banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1580

Қосқан уақыты Қазан 1, 2019 | 98 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы қаласында бес мыңға жуық адам базалық зейнетақы рәсімдеген


Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 52 мың азаматқа рәсімделген. Жалпы елімізде зейнетақы төлемдерін 2,2 млн адам алады.
Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір –
Атырау облысы, мұнда не бары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.
            «Зейнеткерлік – қарттықты әдемі қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткізуге мүмкіндік беретін шақ. Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады»,дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.
Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑