banner-top12

Ақпараттар ағымы _M2A7051

Қосқан уақыты Маусым 22, 2016 | 492 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы Универсиадаға қатысатын 64 елді қабылдай алады, бірақ 50 елдің келетіні күтілуде – Н.Нуров

Бүгін 2017 жылы өтетін Универсиадаға дайындық және өткізу дирекциясының  басшысы Наиль Нуров БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Алматы қаласы 64 елдің спортшылары мен делегаттарын еркін қабылдай алатынын айта отырып, іс жүзінде 50 елдің спортшылары Алматыға келуі мүмкін екенін жасырмады.

«Біз Алматыны Универсиада кезінде 64 елді қабылдай алады деп айта аламыз. Бұл максималды көрсеткіш. Бүгінгі біздің Атлеттер қалашығы, спорттық нысандар, транспорт,  логистикалық мүмкіндіктеріміз 64 елдің 5000-ға жуық спортшысын қабылдауға мүмкіндігі жетеді», – деді Наиль Нуров.

Кездесу барысында Наиль Нуров осыған дейінгі рекордтық көрсеткіш Эрзурум қаласында тіркелгенін айтып өтті. Эрзурумде 52 ел Универсиадаға қатысқан болатын.

«Ойындар Еуропада өткен кезде логистиканы жеңілдететіні анық. ЕуропадаУниверсиадағақатыспайтын ел жоқ. БізЭрзурумніңрекордынбұзуғаталпындық. Бірақбүгінгікүніәлемдеэкономикалыққиынжағдайлардыңорыналуыарманымыздыыңорындалуынакедергіболды. Бізге 64 елденемес, 50 елдіңспортшыларыкелуі мүмкін депжобалапотырмыз. Бірақтіркелужұмыстарыәліаяқталмады. Жылсоңынадейінбіздеәліуақыт бар», – депхабарлады2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясыныңбасшысы.

Сонымен қатарНаиль Нуров, Ұлттық студенттер спорты федерацияларының Универсиадаға қатысуын қамтамасыз ету Халықаралық студенттер спорты одағының (FISU)қарауында екенін де айтып өтті.  «Біз осы сұрақ бойынша FISU көмегіне және Қазақстан ұлттық спорттық студенттер одағының көмегіне жүгінеміз», – деп сөзін аяқтады Наиль Нуров.

Белгілі болғандай, FISU регламенті бойынша қатысуға мүмкіндік беретін аккредитацияға өтініш жіберу 2016 жылдың 29-қаңтарынан 2017 жылдың 29-қаңтарына дейін жалғасады.

Айта кетейік, Универсиадаға аккреитацияланудың бірінші кезеңінде 64 ел қатысуға өтініш білдірген болатын. Екіншікезеңдеқатысушы ел команда тізімі мен спорт түрлеріжәнеспортшылар мен ресмиадамдардыңнақтысаныннақтылауытиіс.

Інжу Сағидолла,

спорт шолушысы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑