banner-top12

Ақпараттар ағымы ЕРКИН ЖОЛЖАКСЫНОВ И ДОЧЕРИ

Қосқан уақыты Қазан 8, 2018 | 264 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Актер Ерік Жолжақсыновтың қызы әйгілі американдық әртіспен дуэт болып ән шырқамақ

ХОРЛАН С ОТЦОМ СЕРГЕЙ БОДРОВ АЙМАН МУСАХОДЖАЕВА ХОРЛАН И ЕЕ МАМА СЕМЕЙНОЕ ФОТО СЕРИАЛ ЖАРЫКДЖОН МАЛКОВИЧ БИЛЛ ДУК, ИГРАЛ С ШВАРЦНЕГЕРОМ В ТЕРМИНАТОРЕ ДНИ КУЛЬТУРЫ КАЗАХСТАНА В ЛОС-АНЖЕЛЕСЕ

Әйгілі қазақ актеры Ерік Жолжақсыновтың (Көшпенділер, Жаужүрек мың бала, Қош бол, Медеу, Махамбет, Ағайынды, Тоқал, Талан, Дала дауысы)қызы Америка киноиндустриясын шындап, бағындыруға бел буды. 2015 жылдан бастап жас актриса Хорлан Жолжақсынова АҚШ-та жалғыз ғана мақсатпен тұрып жатыр – актриса мамандығын оқып шығу және әлемдік киноға түсу.

Тура сол жылы жас актриса Нью-Йорк кино академиясына оқуға (New York Film Academy – NYFA) түсті, сол жерде кәсіби актерлік шеберлігін ұштады. Хорлан кино актеры мамандығы бойынша әсем өнерлер магистрінің дәрежесін алды. Ол өз мақсатына жетті. Енді оған американдық киноарман – Голливудтың ең жоғарғы шыңдарын бағындыру ғана қалды.

Оның ең алғашқы қадамдары айтарлықтай жемістерін де бере бастады. Хорлан Лос – Анджелесте әйгілі американдық әнші және актер Крис Браунның бейнеклипіне де түсіп үлгерді.

Қазір жас актриса кәсіби түрде вокалмен айналысуда және әйгілі американдық әртіспен дуэт болып ән шырқамақшы. Бірақ бұл туралы жаңалықты 2019 жылғы қаңтардың басында Хорлан өзі толығырақ айтып береді. Бұл оқиға шынымен актриса өнерінің жанкүйерлері үшін тосын сый болмақ.

Айтпақшы, Хорлан өз уақытында домбыра сыныбы бойынша Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық мектепті аяқтағаны белгілі.

Айта кететін тағы бір жаңалық. Жақын арада, 2018 жылғы қыркүйекте қысқаметражды фильмдердің Канн кинофестивалі өткен еді (http://www.cannes-shorts.com/festival/). Біздің кейіпкер продюсерлеген «Мия» фильмі аталған кинофестиваль үшін он мың фильм арасынан іріктеліп, ол жерде 4 күн ішінде 60 ең күшті қысқа метражды фильмдер арасында көрсетілді. Айтпақшы, Хорлан аталған фильмде басты рольді сомдады және фильм сценарийіндегі тарих авторы да өзі болды.

Осының алдында жас бастауыш актрисаға үлкен сәттілік әкелген «Айша» мен «Жарық» телехикаяларында Хорлан басты рольдерді сомдап, Қазақстанда біршама атақты болғанын естеріңізге сала кетейік.

Хорлан сондай-ақ 2017 жылғы қарашада әлемдік пішіндегі жұлдыздардың қатысуымен өткен«Лос-анджелестегі Қазақстан мәдениеті және кино күнінің» жүргізушісі болды.

Салтанатты іс-шара ол кезде талантты қазақстандық музыканттар мен әншілердің шығуымен ерекшеленді, олардың арасында Димаш Кудайберген де болды. Америка жеріндегі қазақстандық мәдениет пен кино фестивалін өткізу АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ ҚР кинематографиялық өнер және ғылым академиясының арқасында мүмкін болды.

«Лос-анджелестегі Қазақстан мәдениеті және кино күні» іс-шара продюсерлері кештің жүргізушісі ретінде көптеген үміткерлер арасынан Хорланды таңдауларына оның Қазақстандағы екі сәтті жобадағы басты рольдері септігін тигізуі әбден мүмкін.

«Мақсаттылық, табанды еңбек және талант кез келген сәттілікке қол жеткізу үшін негізгі қасиеттер болып табылады. Кинода үлкен жетістіктерге жеткім келеді және біздің елді шетелге әйгілі етсем деген арманым бар», – деп жас актриса өз сезімін жасырмады.

Хорлан актерлер отбасынан шыққанынан қарамастан, мельпомендер музасына қызмет етуді бірден таңдаған жоқ болатын.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде қаржы мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, ол осы салада кішкене уақыт жұмыс істеді. Тек сосын ғана жас қыз өзінің күшін кинода көруге бел буады. Бірінші әрекеті сәтті болып шықты. «Айша» телехикаясына түсіп, Хорлан ол өзінің бірінші жемісін көрді, фильм отандық кионжобаның хиті болып шыға келді.

Уақытты бекер өткізбей, түсірілімдер арасында Хорлан өз оқуын жалғастыра берді. Бұл жолы қаржыгер білімін алды, бірақ Лондонда. Бірінші жобадағы сәттліктен кейін 2013 жылы Хорлан режиссер Ермек Шынарбаевтың «Дала дауысы» фильмінің басты роліне бекітілді. Бұл фильмде әйгілі француз актеры Жерар Депардье де түседі. Өкінішке орай, белгілі жағдайларға байланысты,Хорлан фильмнің түсірілімдеріне қатыса алмады. Дегенмен, оны әлемдік жұлдызбен теңестіріп, бекітті деген фактінің өзі оны одан да биік шыңдар мен армандарға жетелей түсті. Жас актриса Голливудты бағындыруға бет бұрды.

Хорлан аяқ асты режиссер Бахтияр Сейтказиевтің «Жарық» жаңа телехикаясында басты рольді сомдау жөнінде ұсынысын алды. Ол үшін Хорлан бірақ уақытқа өз Отанына оралуға мәжбүр болды. Кейінірек, «Жарык» телехикаясы еліміздің басты арнасы – «Қазақстаннан» көрсетілді. Бұл Хорлан үшін кезекті сәтті қуанышы еді. Ол өз Отанында одан да танымал бола шықты.

Жақын арада Хорлан көрермендерін өзінің жаңа жобаларымен қуантатынына толық сенім бар, оны әйгілі кинопродюсерлер байқап, сәтті Голливуд блокбастерлеріне түсуге шақырады деген зор сенім бар. Сол арқылы өз Отанында әлемдік деңгейдегі қазақтан шыққан тағы бір жарық жұлдыз – Хорлан кино ғажабы пайда болады деген сенім зор.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑