banner-top12

Жалған дүние 083A7853

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2015 | 766 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алаш жұрты тағы бір асыл ұлынан айырылды

10406801_10204340207568557_1354945420118126171_n

Алаш жұрты тағы бір асыл ұлынан айырылды. Қазақстанның Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанға танымал жазушы, журналист,«Түркістан» халықаралық газеті бас редакторының орынбасары Дидахмет Әшімханұлы 65 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
«Шалқар» газетінің ұжымы Дидахмет Әшімханұлының отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

083A7870 083A7851

Жазушы Дидахмет Әшімханұлымен қоштасу 24 мамыр күні  Қазақстан жазушылар одағында өтті.
Әшімханұлы Дидахмет 1952 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1978).
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы “Коммунизм туы” (1975–1976), “Лениншіл жас” (1978) газеттерінде тілші болып бастаған, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), 1981–1992 жж. «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдебиет, сын бөлімін жүргізді, 1992–1994 жж. халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған. 1994 жылдан еларалық «Түркістан» газеті редакторының орынбасары, 2003 жылдан «Алаш» баспасының директоры
«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондайақ А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑