banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20200221-WA0045

Қосқан уақыты Ақпан 22, 2020 | 92 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы тұрғындарын цифрлық қызмет алуға үйретуде

«Азаматтарға арналған үкімет»  МК» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындарына, ЖОО студенттеріне цифрлық қызметтер алуды үйретуде.

Электрондық цифрлық қолтаңбасыз бірреттік құпия сөз және Телеграмм-бот арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдары көрсетіліп, eGovmobile телефон қосымшасы арқылы аңықтамалар алу бойынша оқулар жүргізілуде.

Мұндай оқулар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Абай атындағы ҚазПУ-де, Авиация академиясында, Қонаев атындағы заң академиясында және т.б. оқу орындарында болып, жастарға онлайн түрде, үйден шықпай-ақ оңай әрі жылдам электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын және электрондық аңықтамаларды алуды үйретті.

«Азаматтарға арналған үкімет»  МК» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы мамандары жыл басынан бері 20 дан аса мекемелер мен оқу орындарында болып, 5 мыңға жуық азаматтарды оқытты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑