banner-top12

Ақпараттар ағымы 20111227134032

Қосқан уақыты Қыркүйек 5, 2014 | 674 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әсет Исекешев ҚР инвестициялар және даму министрлігі қызметінің басым бағыттарын белгіледі

 

Бүгін Астанада инвестициялар және даму министрлігінің бірінші кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Әсет Исекешев отырысты жаңа министрліктің құрамы туралы айтып ашты.
Қайта ұйымдастырудан кейін біріктірілген 4 ведомствоның (Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Байланыс және ақпарат агенттігі, Ұлттық ғарыш агенттігі) 68 құрылымдық бөлімшелерінен ҚР ИДМ құрамында 25 құрылымдық бөлімше қалды. Осылайша, құрылымдық бөлімшелер саны 2,5 астам есеге қысқартылды.
Енді министрліктің құзыретіне еліміздің индустриалды-инновациялық, даму, инвестицияларды тарту мәселелері кіреді. Соның ішінде – өнеркәсіп саласының дамуы (кен өндіруші өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсіптері) мен қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу, энергияны үнемдеу; көлік және коммуникация, байланыс, ақпарат пен ақпараттандыру, туризм, ғарыш саласы, геология мен жер қойнауын пайдалану, жаңа технологиялар трансферті, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, министр ағымдағы жылдың аяғына дейінгі негізгі міндеттерін, сонымен бірге алдағы жылға қатысты ведомство жұмысының басты бағыттарын белгіледі. Ол алдағы уақытта негізгі қызмет инвестицияларды тарту мен алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану негізінде бәсекеге қабілеттілікті және нақты сектордың тиімділігін арттыру арқылы ел экономикасын орнықты дамуының қолғабысына бағытталатынын айтты.
Сонымен қатар, жаңа министрлікке жоспарланған өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсу жоспарын орындау, индустриализацияның бірінші бес жылдығын ойдағыдай аяқтап, оның екінші кезеңін бастау – индустриялық инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру міндеті жүктелді.
Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Әсет Исекешев министрлік және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттікті шектеу жөніндегі жұмыстарды аз уақыт ішінде аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік міндеттегі қызметтерді мемлекеттік емес секторға беру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды айтты.
ҚР ИДМ басшысы сонымен қатар халыққа және бизнеске мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыруды, және 2017 жылға дейін барлық мемлекеттік жүйелер мен деректер қорларын «электрондық үкімет» платформасымен ықпалдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарынан, ал басты жобалар бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасын қолдану тапсырылды. Сонымен қатар келесі жыл берілетін рұқсаттама саны 50%-ға қысқартылу тиіс.
Одан бөлек, ағымдағы жылдың аяғына дейін отандық экспортаушыларды қолдау мақсатында жүктерді тасымалдау құнын төмендету бойынша шараларды қарастыру тапсырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың аяғына дейін көлік құралын басқаруға берілетін сенімхатты 2015 жылдан бастап алып тастауға, сонымен қатар пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі жеке автокөлік құралдарының техникалық байқауын алып тастауға қатысты ұйымдастырушылық мәселелердің барлығын шешуге тапсырма берілді.
Автожол саласына қатысты министр 2014 жылдың аяғына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің 157 шақырым жолында жұмыстарды аяқтауды; Шымкенттен РФ шекарасына дейінгі учаскеде қозғалысты ашуды; жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы үшін ұлттық стандарттың жобасын бекітуді тапсырды.
Сонымен қатар министрлік Президенттің тапсырмаларын орындау және индустрияландыру саясатының екінші бесжылдығын уақытылы бастау мақсатында қыркүйек айында іс-шаралар жоспарының жобасын қарастыру үшін Үкіметке енгізу тиіс.
Инвестицияларды тарту жұмыстары бойынша министр Инвесторлар үшін жаңа ынталандыру заңын белсенді жүзеге асыру, «Арнайы экономикалық аймақ туралы» заңнын жаңа жобасын Парламент Мәжілісіне ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін енгізу тапсырылды.
Министрдің айтуынша, индустриализацияның екінші бес жылдығын іске асыруда, соның ішінде инвестицияларды тарту және жаңа технологияларды енгізуде «Бәйтерек» холдингіне ерекше мән беріледі.
Әсет Исекешев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзғаны үшін құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігі туралы еске салды. Министр ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджетті игеру және жоспарланған көрсеткіштерді орындау үшін жауапкершіліктің арттырылатынын белгіледі.

ҚР ИДМ баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑