banner-top12

Поэзия no image

Қосқан уақыты Мамыр 20, 2014 | 1  272 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ӘЙЕЛ

 

көргенді қыз

Әсем әуен әйел деген ат қандай!?

Астарында алапат күш жатқандай.

Айсұлулар, Ақботалар… Ақмаңдай,

Ажарынан алтын нұр – таң атқандай.

 

Күн нұрынан жандарына нәр алған,

Әйел – алау қызғалдақтар әр алуан.

Әйел – Аққу айдыныңда таранған,

Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

 

Әйел – Арман, Әйел – тәтті сағыныш,

Жәй таппайды олар жоқта жанып іш.

Әйел – Бұлақ кәусарынан қанып іш,

Алып ұшсаң әйеліңе алып ұш!

 

Әйел – бақыт, іздегенің шарқ ұрып,

Желікпе ерлер, қолда бақыт бар тұрып.

Еркелесе мойныңа кеп асылып,

Сар уайымың сап болады сарқылып.

 

Әйел сыры таусылмайтын сыр еді,

Әйел – Ана тіршіліктің тірегі.

Ана, ана! Ана жердің жүрегі,

Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді?!

 

Нұрбақыт Мұхаметжанұлы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑