banner-top12

Ақпараттар ағымы 20190620_143438

Қосқан уақыты Маусым 20, 2019 | 244 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы қаласында  «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы басталды

photo_2019-06-20_17-55-29 photo_2019-06-20_17-53-35 (2) photo_2019-06-20_17-50-19 photo_2019-06-20_17-51-08 photo_2019-06-20_17-51-43 photo_2019-06-20_17-50-34 20190620_143409 IMG_5297 IMG_5350 IMG_5397 20190620_143438 IMG_5321

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалымен  “Жанашыр” халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп «Цифрлан! Трендте бол!» акциясын бастады.  Акция аясында филиал директоры Данияр Қырықбаев қала ЖОО-ның 50 көшбасшы студентін жаңа цифрлық технологиялар мен egov.kz электронды портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға үйретті.

Акция мақсаты – көшбасшы жастар арқылы барлық жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалы директоры Данияр Қырықбаевтың айтуынша, онлайн болу-заман талабы. “Бүгінгі акция барысында мен әр ЖОО-ның елу көшбасшы студентін онлайн қызмет алуға үйреттім. Содан кейін олар өзінің 50 қатарласын оқытады. Қараша айында біз «Цифрлан! Трендте бол!» акциясын қорытындылап, осы студенттердің әрқайсысының командасында қанша оқытылған адам бар екенін білеміз. Көп адам оқытылған команда, сол жеңімпаз аталынады», – дейді филиал директоры Данияр Батанұлы.

Электрондық қызметтерді арттыра отырып, Мемлекеттік корпорация азаматтарды онлайн Мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету және жалпы сандық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізуде. Бүгінде қаладағы фронт-офистерде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды оқытатын цифрлық кластар ашылған. Бұған қоса смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрететін секторлар да жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жоғары оқу орындарына, сауда-ойын-сауық орталықтарына және басқа да ұйымдарға шыға отырып, азаматтарды тұрақты түрде оқыту жүргізеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрі қолжетімді. Бұл мекенжай анықтамаларын, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және т. б. анықтамаларды алуға болады.

Мобильді mGov.kz қосымша арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. сала бойынша тоқсан мемлекеттік қызмет қолжетімді. Статистикаға сәйкес, 2018 жылы қосымша mGov.kz 1,3 млн. рет жүктелді,оның көмегімен 3,6 млн. қызмет алынды.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері жыл басынан бері egov.kz порталды пайдалану дағдыларына  50 мыңға жуық қала тұрғындарын үйреткен.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде «Рухани жаңғыру» тақырыбын ілгерілету жобасы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры халықты цифрлық сауатты ету жұмыстарын Азаматтарға арналған үкіметпен бірлесе мұндай шараларды алдағы уақытта да бірлесе өткізетін болады», – дейді ҮЕҰ басшысы Жаңыл Әпетова.

Анықтама: Бүгінгі күні 742 мемлекеттік қызметінің 532-і, яғни 71% – ы электрондық форматта қолжетімді. Жыл сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызметтер саны ұлғаятыны анық. 2020 жылға қарай электрондық тәсілмен ұсынылатын қызметтердің үлесі 90% – ды құрауы тиіс.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑