banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1320

Қосқан уақыты Қараша 20, 2015 | 540 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы қаласының тұрғындары үшін қызмет алу бұрынғысынан да жеңіл, әрі тез болды

25 қыркүйектен бастап Алматы қаласының тұрғындары үшін қызмет алу бұрынғысынан да жеңіл, әрі тез болды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған СИМ-карталарды сату бойынша пилоттық жоба бастау алды.

Әдетте біз ЭСҚ кілтті тек компьютерлер мен жеке куәлікке орнатылған түрінде ғана көріп жүрміз. Енді қолданушының ЭСҚ кілті оның сим-картасына байлаулы болады. Ең басты артықшылығы оның қолдануға ыңайлылығы мен мобильділігі болып табылады. Жіберген сұрауды растау үшін қолданушыға тек қана мәтіндік хабарлама жіберетін ұялы телефонның болуы жеткілікті. Мобильдік ЭСҚ электрондық қызмет түрін ұялы телефонның кез келген моделінен алуға мүмкіндік береді.

ХҚКО-ларда бұл пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшін іске қосылды. Кез келген азамат ХҚКО-ға келіп, осы жерде сим-картаны сатып алып, оған электрондық цифрлық қолтаңбаны жаздыра алады және мамандардан оны қалай дұрыс пайдалану туралы кеңес ала алады.

Бүгінгі таңда ЭСҚ жазуға арналған сим-карталарды әзірге тек бір ғана ұялы оператор – «Алтел» АҚ ғана ұсынады.

Егер азамат ЭСҚ жаздыратын сим-картаны алғаш рет алып тұрған болса, оның бағасы 200 теңгені құрайды, мұнда көрсетілген сома абоненттің балансына түседі. Ал егер азаматта «Алтел» ұялы операторының сим-картасы бар болса, онда ол өз сим-картасын ХҚКО-да ЭСҚ жазуға мүмкіндігі бар сим-картаға ауыстыра алады. Бұл жағдайда сим-картаның бағасы 100 теңгені құрайды және клиенттің балансынан азайтылады.

Бір сим-картаға жарамдылық мерзімі 1 жылды құрайтын 5 электроды кілт жазып алуға болады. Анықтамаларды сим-картадағы ЭСҚ кілттің көмегімен екі түрлі тәсілмен алуға болады:

  1. egov.kz мобильдік қосымшасы көмегімен. egov.kzмобильдік қосымшасында 17 электрондық қызмет түрін «мобильдік қолтаңба» арқылы алуға болады:

–          Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру;

–          Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру;

–          Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнаулы есепке алу ко-митеті және оның аумақтық бас-қармалары шегінде мұрағат анық-тамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмесін беру;

–          Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру;

–          «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет алу;

–          Некеге тұру туралы анықтама беру;

–          Туу туралы анықтама алу;

–          Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру;

–          Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтамалар беру;

–          Мекенжай анықтамасын алу;

–          Жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;

–          Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;

–          Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру;

–          Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;

–          Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу;

–         Электрондық өтініштер.

  1. 414 смс-арнасының көмегімен 5 қызмет түрі қолжетімді болады:

–          тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру;

–          мекенжай анықтамасын алу;

–          зейнетақы төлемдері туралы анықтама алу;

–          соттылықтың болуы (болмауы) туралы анықтама алу

–          жылжымайтын мүліктің бары (жоғы) туралы.

Болашақта сим-карталардағы мобильдік ЭСҚ көмегімен пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіпті интернетсіз және тиісті мобильдік қосымшаларсыз батырмалы телефон арқылы да қызметтер ала алатын болады.

Телефон немесе сим-картаны жоғалтқан кезде, абонент 888 телефоны бойынша «Алтел» call-орталығына жүгінсе оператор сим-картаны бұғаттайды, ал онымен бірге сим-картадағы ЭСҚ жойылады. Сим-картаны қалпына келтіру жәй сим-карта сияқты, әдеттегідей «Алтел» ұялы операторының Сату және қызмет көрсету орталығына бару арқылы және одан кейін жаңа ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО арқылы жүзеге асады.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске асқан 25 кыркүйектен бастап, бүгінге дейін 100-ден аса СИМ карталар сатылған. ЭЦП жазуға арналған сим-карталарды Алматы қаласы Әуезов, Бостандық, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандаық ХҚКО-ларынан сатып алуға болады. Сим-картаның бағасы 200 теңгені құрайды.

 

IMG_1324




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑