banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-08-29_15-50-18

Қосқан уақыты Қыркүйек 6, 2019 | 91 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алмалы ауданында қоғамдық қабылдау өтеді

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы 10 қыркүйек күні сағат 11.00 -де Алматы қаласы, Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Келісім» атты азаматтарды  қабылдау күнін өткізеді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,  Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер береді.

Қабылдауға келіп, толғандырған сұрақтарыңызға жауап алыңыздар!

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 10 қыркүйек, сағат 11-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алмалы аудандық фронт-офисі.

Мекенжайы: Сүйінбай даңғылы, 26. 4-корпус. «Мерей» кешені

 

Анықтама үшін телефон: 9738533, 87009738533




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑