banner-top12

Ақпараттар ағымы i (6)

Қосқан уақыты Наурыз 30, 2017 | 389 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Әйелдер арасындағы футболдан ұлттық құрама Грузияда додаға түседі

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 6-12 сәуір аралығында 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды. Қазақстан құрамасының сапына шақыртылған қыз-келіншектер 27 наурыздан бері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Әрі осы жиын барысында мұқият медициналық тексерістен өтеді. Жаттығу жиыны 2 сәуірге дейін созылады. Ал 3 сәуірде бұрымды футболшыларымыз Тбилисиге аттанады.

Атап өткеніміздей, 6-12 сәуір аралығында 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің бірінші сатысындағы ойындары өтеді. Қазақстан арулары «А» тобына түскен. Бұл төрттіктің ойындары Грузия астанасында өтеді. Қарсыластары – Эстония, Латвия және Грузия құрамалары. Ал «А» тобының ойындар күнтізбесі келесідей: 6 сәуір 16:00. Эстония – Латвия 18:00.  Қазақстан – Грузия   8 сәуір 16:00. Қазақстан – Латвия 18:00.  Грузия – Эстония   11 сәуір 18:00. Эстония – Қазақстан 18:00. Латвия – Грузия   Талғардағы оқу-жаттығу жиынына бапкерлер алқасы төмендегі қыз-келіншектерді шақырды: қақпашылар – Мәдина Шойкина («БИІК-Қазығұрт»), Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Александра Гребенюк («БИІК-Қазығұрт»); қорғаушылар – Ұлболсын Жолшиева («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Красюкова («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Мясникова («БИІК-Қазығұрт»), Мария Демидова («БИІК-Қазығұрт»); жартылай қорғаушылар – Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Мәдина Жаңатаева («БИІК-Қазығұрт»), Әйгерім Әйтімова («Астана»), Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»), Жәмилә Қайырбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әлімқұлова («Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Бабшук («БИІК-Қазығұрт»), Аида Гайстенова («Астана»), Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»), Ксения Хайрулина («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Николаенко («БИІК-Қазығұрт»); шабуылшы – Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»). Жаттықтырушылар: Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Владимир Ляпкин – аға жаттықтырушы, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Анна Кадуцкая – дене даярлығы жаттықтырушысы, Светлана Бейбутова – дәрігер.

Дереккөз: Астана футбол федерациясы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑