banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-08-29_15-17-03

Қосқан уақыты Тамыз 30, 2019 | 132 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алатау ауданында қабылдау өтеді!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы 4 қыркүйек күні сағат 11.00 -де Алматы қаласы, Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Медиация – Келісім» атты азаматтарды қабылдау күнін өткізеді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер береді.
Қабылдауға келіп, толғандырған сұрақтарыңызға жауап алыңыздар!
Өтетін уақыты: 2019 жылғы 4 қыркүйек, сағат 11-00-де.
Өтетін орны: Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алатау аудандық фронт-офисі.
Мекенжайы: «Алғабас-1» шағын ауданы, 5-үй, 17-корпус
Анықтама үшін телефон: 9738533, 87009738533




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑