banner-top12

Ақпараттар ағымы биатлон

Қосқан уақыты Қаңтар 28, 2017 | 335 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Универсиадаға 16 елдің 100-ге тарта биатлоншысы қатысады

Универсиада – 2017 жүлделі орындарын 16 елдің 100-ге тарта биатлоншылары ортаға салады.

Қысқы Универсиададағы биатлон сайысы ең қызықты жарыстардың бірі болғалы тұр.Алғашқы медальдар 31 қаңтардан бастап сарапқа салынады.Жарыс басталардан бұрын студенттік ойындардағы биатлоншылардың бүгінге дейінгі табыстарына зер салайық.

Биатлон қысқы Универсиада бағдарламасына 1983 жылы Софияда өткен жарыстарда алынды.Сол кезден биатлон Ақ Универсиаданың жарыстарынан түскен жоқ.Бұл спорттың кейбір түрлері алынып отырғанымен кейінірек қайта қосылды.

Қысқы ойындарда ерлер арасындағыжеке жарыс пен спринттік сайыс бағдарламадан түскен емес.2007 жылдан бастап ерлер мен әйелдер эстафетасы алынып,орнына аралас эстафета енгізілді.

Алматыдағы Қысқы универсиадада ерлер биатлоны жарыстың 4 түрінен сайысқа түседі.Ол 20 км алыс қашықтықтағы,10 шақырымдық спринтерлік,12,5 шақырымдық із қуып жарысу мен 15 км масс-старт.Әйелдер арасындағы сайыста дәл осы дисциплинада өтеді.Бірақ қашықтықтары қысқа түрде. Аралас эстафетада әйелдер екі кезеңді 6 км жүгірсе,ерлердікі 7,5 км созылады.Биатлонда медальдардың 9 түрі сарапқа түседі.

Регламентке сәйкес жарысқа әрбір елден ерлер мен әйелдерден 8 спортшы қатысып.Оның алтауы жеке жарыс пен спринт сайысына түсе алады.Жалпы Универсиада – 2017 ге 16 елден 100 спортшы бағын сынайды.Биатлон жарысына ең көп қатысушылар Қазақстан,Ресей,Украйна құрамалыранан келіп отыр.Спорттың бұл түрінен ең аз қатысушы Қырғызстан мен Венгрия құрамалары.

Қазақстандық биатлоншылар Қысқы универсиадаларда 2015 жылға дейін жүлдеге ілікпеді.Тек соңғы Словакиядағы Универсиадада біздің атлеттер алтын мен күміске қол жеткізді.Жеке сайыста әйелдер арасында Алина Райкова бірінші болып мәреге жетсе ,ал аралас команда құрамындағы Галина Вишневская,Анна Кистанова,Василий Подкорытов пен Максим Браун дүнижүзілік додада екінші орынға табан тіреді.

Айта кететіні бүгінде дүйім жұртқа белгілі атақты спортшылар Дарья Домрачева,Евгений Гараничев,Томаш Сикора,Вита Семеренко,Франсиска Хилдебранд және т.б көптеген спортшылар қысқы Универсиаданың чемпионы болған.

Жарыстар «Алатау» шаңғы биатлон кешенінде өтеді.Жарыс кестесіне назар салыңыз.

31 қаңтар – 15 км әйелдер арасындағы жекелей жарыс пен ерлердің де осы сайыс түрінен 20 км жарысы

2 ақпан -7,5км әйелдер спринті,10 км ерлер спринті

3 ақпан- із қуып жарысу (әйелдер 10 км,ерлер – 12,5 км )

5 ақпан – аралас эстафета (2х6 және 2х7,5,км)

7 ақпан – масс-старт әйелдер мен ерлер (12,5 км және 15 км)

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑