұндай жағымды жаңалықтан бейхабар қандастар қуанысып жатты. Басқарма өкілі жиналғандарға арнайы ақпараттық парақшалар таратып, туыс-таныстарына хабарлауды айтты.
Сонымен қатар, Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті Жанділда Әжіғалиұлы Жақыпов, Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілі Серік Төлетайұлы Қошқаров, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы Бауыржан Рысбекұлы Жұрынов, Алматы қаласы Көші-қон басқармасының бөлім басшысы Күлсін Метербайқызы Ысқақова, Халыққа қызмет көрсету орталығының менторы Азамат Нұрғалиұлы Бигелдиевтер өз салалары бойынша азаматтардың қандай құқықтары мен мүмкіндіктері бар екенін айта отырып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Ал, Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Жамелқызы Ағайса Конституция күніне арналған «Ата заң – ел болашағының негізгі баспалдақтары!» атты кітап көрмесімен таныстырып, Қазақстан тарихындағы қабылданған Конституциялармен таныстырды.
Жиынды жүргізіп отырған Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақпараттандыруға негізделген мұндай басқосуларды әрдайым өткізіп отыратынын, қандастар тарапынан қандай тақырыптарда ақпаратттық кеңес алғысы келетіндігі жайлы ұсыныс болса, соған байланысты тиісті орындар өкілдерімен басқосулар ұйымдастырып беруге дайын екендіктерін айтты.
Жиынға қатысушылар толғандырған сұрақтарына жауап алып, талай жайттан хабардар болып, құқықтық білімдерін арттырып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Еркебұлан Мекенбай




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑