banner-top12

Ақпараттар ағымы las-vegas

Қосқан уақыты Қараша 10, 2017 | 301 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Алматы аруы» Лас-Вегаста өтетін “Әлем аруы 2017” байқауына қатысады

4 Камила в детстве камила Асилова

Қазақстанның атынан “Әлем аруы 2017” байқауына өткен жылғы «Алматы аруы» байқауының жеңімпазы 19 жастағы Камила Асилова қатысады. Финал 2017 жылы 26 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Камила Асилова Республикалық Эстрада-цирк колледжінің хореограф мамандығын тәмамдаған. Өзінің би студиясын ашуды армандап жүр.“Еліміздің атынан осындай ауқымды байқауға қатысу бақытының бұйырғанына өте қуаныштымын. Бұл менің арманым болатын. Ата-анама хабарлаған кезде олар да қуанып, мені мақтан тұтатындарын айтты. Анам кішкентай кезімде «арман-тілектер картасын» салғанымды, сол жердегі арманымның бірі сұлулық байқауымен байланысты болғанын айтып, есіме түсірді. Армандар орындалады”, – деп бөлісті ойымен Камила.

Қазір бойжеткен сапарға дайындалып жатыр. Оған “Қазақстан аруы 2007” Альфина Насырова көмектесіп жүр. Айтпақшы, Альфинаның халықаралық байқауларға қатысуда қомақты тәжірибесі бар. Ол «Әлем аруы 2008» байқауының ТОП-15 енді.

“Альфина маған жақсы көмектесіп жатыр, кеңестер береді, өзімді қалай ұстауым керектігін үйретеді. Күнде сабақ аламын, киім өлшейміз, ұсақ-түйектерге дейін таңдаймыз. Мен оған өте ризамын!”, – деді Камила.

Биылғы «Алматы аруы» Сабина Азимбаева 2018 жылы 18 жасқа толғанда «Әлем аруы» байқауына барады. Бастапқыда «Әлем аруы» 2018 жылдың қаңтарында Филиппинда өткізіледі деп жоспарланған. Соңғы сәтте 2017 жылы 26 қарашада Лас-Вегаста өткізіледі деген шешім қабылданды. Жас шамасына қойылған талаптарға байланысты арулардың орындары ауыстырылды.

«Әлем аруы» (MissUniverse) – жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауы, бұл әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Титул иегерімен жылдық келісімшарт жасалады, ол ару қайырымдылық және жарнамалық мақсатта бүкіл әлемді аралап шығады. «Әлем аруы 2016» титулының иегері – Франциялық Ирис Миттенер.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑