banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 29, 2014 | 598 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Афинада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы ұсынылды

 

Ү.ж. 26 мамырда Афинада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін, оның ішінде «Мәңгілік Ел» идеясы мен мемлекетіміз және қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу жолындағы міндеттерін түсіндіру мақсатында Елшілік Грекияда тұрып жатқан қазақтардың кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуге қатысқандар Қазақстан басшылығының сарабдал саясатын жоғары бағалады. Бұл тұрғыда әлемдік дағдарыс кезеңінде экономиканың 6-пайыздық өсімі, білім беру мен әлеуметтік салалардың даму қарқыны, бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда этносаралық және дінаралық төзімділікті икемді сақтай білу атап өтілді.

Кездесуді нәтижелеу барысында қонақтарға бүгінгі Қазақстан туралы видеофильм мен «G-global», «EXPO-2017» және «АТОМ project» бастамалары жөнінде ақпараты бар имиджтік өнімдер ұсынылды
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑