banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7626 (1)

Қосқан уақыты Қыркүйек 5, 2019 | 100 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алатау ауданында қоғамдық қабылдау өтті

IMG_7608   IMG_758620190904_12094720190904_112146
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алатау аудандық фронт-офисінде өткен қабылдауға 20-ға жуық адам жүгінді. Азаматтар көбінде тұрғын үй мәселесіне қатысты және әлеуметтік көмекке байланысты сұрақтармен жүгінуде.
Тұрғындар сұрағына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алатау аудандық фронт-офисінің басшысы Байдалинова Халима, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының басшысы Жаңыл Әпетова, Халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторлары Бабанов Куандық, Ахмет Гульвира, Турдахунова Рима, Жарлыханова Раушан жауап берді.
Кәсіби медиатор, Алатау аудандық медиаторлар бқлімінің басшысы Қуандық Бабанов кейбір даулы мәселелермен жүгінген азаматтарды өзінің жұмыс кеңсесіне шақырып, әрі қарай шешуге көмек көрсететін болды.
Келесі мұндай қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Медеу аудандық фронт-офисінде сағат 11-ден 13-ке дейін өтетін болады. Мекенжайы, Марков көшесі, 44.
Аудан тұрғындарын, толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін, қоғамдық қабылдауға шақырамыз!

Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑