banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20150319-WA0013

Қосқан уақыты Наурыз 19, 2015 | 804 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматы ХҚКО-ларында клиенттермен “Наурыз” акциясы басталып кетті

IMG-20150319-WA0016 IMG-20150319-WA0011  IMG-20150319-WA0002IMG-20150319-WA0017

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы ХҚКО-ларында  мерекелік шаралар басталып кетті.
19-20 наурыз күндері Алматы қаласы ХҚКО-ларына алдын-ала онлайн кезек броньдау арқылы келгендер және осы күндері «21», «22», «23» нөмірлі қызмет алушылар ХҚКО-ның брендтелген сыйлықтарына ие болуда.
Жеңімпаз бөлімдерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
Бүгін Медеу ауданына қызмет алуға келген Әлихан Қанатұлы Турапеков Наурыз мерекесі тойланатын «021», Серікхан Мейірманов «023» нөмірімен қызмет алып қана қоймай, ХҚКО тарапынан сыйлықтар алды. Мереке құрметіне көрсетілген осындай құрметке риза болған Серікхан орталық ұжымына өз тілегін жазып қалдырса, Әлихан ертіп келген кішкентай ұлыма үлкен сыйлық болды деп қуанып, алғыстарын білдірді.
Тосынсыйлар мұнымен бітпейді. Мереке ертең де жалғасады. Ал, ертең, 20 наурыз күні барлық ХҚКО-ларда келушілерге наурыз көже, бауырсақтар таратылып, мерекелік дастарханнан дәм татулар болады. Келушілер арасында Наурыз мерекесі туралы викториналар, мақал-мәтел, бата беру жарыстары және т.б. конкурстар ұйымдастырылады. Барлық қызметкерлер ұлттық киімде қызмет көрсетеді. Бөлімдер ұлттық салт дәстүрге сай безендіріліп, дастарханға ұлттық тағамдар қойылады. ХҚКО қызметкерлері тұсау кесер, бесікке салу, сүйінші, аластау, тұлым өру, беташар, қазақ ою-өрнегін ою, бата беру және т.б. көріністер көрсетіп ән, би, күйден шашу шашады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑