banner-top12

Ақпараттар ағымы Изображение 424

Қосқан уақыты Тамыз 16, 2016 | 452 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы қаласындағы мемлекеттік органдар өкілдері Медеу ауданының оралмандарымен кездеседі

Алматыда 2016 жылғы 17 тамыз күні «Оралмандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» атты қорытынды дөңгелек үстел өтеді. Бұл жолы Алматы қаласындағы мемлекеттік органдар өкілдері Медеу ауданының оралмандарымен кездеседі.
Жиынға Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының өкілдері; Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясының өкілдері; ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің өкілдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдері, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері; Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының өкілдері; Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Әкімдігі АХАТ бөлімінің өкілдері; Алматы қаласы Әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері; Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Жиын мақсаты – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайынға жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу. Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, оралмандарды қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен толыққанды ақпараттар тарату.

Өткізілетін орны: Медеу ауданы Әкімдігінің мәжіліс залы. 1-қабат.
(Мекенжайы: Пушкин көшесі, 72, Қабанбай батыр көшесімен қиылысы).
Өткізілетін уақыты: 2016 жылғы 17 тамыз, сағат 15:00-16:30
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы ІСБ қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоры, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Хабарласу телефондары – 9738533, 3036806, 2620426, 8-7073240176, 87009738533

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑