banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-01-22_15-25-54

Қосқан уақыты Қаңтар 23, 2020 | 111 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы тұрғындары мен меценаттар Азаматтарға арналған үкіметтің бастамаларын қолдауда

photo_2020-01-22_15-30-03 photo_2020-01-22_15-29-58 photo_2020-01-22_15-29-54 photo_2020-01-22_15-29-13  photo_2020-01-22_15-25-51 photo_2020-01-22_15-25-49 photo_2020-01-22_13-29-08 photo_2020-01-22_13-29-05 photo_2020-01-22_13-29-03 photo_2020-01-22_13-29-02 photo_2020-01-22_13-29-01 photo_2020-01-22_13-29-01 (2) photo_2020-01-22_13-28-58 photo_2020-01-22_13-28-57 photo_2020-01-22_13-28-56 photo_2020-01-22_13-28-55

2019 жыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы үшін жемісті болды деп айтуға болады.

Филиалы тағы бірнеше фронт-офистермен толықты. Бірі – Алмалы ауданында көпшіліктің сұрауы бойынша ашылған, өз-өзіне қызмет көрсету секторы трансформацияланған фронт-офис. Ерекшелігі – компьютерлер үстелде эллипс түрінде орналастырылған, ал консультанттар оның ішінде жұмыс істейді, оны шартты түрде “қанатты Connection Point” деп атадық. Бұл схема оларға компьютерден компьютерге кедергісіз қозғалуға және адамдардың ең көп санына көмектесуге мүмкіндік береді. Мұндай қағидат бойынша қызмет көрсету секторын трансформациялау барлық ХҚКО-ларда жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алматыда тағы да 2 Мамандандырылған ХҚО іске қосылды.  Жетісу ауданында орналасқан №6 МХҚО-ны автокөлік илеріне меценат, даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров сыйға тартты. 2019 жылғы 10 қыркүйекте іске қосылған орталық, жыл соңына дейін 8349 өтінім қабылдап, 7084 көлік құралын тіркеп, 663 жүргізуші куәлігін берді.

Электрондық үкімет порталы арқылы 344 өтінім ресімделді.

«Халық игілігі үшін көрсетіп отырған қызметімізді қолдаушылар көп болып жатқаны қуантады. Даңқты спортшы Жақсылық Әмірәліұлының осындай игі ісі көпке үлгі. Жомарт жүректі ағамыз, енді мұнда автодром салуда…

Цифрлық қызметтерді насихаттау жұмысымызды да қала тұрғындары қолдауда.Үлкен компаниялар, ұйымдар мен мекемелер, ЖОО, колледждер басшылары бізден цифрлық қызметтерді өздері бастап үйреніп, әрі қарай үйретуді жалғастыруда» – дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.

Қазақстанның даму стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатын “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы – цифрлық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Себебі, еліміздің  цифрлану деңгейі қанша мобильдік қосымшалардың бар-жоғына немесе қанша қызмет электрондық форматқа көшірілгеніне ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтардың қаншалықты цифрлық сауатты болғанына да байланысты.Сондықтан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы өз қызметін тұрғындардың цифрлық дағдыларын арттыру жұмыстарымен байланыстырып жүргізуде.

   Өткен жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден бастау алған «Цифрлан, трендте бол!» акциясы арқылы, Алматы қаласының мекемелері мен ұйымдарында,сауда орталықтарында, ЖОО-лар мен колледждерде, мектептерде акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, электрондық қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Филиалдың цифрландыру бағытындағы  бастамасын ЖОО басшылары,студент жастар, танымал тұлғалар қолдады.

Нәтижесінде, Алматы қаласында 2019 жылдың 12 айында  1,5 миллионнан аса адамды қамтыған  800-ге жуық шаралар ұйымдастырылды.

2019 жылдың 12  айы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 27,3 млн  қызмет көрсетсе, оның 3 992 218-і Алматы қаласы филиалы арқылы көрсетілді. Оның 1 281 597-і электрондық форматта болды.

“Connectionpoint” өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 2 999 808 қызмет алынып, 2 851 437 консультация берілді. Осылайша, өткен жылмен (1588502қызмет) салыстырғанда өз бетінше қызмет алатындар саны 88,9% – ға артты.

  ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram және Mgov қосымшаларын орнатуға көмектеседі, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді. Қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтің 25 түрі, mGov.kz мобильді қосымшасы арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. салаларында 90-ға жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Алматы қаласының Мамандандырылған ХҚО бөлімдері 799 819 мемлекеттік қызмет, оның ішінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу -665 262, жүргізуші куәліктерін беру бойынша -106 060 қызмет көрсетілген.

Автокөлік иелері үшін жасалған қолайлылық – «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистердің іске қосылуы болды. Дегенмен, халық үйреніп қалған әдетінше мамандандырылған ХҚО-ға барғанды жөн санайды. Алматыда алғашқы мамандандырылған ХҚО ашылғалы бері автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан. Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түсті. Сол себепті, Алматыда тағы да Мамандандырылған ХҚО-лар ашу қажеттігі туындап, бүгінде қалада 6 МХҚО жұмыс істейді. Оның екеуі  2019 жылы ашылды. Соңғысын меценат Жақсылық Үшкемпіровтің көмегімен ашылып, алматы мен облыстың тұрғындарына қызмет көрсетуде. Бүгінде автодром салуда.

Алматыда бір жарым жыл бұрын ашылған Миграциялық ХҚО бөлімінің жұмыс тәжірибсін ТМД елдерінен келіп үйренушілер көп. Бөлім өткен жылы 173 583 қызмет көрсетті. Оның ішінде шетелдіктердің 113 021 уақытша тіркелуі, 60 562 еңбек шарты бойынша тіркелуі.

   Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу бағыты бойынша 250 052, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша – 486 469, жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу желісі бойынша- 38 799, жер кадастры желісі бойынша -22 286 қызмет көрсетілгенін атап өткеніміз жөн.

Қазіргі уақытта тізілімде бар 723 мемлекеттік қызметтің 580-і электрондық форматта қол жетімді. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы 648 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Жалпы Алматы қаласындағы Мамандандырылған ХҚО-лар өткен жылы 799 819 мемлекеттік қызмет (КҚТ -665 262, ЖК -106 060) көрсетті.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑