banner-top12

Ислам тағылымы picture

Қосқан уақыты Желтоқсан 5, 2014 | 673 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алланың құдіретінде шек болмайды…

(тылсым-тымсал)

Баяғы пайғамбардың (с.ә.с) заманында,
Ел-жұрттың арамдықтан аманында.
Бір жүйіт пайғамбарға (с.ә.с), сауал қойды,
– Аллаһ не жасайды, адамына?

– Жаратқан әр нәрсені істей алар,
Жақсылық кез болады, адалына.
Құдайдың құдіретінен қорқу керек,
Көрсетед, кереметті жаманына,
– деп Мұрсал (с.ә.с.) жауап берді ол жүйітке.
Жігіт те сенді өзінің, қамалына,
– Құдайың не істейді осы маған,
Тиеді Мұхаммедтің (с.ә.с) шамалына.

Сонда Хақ пайғамбар (с.ә.с) дұға етті,
Ол жүйіт ойланбастан үйге кетті.
Ұмытты ол жайларды, әлгі жүйіт,
Арадан, он шақты күн бұрды бетті.

Сол жүйіт бір әйелді алған екен,
Мойнына ала бида, салған екен.
Әйелі үй шаруасын тындырады,
Төсегін күнде қағып, салған екен.

Күйеуі базар барып «саудалайм»,– деп,
Күп-сүп, – деп айтатыны жалған екен.
Мұны, мен сынайын,– деп әлгі әйел,
Базарға жасырынып, барған екен.

Базарды аралады тапты ерін,
Күйеуі ер болудан қалған екен.
Біреудің күндікшісі, кірін жуып,
Еркектің, әйел болу, арманы екен.

Сол жерде, әлігі әйел буды белді,
Үйіне күйеуінен бұрын келді,
Жолайы сиқыршыға дем салдырып,
Көрмекші, мұны алдаған, сынап ерді.

Келді де қамыр илеп, нан жасады,
Ұзамай арып-ашып, күйеу келді.
– Босамай қолым менің жатыр ет,– деп,
Күйеуінен су әкелші,– деп өтінеді.

Дұғаны ер соңынан шашты әйел,
Әйел бол,– деп өзінше, тілепті енді.
Суды алды, шелек толы, әлгі жігіт,
Бір шүміп алайын,– деп ойға келді.

Сүңгіген суға жігіт, қыз боп шықты,
Кез болды, бір бай жігіт, өте мықты.
Жалаңаш қызды көріп, әлгі жігіт,
Киімін ер адамның, шатқа тықты.

Ол қыздың, қос анары, қос кеседей,
Жігіттің артты ышқы, көп еселей.
Ақ жүзді, қарақат көз, сұлу қызды,
Кездесіп, жүргендейін күні кешедей.

Ұмытқан еркек мінез, бар қылықты,
Қыз боп тұр, өте әдемі, бір қылықты.
Жігітке сонда сұлу жалынады,
Артады киім бер,– деп бар үмітті.

Ер жігіт, қызға сонда, тіл қатады,
Сұлуды, тәтті сөзбен жұбатады.
– Егер де жақсы киім әкеп берсем,
Боларсың маған әйел?– деп ұнатады.

Келісті сол арада бұл екі жас,
Керемет сұлу болды, бір қолаң шаш.
Ақ дене, тал шыбықтай, өзі әдемі,
Жарасқан, ай маңдайға, қиылған қас.

Дүкенге бір адамды жібереді,
Бұл сырды екеуі де бүгер еді.
Қыз суда, жігіт сылқым жағада тұр,
Екеуі әзілдесіп, күлер еді.

Келеді кеткен жігіт киім алып,
Қарайды көрген адам аң-таң қалып.
Шелегі қалды сонда, кетті шығып,
Сол сәтте әлгі жігіт, үйіне барып.

Ол жігіт хабарлады, барлық ойын,
Ата-ана қуанышта етті тойын.
Жарасып махаббаты екеуінің,
Сүйісті бірін-бірі, жазбай қойын.

Арадан жыл өткенде ұлды болды,
Көңілі қуанғаннан жырға толды.
Ермек боп, ата-анаға балалары,
Мамалап, ашыққанда салад қолды.

Келер жыл бір қыз тапты, күлімдеген,
Еш нәрсе сияқты еді, бүлінбеген.
Бір күні суға келді, өзен жаққа,
Сол сәтте тұла бойы дірілдеген.

Немене, ыстық ұрып кетті ме, – деп,
Өзенге қолын жуды ептеп-ептеп.
Бір сүңгіп алғанымда нем кетер, – деп,
Киімі шешті әйел, су ап кетпек.

Сүңгіді ағын суға, әлгі жан,
Қалады өз-өзіне енді аң-таң.
Шығып тұр су бетіне, еркек болып,
Ақ емес, баяғыдай жылтыр сатан.

Шелек тұр, бәз-баяғы суға толған,
Жағада тербеледі қалың орман.
Киімі барлығы да жатыр түгел,
Орнында баяғы әкеп өзі қойған.

Шығады әлгі еркек, аң-таң болып,
Көңіліне жан шеше алмас, жұмбақ толып.
Нақ қазір суға келген сияқтанды,
Үш жылда қалмақ еді, киім тозып.

Үйіне келді жүйіт суын алып,
Әйелі нан жасауда сол бір қалып.
– Келдіңіз өте шапшаң, мехрибаным,
Бәйек боп, қарап қапты аң-таң қалып.

Нан менен тамақ берді, жаңа жапқан,
Нәпақа еңбекпенен өзі тапқан.
Санадан өткен үш жыл шығар емес,
Сезімі түскендей-ақ құрған қақпан.

Ол күні тіс жармады, еркек заңғар,
Бірақта, шайтан әйел, көп затты аңлар.
Сонда да шыдап бақты таң атқанша,
Бармақшы таңмен тұрып, Хақ пайғамбар (с.ә.с.)

Істеді ер кісінің барлық ісін,
Сарып етіп, ерге қажет біраз күшін.
Әйелі бұрынғыдай күлім қағад,
Риза боп, сынамайды еткен ісін.

Жүйіттің ақылы айран, болып отыр,
Жан-ішін ашытады, ісі қотыр.
Бір сәті ұмытылмайды балалары,
Ойнайтын осы сәтте, апыр-топыр.

Балдарым күтеді-ау,– деп мен анасын,
Еміреніп, ойша сүйді жас баласын.
Жөнелді Мұхаммедке (с.ә.с.), таңмен тұрып,
Мәселенің шешпек болып ақ-қарасын.

Оқыды таң намазын көппен бірге,
Пайғамбар (с.ә.с.) назар салды көңілі кірге.
– Ей, жігіт, пәс назарың неге мұндай,
Бір нәрсе болды ма, – деп, – сіздің үйде?

Сонда жүйіт барлық жайды баяндады,
Өзінше бәрін айтып аянбады.
Отырған намаздан соң сахабалар,
Сынады өздерінше аялдарды.

Ұл менен қызды туып, бір еркектен,
Оқиғасы кейін емес, бір ертектен.
Опасыз қатын да емес, еркек те емес,
Ұрмақ боп оқталады бір, келтекпен.

Сонда Хақ пайғамбар (с.ә.с.) тоқтау салды,
Жігіттің бір сауалын есіне алды.
– Құдайың не істейді, – деп, – сен мастандың,
Суға кеткен адамсың, қармап талды.

Аллаһтың құдіреті бар неше түрлі,
Не айтпағын, пайғамбардың (с.ә.с.) халқы білді.
Тымсал мен ислам дінін көркейтем, – деп,
Мұхаммед (с.ә.с.) безейт, – дейді қызыл тілді.

Аллаһтың не істесе өз еркі бар,
Етеді бір-ақ сәтте әлемді тар.
Көрерсің неше түрлі ғаламатты,
Әлемді бір қауызға ол сиғызар.

Сөзіне пайғамбардың (с.ә.с.) жұрт таңқалды,
Әр түрлі ғаламатты есіне алды.
Тірілткен Сәдуәқастың Әбділләсін,
Басқа емес, осы біздің әділ мұрсал.

Күресіп Дариқа мен Шері Құда,
Болғанды жыға алмай, ақылы жұда.
Он жеті күн дегенде әрең жықты,
Пайғамбар (с.ә.с.) көмегімен Хақ Мұртаза.

Сонда Оспан ғалым сұрақ қойды,
Білуге ынтық болып, бөліп ойды.
Екі еркектен туған екеу кім болады?
Тынышымды осы сұрақ алып қойды.

Сонда Хақ пайғамбар (с.ә.с.) жауап берді,
Көзіне елестетіп,нағыз ерді.
Бір сәтте бүлдірер еді, жыртқыш залым,
Еңбек пен жиған малды, төгіп терді.

Аң болар шибөрі ормандағы,
Алып жер тауық, қозы орамдағы.
Ол өзі, батыл сондай сұм болады,
Талтүсте алар малды қораңдағы.

Аш болса, адамды да алар болар,
Жүргенді жеке-дара тонар болар.
Екі ерден дөретілген азғын неме,
Ақырда көп сойқанды, салар болар.

Қорегі кіл өлексе, сасып кеткен,
Ұл мен қыз әкесінен, қашып кеткен.
Құдайдың құдіретімен бөрі болып,
Ауылды айналуды, кәсіп еткен.

Талайын қақпан құрып, мен де алдым,
Қауынын жеуші еді, Қожа шалдың.
Бірде әкем Қыдыр айтып берді,
Азғанын адамзаттан сар шағылдың.

Осындай тымсалменен Ислам діні,
Ешқандай кемшілігі, жоқ дүр міні.
Күндей боп, күллі әлемге нұрын шашып,
Нұр жайнап, ашылғандай дала гүлі.

Күн санап ел ішінде жетіледі,
Ол дінді ұстағандар несібелі.
Істері Хақ пайғамбар (с.ә.с.) үлгі болып,
Көңіліңде бар кіріңді кетіреді.

Алланың құдіретінде шек болмайды,
Мұсылман пендесінде кек болмайды.
«Райдан бұрын қайтқан, нақ мұсылман»,
Софы алдияр пірім менің,– деп толғайды.

«Адамның еткен ісі, Аллаға аян»
Осылай жырға қосқан Омар Һаям.
Барлығын жалғыз өзі бағып отыр,
Жаратып жарты күнде, миллиондап жан.
(Теңдессіз Раббымдай бар ма бір хан?!)

* * *

Мен жаздым жарты күнде екі тымсал,
Оқушым бір азырақ зердеңді сал.
Әндетіп мен отырып жазып біттім,
Боларсың оқысаңыз жегендей бал.

Періште ой-санамды тербетеді,
Осымен аяқталды, осы тымсал.
Мақсатым өз дініме көмектесу,
Атақ-даңқ іздемеймін болып, дел-сал.
Қадыр Есқұлы, (Алматы шаһары)

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑