banner-top12

Оралмандар Без названия

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 362 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы қаласында 2017 жыл – Жастар жылы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

Аматы қаласы әкімінің жариялауымен Алматы қаласында  2017 жыл – Жастар жылы болып бекітілді. Жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында Алматы қаласында үлкен талдамалық жұмыстар жүргізіліп, қорытындысы ретінде «Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы әзірленді.

Қазіргі таңда, жастар ортасында «Жол картасы» туралы кең талқылаулары өткізілді. Түрлі жастар топтарынан 3000-нан астам адамдарды тікелей қамтуымен 34 кездесулер өткізілді. Алматы қаласының әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы мен Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің тыңдауы өткізіліп, барлық ескертулер мен ұсыныстар назарға қабылданды. Нәтижесінде, «Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы» Алматы қалалық Мәслихатта да оң бағасы берілді.

Статистикалық және социологиялық деректердің үлкен көлеміне талдау жүргізіліп, қазіргі жағдай аса мұқият зерттелді. Осының негізінде «Жол картасындағы» жұмыстың төмендегі бағыттары мен проблемалық мәселелері анықталды:

  • сапалы білім;
  • жастарды жұмыспен қамту;
  • жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және қолдау көрсету;
  • мәдени және салауатты демалыс;
  • белсенді жастар қаласы.

Жол картасы жастарға арналған 3000-нан астам іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді (375 – идеологиялық және тәрбиелік, 800 – мәдени-көпшілік, 500 – діни профилактика, 250 – кәсіптік бағдар, 100 – жастар кәсіпкерлігін дамыту, 100 – тіл саясаты сипаттында болып табылады. Жастардың жалпы қамтуы 300 мың адам құрайды.) Сондай-ақ, жастарды толғандыратын маңызды проблемалар бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуы қарастырылып, бұл жобалардың жүзеге асыру механизмі нақты түрде әзірленді.

Жол Картасы аясында жастар ұйымдарының жедел жұмыс атқаруына және қала құрылымдарымен өзара әрекеттестік құруға бұрыңғы трамвай депосының алаңында ЛОФТ орталығы ашылды.

ЛОФТ орталығы жастар мен жастар ұйымдарына кешенді қызмет көрсететін және шоғырландыру ролін атқарып, көптеген іс-шараларға алаң болады. Жастар бос уақытын пайдалы сұхбатпен, білім беру курстар және іс-шаралар, даму семинарлар мен тренингтерді бір жерде өткізе алады.

Қосымша ЛОФТ негізінде және қала бойынша Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, жатақханалар қадағалау орталығы, қалалық маңсап орталығы, 22 коворкинг орталықтары, 42 пікірталас орталығы;40 демалыс орталықтары, 4 сырттан келген жастармен жұмыс орталығы (біріншісі 25 сәуір ашылды); 60 студенттік клубтар мен ұйымдар, волонтерлық корпустар жұмыс істейтін болады.

Ағымдағы жылда жастар практикасы бойынша 700 адамнан                     2000-ға дейін квота саны көбейтілді.

Жүргізілген іс-шаралар мен ақпараттың жұмыстардың негізінде төмендегі мақсаттар күтілуде:

– тұрақты жұмыс орындарында орналасқан жастардың саны 5 мыңнан 8 мыңға дейін жыл сайын өсуі;

– 30%-дан 50%-ға дейін жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі өседі;

– қайта даярлау шеңберінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 50%-ға дейін өседі;

– 70%;-ға дейін жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі өседі;

– жастар жұмыссыздығы жалпы деңгейі 4%-ға түседі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жастарды баспанамен қамтамасыз ету. Жастарға несие жылына 5% жеңілдікпен берілетін болады.  Механизмнің артықшылығы – қайтарылатын қаржы, бастапқы жарнаның, кепілдіктің болмауы, төмен пайыздық мөлшерлемелер, 1 кв.метрге төмен баға, үміткерлерді іріктеу үшін жеңілдетілген критерийлері, 6 ай жұмыс өтілі, Алматы қаласында кем дегенде 6 ай тіркелуде болу, сонымен қатар эконом-класстағы құрылысы бітіп қалған нысандардың болуы жобаны тез арада іске асыруға мүмкіндік береді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑