banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6486

Қосқан уақыты Шілде 26, 2019 | 133 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Алатау» демалыс лагеріндегі кездесу

IMG_6436  IMG_6855  IMG_6430IMG_6435

«Алатау» демалыс лагеріне республиканың түкпір-түкпірінен жиналған балалар, Алматыдағы аға-апаларымен бірлесіп «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Лагерь демалушылары бұл күнді «Мен Рухани жаңғыруды қалай түсінемін» тақырыбындағы шығарма жазудан бастап, осы арқылы «Рухани жаңғыру» дегенді әр бала өз ой елегінен өткізіп, мән-маңызын түсінді. Әрі қарай  «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу кешінде, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф, жазушы Болат Бопайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі президиумының мүшесі Майра Сағымбекова, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Достық үйі Медиация кабинетінің жетекшісі Нұрсауле Әлтекова, «Орта Азия және Қазақстан отбасы институты» жекеменшік мекемесінің директоры Акбота Базарбаева және т.б. ҮЕҰ басшылары мен қоғам белсенділері оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті.

Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы лагерь демалушыларына «Біз сіздерге бала деп емес, дана деп қараймыз. Сондықтан, айтып жатқан әңгімелерімізден көп дүниені саналарыңызға сіңірерсіздер деп үміттенеміз» деп балаларды өз деңгейлерінде әңгімеге тартса, этнограф-зерттеуші, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы балалармен бірге ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды ойнап көрсетті. Қоғам қайраткері Майра Сағымбекова «Рухани жаңғырудың» мән-маңызындағы бүгінгі ұрпақ,  еліміздің ертеңі – балалардың рөліне тоқталды. Нұрсауле Әлтекова әңгімесін татулық, достық тақырыбында өрбітсе, Акбота Базарбаева, ақын Ләззат Игісін лекциясын отбасы тәрбиесімен ұштастырды. Ал, ақын Дәулетбек Байтұрсынның қазақ тарихымен байланыстыра оқыған лекциясы балалардың қызығушылығын арттырып, қойған сұрақтарымен шынында «дана» екендіктерін танытты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑