banner-top12

Ақпараттар ағымы IDI_4833

Қосқан уақыты Маусым 29, 2016 | 490 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы әкімдігі мен «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ Универсиада аясында   ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімдігі мен «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада ойындарына дайындық пен өткізу жұмыстарына байланысты меморандум жасасты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ-ның директоры Дархан Қалетаев қол қойды.

Алматыдағы қысқы Универсиадаға 7 айдай уақыт қалды. Жарысқа 50 елден 2000-ға жуық спортшы келеді деп күтілуде. Ұйымдастыру комитеті жарысқа дайындықты қарқынды жүргізіп жатыр. Универсиаданы сәтті ұйымдастыру үшін Алматының барлық қалалық қызметтері жұмылдырылады. Дегенмен, көлемді спорттық шаралар Олимпиада, Универсиаданы өткізу  демеушілер көмегінсіз мүмкін емес.

Қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров хабарлағандай, Универсиаданың маркетингтік мүмкіндіктері «Самрұқ-Қазына» брендін 12 күн бойына 1 млрд телекөрерменге паш ете алады. Бұған дейінгі Қазақстанда өткен ешбір шара осынша көрермен ауқымын қамтымаған.

Ынтымақтастық туралы меморандум, Универсиаданы Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінде ақпараттық насихатталуына ықпал етіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобымен демеушілік және өзге де қаржылық қолдау көрсету арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑