banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 20, 2014 | 684 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Афинада Қазақстан-грек ынтымақтастығының құқықтық кеңістіктегі перспективалары талқыланды

18 маусымда Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Сергей Нұртаевтың сол елдің Әділет министрлігінің Бас хатшысы Николас Канеллопулоспен кездесуі өтті, – деп хабарлайды ҚР СІМ министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар құқық саласында екіжақты өзара әрекеттесудің қазіргі жағдайы мен оның алдағы уақытта дамуын талқылап, мемлекеттер арасындағы шарт-құқықтық базаны кеңейтуге екі жақтың өзара дайындығын білдірді.
Грек тарапы Еуропа Кеңесінің конвенцияларына Қазақстанның қосылу мәселесінде өз қолдауын растап, реформалар мен қайта құру жолындағы Қазақстанның қарқынды және серпінді дамуын атап өтті.
Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы республикадағы қазіргі саяси және экономикалық жағдай, құқықтық жүйедегі реформалар, «Қазақстан-2050» стратегиясы шеңберінде ел дамуының басты бағыттары туралы сұхбаттасушыны ақпараттандырып, 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі қағидаларымен қысқаша таныстырды.
Келіссөзді қорытындылай келе, тараптар құқық саласындағы қазақстан-грек әрекеттестігін одан әрі нығайтуға келісті.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑